Главная » Статьи » Новые технологии в обучении |
Сындарлы оқыту - заманауи қажеттілік
Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Үшінші (базалық деңгей) Журимбаева Мейраш Ескермесовна[/size] Сындарлы оқыту - заманауи қажеттілік Ұлы педагог Я.А. Коменский «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл – әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» - деп ұстаздың еңбегіне баға берген. Мектеп әкімшілігінің ұйғарымымен, біліктілігімді арттыру мақсатында 2013 жылдың қыркүйек айының тоғызыншы жұлдызында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығына» үшінші (базалық) деңгейлі курсқа келдім. Әрине, оқу бірден оңайға түскен жоқ. Бұрынғы курстардай бірнеше сағат дәріс тыңдау жоқ. Тренеріміз,бүгінгі күні білім беру жүйесінде негізгі мәселелер мынадай: «Үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады және тек әрекеттесу арқылы үйренуге және үйретуге болады, әрбір мұғалім әр сабақта интербелсенді әдістер, құралдар мен тәсілдерді қолдануы қажет- дегенде, ол қалай болар екен?- деген сұрақ мазалаған еді. Бірте –бірте ортаға үйреніп, өзіме деген сенімділік орнай бастады. Бұл айда жұмыс жасаудың топтық жұмыстың түр – түрімен таныстық. Әр күн сайын басқа топтармен ауыса отырып жұмыс жасап, бір- бірімізді жете тани бастадық. Берілген тапсырмаларға жіті көңіл аудара отырып, сыни ойлана бастадым. Әр нәрсені басқа қырынан көруге тырыса бастадым.Күнделікті кері байланыс арқылы тәлімгерлеріміз біздің пікірімізді ескере отырып, жұмыс жасады. Біздің әрбір жасаған жұмысымыз бағдарламадағы әрбір модульдың ашылып, біздің жете түсінуімізге ықпал етті. Ол біздің әр күнгі топтық жұмысымызда көрініс тауып жатты. Топ мүшелерінің ішінен қабілетті, дарынды тыңдаушылар шығып жатты. Мұндағы барлық іс –әрекет менің өзгеруіме тікелей әсер етті. Курсқа келген күннен бастап, компьютерге деген сауаттылығым арта бастады. Бұрын мән бере бермейтін, көптеген жетістіктерге жете бастадым.Мысалы, топта өз ойымды еркін жеткізе алатын болдым. Бірінші бетпе – бет кезеңіндегі алғашқы күннен бастап, тыңдаушының барлық ережелерін сақтап, жүйелі білім алып,осы кезеңде алған бағдарламаның барлық идеяларын пайдалана отырып, түбегейлі өзгеру керектігін түсіндім. Осылай өз бойымнан өзгерістерді байқай бастадым. Өз тобымдағы тәлімгерлер мен әріптестерім де менің өзгеруіме ықпал етті.Тәлімгерлеріміздің тыңғылықты, кәсіби маман ретінде берген білімінің арқасында өзіме керекті толық мәліметті алдым. Курстағы алған білімімді тәжірибе барысында жүзеге асыру мақсатында Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің өз сыныбымда жүзеге асыруды ұйғардым.Міне,бір жыл бойы сабақтарымды жеті модульды кіріктіре отырып өткізіп келемін. Мен бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан, негізгі міндетім – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.Әр сабақты сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Оқушыларды алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақ жоспарын құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен, әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек.Сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік, танымдық қабілеттерін дамыту және ата-ана, мұғалім және оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, білім сапасын арттыру болғандықтан сабаққа жеті модульді кіріктіре арқылы, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларды сапалы түрде жаза отырып өткізу - менің сабақтарымның негізгі бір бөлігі.