Главная » Статьи » Думаем, размышляем, спорим

Көңілді есепшілер сайысы
«Көңілді есепшілер» сайысы
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті әріптестер, оқушылар және бүгінгі сайысқа қатысушылар!
Есепшілер жиналған бұл сайыста
Өнерлерін көрсетеді жарыса
Шақырайық екі топты ортаға
Көрсет бүгін өнеріңді жарыста
- деп ортаға бүгінгі сайысқа қатысушыларымызды шақырамыз.
Бүгінгі сайысымызда оқушыларымыздың алған білімдерін ойын барысында байқап, бағалайтын боламыз, яғни ақшаның көмегімен. Бізге оған әділ-қазылар алқасы көмектесетін болады.
Жүргізуші: Әділ –қазы алқасына бір сәлем
Әділдікке бас иеді бар әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл!
– дей отырып әділ-қазылар алқасымен таныстырайық. (Әділ-қазылар алқасы құрамы таныстырылады)
1. Қарғалы мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының директоры-Касабекова Гулсин Каныбековна.
2. Қарғалы мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының бас есепшісі-Бутабаева Жанна Жарасовна
3. Автоісі мамандығының мұғалімі-Абдушкурова Жанар Муратовна
4. Автоісі мамандығының мұғалімі-Абдиев Маулен Мамытбекович
5. Тігінші мамандығының мұғалімі-Саудагерова Назым Тоқтарқызы
6. Шаштараз мамандығының мұғалімі- айдарбекова Зауреш Акимовна
Ойын барысында топтың бағаларын есептеу үшін, әр топқа «Қорытындыны есептеу тізімдемесін» толтырып отырады және жинаған ақша көлемі есептеледі.
Топ құрамы:
Ойынға екі команда қатысады. (Топ құрамы таныстырылады)
Сайыстың тапсырмалары:
1.Команда аты, эмблемасы, таныстыруы;
2.Сұрақтарға жауап
3.Музыкалық байқау.
4.«Кім жүйрік?» топ сайысы
5. «Кім тапқыр?» сайысы /Жұмбақтар шешу/
6. «Кім шапшаң?» топ басшыларының сайысы
8. Қорытынды
9.Марапаттау

«Жеребе алу»Біріншіболыпсәлемдесуді жеребе бойынша 1-ші нөмірді алған топ бастайды.Топ жетекшілерішақырылады. /Жеребе тарту арқылы нөмірлер алынады/
1
2
Жүргізуші: Көрейік не дайындап келгенін
Тамашалап таныстыру өнерін, - дей келе қатысушылар өздерін таныстырып өтсін.
1. «Таныстыру»
Жүргізуші: Екітоптыңсәлемдесуінтыңдаймыз. Ең жоғарғы баға 5-монетка.
/Сәлемдесу соңында қазыларалқасыбағаларынбереді./
2. «Сұрақтарға жауап» Сұрақ-жауап сайысын да бастайық,
Сайыскерлер шапшаңдығын сынайық- деп кезекті сайысымызды бастайық. / Есепші мамандығы бойынша сайыскерлер сұрақтарға жауап береді/
Әртоп ортаға шығып, өздеріне тиісті әмияндағы долларды әмиянның қасындағы қорапқа жинау керек. /Ойын шарты: 2 топтың сайыскерлерінің
1-ші мүшесі келіп, әмияндағы долларға жапсырылған сұрақты оқып, жауап беру керек. Сұраққа дұрыс жауап берген кезде ғана доллар өздеріне тиісті қорапшаға жиналады, егер сұраққа дұрыс жауап бере алмаса, ол долларды қайтадан әмиянға салып кетеді, одан кейін 2-ші сайыскер келіп сұраққа жауап беріп, долларды қорапшағасалады, ойын әрі қарай жалғасады, осындай реттілікпен, әмияндағы доллар біткенше ойын жалғасады/Кім тез, әрі көп доллар жинайды, сол-жеңімпаз.
І-топ 1. Жанұядағы кіріс қалай аталады? /Еңбекақы/
2. Займға не беріледі? /Ақша/
3. Қолма-қол ақша дегеніміз не? /Кассадағы ақша/
4. Ақша топтамасын жинаушы? /Нумизмат/
5.Қай айда 28 күн бар? /Барлық айда/
6.Біздің еліміздің басқа елдерден сатып алатын тауарлар. /Импорт/

ІІ-топ 1. Жүз тиын қалай аталады? /Теңге/
2. Ақшаның қалғанын қайтаратын орын /Касса/
3. Монетаның теріс жағы қалай аталады? /Реверс/
4. Ақшаның құнсыздануы /Инфляция/
5. Біздің еліміздің басқа елдерге сататын тауарлар. /Экспорт/
6. Өндірушілер арасындағы жарыс. /Бәсеке/
3.Музыкалық байқау.
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Тақпақ пен өлеңдерді жатқа айтатын,
Сайыскер қыздарымызды қарсы алайық,- деп өнерлерін тамашалайық.
4.«Кім жүйрік?» /Екі топтың 1-шісі «КІРІС», 2-ші «ШЫҒЫС»бойынша берілген сөздерді, гүлдің макетін құрастыру арқылы бір-біріне желімдеп жапсыру керек./
1. Отбасының айлық жалақысы
2. Көлік үшін жұмсалатын қаржы
3. Тамаққа жұмсалатынқаржы
4. Шәкіртақы
5. Зейнетақы
6. Жалданған пәтер үшін ақы алу
7. Үйірме, секция репититорлық қызмет көрсету
8. Сыйақы
9. Коммуналдық қызмет
10. Киімге, жиhазға жұмсалатын қаржы
11. Жеке шаруа қожалығынан түсетін қаржы
12. Несие
13. Жәрдемақы
14.Жиhазға жұмсалатын қаржы
15. Сыйлық алу
16. Айыппұл
Жауаптары: Кірістер- 1,4,5,6,8,11,13, 15
Шығыстар- 2,3,7,9,10,12,14,16
5.«Кім тапқыр?» сайысы /Жұмбақтар шешу/. /Әр топ қарсылыстары дайындаған суреттерге қарап, жұмбақтарды шешеді/
6. «Кім шапшаң?» топ басшылар сайысы.Екі топтың топ басшысы ортаға шығып, пластик стаканмен ортада жиналып тұрған монетка тиындарды әркім өзіне бөлек тасу керек / ойын шарты: тиын салынған пластик стаканды басына қойып немесе қолының сыртына қойып белгіленген жерге дейін тасу керек.
Кім тез, әрі көп ақша жинайды сол-жеңімпаз.
7. Қорытынды /Әділ-қазылар әр топтың жинаған ақшаларының жалпы соммасын санап, жеңімпаздарды анықтайды/
8.Марапаттау /МОӨК директоры Г.Касабекова сайыскерлерге мақтау қағаздарын табыс етеді/
Категория: Думаем, размышляем, спорим | Добавил: Пирмухамбетовна (28.06.2020) | Автор: Ибрагимова Жанар Пирмухамбетовна E
Просмотров: 358 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]