Главная » Статьи » Школьный психолог

"Менің сыныбым" атты психологиялық сабағы
«Менің сыныбым» атты психологиялық сабағы
Мақсаты: сыныпты біріктіру, оң психологиялық жағдайды қалыптастыру
Жоспары:
1. «Менің көңіл-күйім» жаттығуы
2. «Орын ауыстыру» жаттығуы
3. «Менің тікенектерім мен магниттерім» жаттығуы
4. Қасиеттер жәрмеңкесі
5. Рефлексия
Өту барысы:
1. «Менің көңіл-күйім» жаттығуы
Балалар, қазір өз көңіл-күйімізді бір затқа ұқсатайықшы. Мысалы, менің көңіл-күйім бұлт сияқты, жабырқаулы сезімдемін. Немесе доп сияқты, секірсем, көтеріледі, т.с.с.
2. «Орын ауыстыру» жаттығуы
Шеңбер құрып отырайық та, өзімідің ортақ қасиеттерімізді іздейікші. Мен ортаға тұрып, бәріне тиесілі ортақ қасиетті айтамын, кім келіссе, орнынан тұрады, бірақ қайта солорынға отырмайды, басқа орындыққа отыра қоюы керек. Қалып қойған оқушы жүргізуші болады. Мысалы, ортақ қасиетке: «Кім балмұздақ жегенді ұнатса, орындарын ауыстырсын!», «Кімде кім футбол ойнағанды ұнатса, орындарын ауыстырсын», т.б.
3. «Менің тікенектерім мен магниттерім» жаттығуы
Ойымызды жинақтап, бойымызға үңілейік, қандай жағымды және жағымсыз қасиеттерің бар, соны жазамыз. «Менің тікенектерім» деп айналадағылармен қарым-қатынас жасауға кедергі келтіретін бойдағы қасиеттерді жазамыз, «Менің магниттерім» деп өзіңе немен тарта алатыныңды жазасың.
4. «Қасиеттер жәрмеңкесі» жаттығуы
Ал енді жазған қасиеттерімізбен алмасайық. Кімге қандай қасиеттер ұнайды, оның иесімен келісіп, бойымызға сол қасиеттерді жинайық. Қандай қасиеттерге қажеттілік болмаса, сол қасиеттерден жақсы баланың кейпін салайық.
5. Рефлексия
- Не ұнады?
- Не қиын болды?
- Бүгінгі кездесуден қандай ой түйдіңдер?
Категория: Школьный психолог | Добавил: Рузаевна (08.01.2019) | Автор: Калиева Гулдана Рузаевна E
Просмотров: 517 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]