Главная » Статьи » Классному руководителю

ЕЛ БОЛАМЫН ДЕСЕҢ БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ
Тақырыбы: «Ел боламын десең – бесігінді түзе»
Ұлдар жиналысы.
Мақсаты: Жыныстық тәрбие туралы түсінік беру.Ер балалардың денсаулығын сақтауда кеңес беру.
Жыныстық тәрбие жөніндегі әңгіме тек қыздарға ғана емес, ұлдарға да айтылса құп. Өйткені осы бір «жабық» тақырып үнемі қыздарға ғана тиесілідей көрінеді. Әйтпесе ер балаларды да мазалайтын проблемалар жоқ емес. «Он үште отау иесі» десек те, өтпелі кезеңде әр пәледен сақтанған жөн. «Ер жеттім екен деп, естен айрылмаған абзал» .
ПОЛЛЮЦИЯ ДЕГЕН НЕ?
13-15 жас аралығы ер балаларда өтпелі кезең саналады. Ер баланың жыныстық жетілуі 12-13 жаста күрт жеделдейді. Жыныстық жетілу негізінен әр баланың организміне байланысты әртүрлі болады. Кейбір балаларда 16-17 жаста аяқталып бітеді. Енді бірінде 20-21 жасқа дейін созылуы мүмкін. 12-14 жасқа келгенде организмге ерлердің жыныс гормоны – тестестоерон бөліне бастайды. Бұл кезде баланың бойы мен дене бітімі, жылдам өседі. Әрі бұл кезде ер баланың бойындағы ұрық та жетіле бастайды. 14-15 жастағы ер балалардың ағзасында шамадан тыс көп піскен сперма жиналады да, ол өздігінен мезгіл-мезгіл сыртқа шығып отырады.
ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ ЕР БАЛАЛАРДАҒЫ АУРУЛАР
13-15 жас аралығындағы ер балаларда көбіне варикацеле ауруы кездеседі. Варикацеле – жыныс мүшесі жұмыртқасындағы тамырдың анотомиялық кеңеюі. Сондай-ақ бұл жастағы жеткіншектерде жұмыртқаға, жыныс үрпісіне суық тиюден болатын аурулар кездеседі. Сондықтан ер балалар бойын барынша жылы ұстап, аяғынан суық өткізіп алмағаны абзал. Синтетикалық тар іш киім, тар шарбарлар, джинсы – мұның бәрі қан айналымының қызметін бұзады. Әрі ер бала ауыр соққы, тепкі алмауға тырысқаны жөн. Өйткені жыныстық жетілу кезінде алған жыныстық жарақат өмір бойы өкіндіруі мүмкін.
ҚАТЫНАСҚА ЕРТЕ БАРУ ҚАУІПТІ
Ер адамның әйел затына қарағанда жыныстық қажеттілігі әлдеқайда басым. Сондықтан да болар, қазір ер балалардың кейбірі 14-15 жаста-ақ алғашқы жыныстық қатынасқа барып үлгереді. Ерте жыныстық қатынасқа бару ең біріншіден еркекті белсіздікке соқтырады. Ал екіншіден, жыныстық жұқпалы аурулар жұқтыруы мүмкін. Қазіргі кезде ер азаматтардың арасында хламидиоз, трихомониаз, гонорея сынды жыныстық аурулар кең етек алды. Сондай-ақ ЖҚТБ-де (СПИД) жыныстық жолмен берілетіндіктен, ерте жыныстық қатынасқа бару қауіпті. Ер азаматтың жыныстық ауруларының туындайтын жолдары өте көп. Және ол көбінесе жас кезде алған жыныстық зақымның әсерінен болады. Ер бала 17-18 жаста ғана толық жыныстық жетілген болып саналады. Сондықтан 17-18-ге келіп, организм толық қалыптасқанда ғана жыныстық қатынасқа барған жөн. Онда да қорғанған, сақтанған дұрыс.
БЕЛСІЗДІК НЕДЕН БОЛАДЫ?
