Главная » Статьи » Новые технологии в обучении |
Өзіндік білім көтеру- мұғалімінің және педагогикалық ұжымның кәсіби дамуының негізгі құралы.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жамбыл орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі,жоғары санатты ұстаз Өзіндік білім көтеру- мұғалімінің және педагогикалық ұжымның кәсіби дамуының негізгі құралы Бүгінде ғылым білімге қояр талап артып, оқу жүйесі де күрделенген шақта жаңа қоғам мұғаліміне жүктелер жүк еселене түсүде. Ұстаз қауымы алдында жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшіне жол бастайтын,әрі ұлттық рухта сусындаған білімді,дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр. Бұл жолда мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту,біліктілігін арттыру сынды мәселелер мектеп алдында тұрған жауапты іс болмақ.. Мұғалімнің кәсіби даму шеберлігі алған дипломнан кейін әрі қарай тоқтап қалмауы керек. Ол бес жылда бір өткізілетін курстар мен аттестация арқылы дамып отырыуы тиіс.Осыған орай арнайы жоспар құрылып сол жоспар жүзеге асырылып отыруы керек. Оның қатарына жүйелі өтетін ашық сабақтар,түрлі сайыстар,байқаулар,іс тәжірибелер,сыныптан тыс жұмыстар,олимпиада және КҒА қатысу кіреді. Сонымен бірге әр түрлі деңгейдегі курстар мен семинарларға қатысу да мұғалімнің білімін көтерудің жолдары болмақ. Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек,жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған негізгі мәселенің бірі білім беру, ғылымды дамыту екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Ұстаз қолында, адам тағдыры,болашақ ел тағдыры тұр. Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені мұғалім мектептің жүрегі деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, қазіргі оқу орындары алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті басты шарт екендігі аян. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепте, ойшыл,зерттеуші,жаттандылықтан аулақ практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер , шығармашыл ұстаз керек. Ел басының өзі білім мен ғылым қызметкерлерінің кезекті съезінде сөйлеген сөзінде: «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер бүгінгі жастар. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,Қазақстан сол деңгейде болады», деген. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқыа арнаған «Қазақстан 2030» жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар менміндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттігін атап көрсеткен. Демек, бүгінгі таңда пелагогикалық ұжым мен сол ұжымды құрудағы педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, танымдық іздемпаздығын белсендіру. Осыған орай мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сабақтың жаңаша оқыту түрлерін дамыту болып табылады. Сабақ – біртұтас жүйе. Сабақ ол педагогикалық шығарма сондықтан да ол біртұтастығымен бөлімдерінің ішкі өзара байланысымен мұғалім мен оқушының қызметтерін кеңейтудің бірыңғай логикасымен ерешеленуі керек. Педагогикалық тәжірибені бүгінгі даму деңгейінде белгілі болып отырғандай оқытудың озық әдіс тәсілдерінің бәрін еркін игеріп, әрбір нақты жағдайларға орай ең тиімді әдісін таңдап алу, олардың жиынтығынтүрлендіре отырып пайдалану, әрі шығармашылықпен өзіндік білімді жетілдіре отыру негізінде ғана жүзеге асатын іс. Өз білімін көтеру негізінде – оқу–тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға. Осындай талапқа сай қызмет атқару үшін мұғалім бірінші кезекте өзінің әдістемелік, саяси-экономикалық, эклогиялық, психологиялық, дидактикалық білімін ұдайы толықтырып үздіксіз іздену үстінде өз мамандығы бойынша білімін жетілдіріп отыруы керек. Сонымен қатар психология мен педагогика ғылымдары жайындағы жаңалықтармен озық тәжірибелерді үнемі пайдаланып отыруы шарт. Әрбір пән мұғалімінің ешкімге тәуелсіз кәсіби бағыты болуы керек. Сонда ғана мұғалім мен ұжым қызметінің желісі оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі бүгінгі күннің талабына үлес қоспақ. Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі методика саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық алдыңғы қатарлы тәжірибені жетік игеру. Демек сапалы, тиімді, нәтижелі ізденіс ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы болса керек. Оқу тәрбие үрдісінің дұрыс жүргізілуіне сабақта мұғалімнің әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін оқушылардың мүмкіндіктеріне және жағдайларына қарай таңдап алуы да ізденістен жүзеге асатын шара болмақ. Әрине ізденіс нәтижесінде жүзеге асатын тиімді оқыту әдісі оқушыларды алғырлыққа, байқампаздыққа, шығармашылыққа еңбекке, ең бастысы, ғылыми негізде ынтасын арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға саналы білім, сапалы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін ұжымның әрбір мүшесі мектептің жаны болып саналатын ұстаздар қауымы үнемі шығармашылық ізденісте, жаңа педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, өздерінің кәсіби шеберлігін дамытуды кезек күттірмес мақсаты деп есептеуі керек. Әрбір күн өзгеріске толы қазіргі жауаптыкезеңде заман көшінен қалмай, уақыт талабына сай болу, білімді өз бетінше үйрену, оны оқушыларға үйрету ұстаздықты мұрат еткен әрбәр кәсіп иесінің ең қасиетті борышы, абзал парызы. Қазақ санасының шамшырағы Ахмет Байтұрсыновтың «Мектеп жаны мұғалім» деген қанатты сөзінің мағынасы бүгінгі күн талабын күшейтіп отыр. Оқушыларды Отанды сүюге, адамдыққа, адалдыққа ізгілікке баулу ұрпақ тәрбиешілерінің абыройлы парызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білімін беру ісінде рухани, парасатты шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніа жатқан жаңа технологияня меңгерген білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы тиіс. Сонда мектеп те, мұғалім де бала үшін қызмет етпек. Источник: http://Өзіндік білім көтеру- мұғалімінің және педагогикалық ұжымның кәсіби дамуының негізгі құралы. | |
Просмотров: 2647 | |
Всего комментариев: 0 | |