Жаңашыл ұстаз ғана заман ағымына ілесе алады. Жақсы ұстаз ғана оқыта алады. Мұғалімдер үшін сабақты жеті модульді кіріктіре отырып, өткізу, әдіс-тәсілдері әріптестерімді қызықтырғандығын анықтадым. Сана елегінен барлық жеті модульдің маңыздылығы мен қажеттілігін саралап, менің оқушыларыма, ата-аналарыма, әріптестеріме тиімділігін анықтадым. Биылғы жылы өзімнің әріптестеріммен тәжірибе бөлісу мақсатында, «Ертегілер елінде» атты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған көмекші құрал жаздым. Көмекші құралда жеті модульдің мән–мәтінінде жасалған қысқа мерзімді сабақ үлгілері берілген. Ұсынылып отырған көмекші құрал бойынша білім алған оқушы өзін еркін ұстап ойын дәл жеткізе алатын, сыни тұрғыдан ойлай алатын, тұжырым жасай білетін, бірін-бірі бағалай алатын, көшбасшы бола алатындай тұлға болып қалыптасады. Ең маңыздысы оқушылар өз іс-әрекетін, сыныптастарының, құрбы-құрдастарының іс-әрекеттерін, жетістіктерін бағалауды және жауапкершілікке үйренеді.Мектебімізде 20-дан аса мұғалімдер деңгейлік курсты бітіріп келіп, өз тәжірибелерінде қолдануда. Әріптестерімізбен үнемі әдіс алмасу мақсатында түрлі коучинктер өткіземіз. 2013 жылы сәуір айында мектебімізде деңгейлік курсты бітірген мұғалімдер арасында ашық сабақтар өткізілді. Мен өзім сабақ беретін 2 сыныпта дүниетану пәнінен «Жануарлар қалай қоректенеді?» тақырыбында ашық сабақ өткіздім.Сабағыма қатысқан мектеп әкімшілігі мен әріптестерім жоғары баға берді. Сынып оқушыларының өте белсенді, өздеріне сенімді, өз ойларын еркін жеткізе білетіндеріне, топтық жұмысқа бейімделгенін,топтық ережені меңгергенін, бағалаудың критерийлерін түсінетіндіктерін айтты. Менің осы сабағым Астана қаласында 2014-жылдың тамыз айында «ZIAT» ғылыми – әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Менің инновациялық сабағым»атты III Халықаралық оқытушылар сайысында жинаққа жарияланып, I –ші дәрежелі дипломмен марапатталдым.Сонымен қатар жеті модульдің сабақта тиімділігін насихаттау мақсатында 2014 жылдың тамыз айында өткен «Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің қоғамның және жеке тұлғаның даму факторы» атты қалалық тамыз кеңесіне қатысып, «Бастауыш сыныптарда топтық жұмыстың тиімділігі» тақырыбында баяндама жасадым. Бұл баяндама бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған жинаққа шығып, сертификат алдым. Бірнеше қысқа мерзімді сабақ жоспарларын «Sabaktar. kz» республикалық әдістемелік сайтында жариялап, сертификаттарын алдым. («Қош келдің, әз Наурыз!» сыныптан тыс жұмыс,Өсімдіктің өсіп –өнуіне не қажет? (Дүниетану пәні),Сауысқан мен Көкек (ертегі) (Әдебиеттік оқу),Оқуға құштарлық (Өзін –өзі тану),Массаның өлшем бірлігі. Грамм (Математика),Р.Ақдемір. Сорпа (Әдебиеттік оқу) Бастауыш сыныпта ата-анамен тығыз байланыс жасау өте тиімді. Сыныпта ата-аналар жиналысын жаңа әдіс- тәсілдер арқылы өткіземін. Ата – аналарыммен «Өнегелі отбасы» атты дөңгелек стол өткізе отырып, бағдарламаның мақсат, міндетімен таныстырдым. Оқытудағы өзгерістерге тоқталдым. В.А.Сухомлинскийдің даналық сөзіне сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беру үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндеті тұр» - деп қорытынды жасадым. Ата-аналарға күнделікті сабағымыз осы жүйемен өтілетіні түсіндірілді. Сабақ құрылымының түсініксіз толғандырып жүрген сұрақтары болса қойып, толық мағлұмат алуларына болатынын ескерттім. Ата-аналар ашық ойларын, пікірлерін айта алды. Жұмыс түрлерінің өте ұнағандығын білдірді. Ата-аналар бағалаудың жаңаша түрін түсінеді. Балаларының бойында жауапкершілік артқанын, іздену, зерттеу әрекеттері сияқты өзгерістер болғанын айтады. Бұл мен үшін үлкен жетістік болды. «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс – тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді»-деп Мәлік Ғабдуллин ағамыз айтқандай, әрбір мұғалім жаңашыл, білімді, білікті болса, алдындағы шәкірті де сондай болады деп ойлаймын. | |
Просмотров: 2390 | |
Всего комментариев: 0 | |