Ердің қайраты – белінде. Бұл – өмір шындығы. Белсіздікке шалдығу¬дың төрт түрлі себебі бар. Оның ал¬ғашқысы суық тиюден келеді, яғни прос¬татит сынды аурулар. Бұрындары бұл кеселге 40-50 жас шамасындағы ер-азаматтар шал¬дығып жатса, қазір тепсе темір үзетін жас жігіттер де простатиттің зардабын тартуда. Ал екінші себеп – ағзадағы қанның ұйып қалуы. Бұл негізінен күннің жартысына жуығын бір орын¬да отырумен өткізетін ер-азаматтарда көп кездеседі. Қазіргі кеңсе қызметкер¬лері күніне 8-9 сағат орындықта отырады. Адам бір орында көп отырса, кіші жамбастағы қан айналымы дұрыс жүрмейді. Сондықтан үнемі қозғалыста болу керек. Жетіліп келе жатқан жасөскінге атқа мінудің пайдасы зор. Атқа міну бір жағынан массаж да.
Белсіздіктің тағы бір себебі – инфекция¬лық жолмен тарайтын аурулар. Жыныстық қатынасқа түскенде сақтанбаса, түрлі ин¬фек¬ция еркек беліндегі ұрықты ірітіп, ұрықтың белсенділігін төмендетеді.
Белсіздікке әкелетін төртінші себеп – экология. «Мұнай мен уран, қорғасын, сынап, аммиак, көміртегі, фосфор өндірілетін орындарда ұзақ уақыт жүру зиян.
СҮНДЕТТЕЛСЕҢ СЕГІЗ ТҮРЛІ ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛАСЫҢ
Белгілі себептермен бала кезде сүндеттелмей қалғандар болады. Ондай балалар есейе келе жанындағы достарынан қысылады, сүндеттелмегенін жасырады. Біздің орталыққа 20-30 жастағы жігіттер де келіп, сүндеттеліп, жас кезде орындалмаған парызын орындап жатады. Сондықтан ер жігітке қаншаға келсе де сүндеттелудің еш әбестігі жоқ.
Сүндеттеу ең алдымен тазалық алып келеді. Гигиеналық тұрғыдан бактериялогиялық: стафилоккок (іріңді микроб), гоно¬рея (жыныстық жіңішке ауруы) мик¬робтарынан таза болу тұрғысынан сүндет жасату керек. Оған қоса, сүндеттелмегендерге қарағанда, сүндеттелген ерлер жыныстық қатерлі ісікке (рак) анағұрлым аз шалдығады. Сондай-ақ жыныстық жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі сүндеттелмегендерде сегіз есе жоғары болатынын медицина әлдеқашан дәлелдеді.
Ер азаматтар денсаулығының бес ережесі
1. Ер азаматтар денсаулығын сақтау үшін алдын ала контрацепция әдістерін қолданған жөн. Кез келген жыныстық қатынас қауіпсіз болуы керек. Зәр шығару мүшесінен бөлінулер пайда болғанда, зәр шығару қызметі бұзылғанда, дереу дәрігерге қаралған жөн.
2. Сондай-ақ, темекі мен ішімдікті үнемі пайдала¬на¬тындар да – «әлсіз» еркектердің сана¬тына кіреді. Шылым шегу, арақ ішу, тамақ сапасының төмендігі, кездейсоқ жыныстық қатынас – мұның бәрі еркектің ұрық қабілетін бұзады. Сондықтан мұндай зиянды әрекеттерден бойды аулақ ұстаған абзал.
3. Артық салмақты болдырмаған жөн. Артық салмақ денені май басуына әкеледі. Одан адам әлсіздікке бой алдырады. Шектен тыс семіздік зат алмасу жүйесін бұзады.
4.Денені шынықтырып, күнделікті жаттығу залына барып тұрған жөн. Спортпен айналысу, ерлердің интеллектуалды қабілетінің артуына, денсаулығының дұрысталуына септігін тигізеді.
Категория: Классному руководителю | Добавил: Айс (16.01.2015) | Автор: Айгул
Просмотров: 1535 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]