Главная » Статьи » Классному руководителю |
«Ел ертеңі-есірткісіз болашақ» сыныптан тыс шара
Теректі ауданы Жайык орта мектебі Шайжанова Ару Саматовна Тақырыбы : «Ел ертеңі-есірткісіз болашақ» Мақсаты: білімділік-дәл қазір адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық кеселдің пайда болуын, қоғамға, адамдарға осы дерттің зардаптарын түсіндіру; Тәрбиелік - адамгершілік, құқықтық тәрбие беру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу; Дамытушылық – оқушылардың өмірне, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын аулақ салуын, оқушының санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту. Көрнекілігі: денсаулыққа байланысты нақыл сөздер,слайд. Кіріспе.Есірткі дертіне шалдыққан нашақордың бүкіл сана сезімі тек қана осыған байланысты болады. Бұл кезде нашақор дәрісіз (есірткісіз) өзін-өзі билей алмайды. Аз мөлшерде есірткі қабылдау нашақордың бірінші мәселесі болады. Есірткіге берілгендігі соншалық, бұл өмірден мүлде бөлектеніп тұрады. Есірткіні қолданып аз уақытта тоқталса, оған деген құмарлығы да аз уақытта тоқталады. Бірақ есірткі ойдан кетпей тұрады. Тәни кіріптарлық тоқтаса, оның миында ине алуға деген құштарлық туады. Есірткі алғашында рахат сезімге бөлеп, аз уақытта тамаша әлемге саяхат жасаған сезімге беріледі де, адам организмі әбден бұған үйренгеннен кейін, организімдегі эйфория жоғалады. Осы кезден бастап нашақордың өмір сүру құралы тек есірткі болады. Ол есірткі үшін туған анасын да өлтіруден тайынбайды. Ол есірткінің құлына айналады. І.Профилактикалық минут. 1. Есірткі дегеніміз не? 2. Есірткінің қандай түрлері бар. 3. Есірткінің адам организіміне әсері қандай? 4. Есірткіге құмарлық дегеніміз не? 5. Нашақорлар қандай жолмен есірткіге ақша табады? 6. Нашақорлардың қандай құқықтары бар? Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту туралы заң бар. Нашақорлықпен ауыратын адамдарға мынандай құқықтар көзделінген. - білікті медициналық-санитарлық көмек алуға; - наркологиялық мекемелер мен ұйымдарды таңдауға; - өз құқықтары, өздерінің наркологиялық сырқатқа шалдығуыныңсипаты, сондай-ақ емдеу және оңалту әдістері туралы ақпарат алуға; - медициналық-әлеуметтік оңалтуды тұрғылықты жері немесе қажет болған жағдайда, жүрген жері бойынша өткізуге; Жиі есірткі қабылдайтын адамға есірткі алу үшін көп ақша керек. Мысалы, орташа есеппен 0, 1 г есірткінің құны 500теңге. Күнде нашақор осы мөлшерді қабылдауы керек. Жұмыс істемейтін адамға 500 теңге үлкен ақша. Нашақорлардың көбінің күнделікті басқа да шығындары болады. Сол себепті әр нашақордың алдында ақшаны қайдан табамын деген мәселе тұрады. Олар: 1. Қайтарымсыз ақша алу. 2. Ең оңай жолы – алдау. Яғни олар алдымен достарынан, туған-туыстарынан, әке-шешесінен қарыз алады. 3. Үйінен ұрлау, көбінесе нашақордың қылмыстық жолы үйінен басталады. Қымбат заттарды, зергерлік, техникалық заттарды сатады. 4. Ұрлық – үйдегі ұрлайтын зат біткенде көршілердің, туыстарының заттары және дүкендерге ұрлыққа түседі, қалта ақтаратын болады. 5. Есірткіні дайындау және сату. Нашақорлар арасында мұндай еңбек «адал еңбек» деп аталады. Бұл ең көп ақша табу үшін қолданылатын жұмыс түрі. 6. Алдау. Бұл жағы да нашақорлар арасында көп кездеседі (қолдарындағы есірткіні өткізу немесе алу үшін түрлі қулыққа барады.) 1-оқушы:Рашид Жаңа ғасыр, жаңа заман бүгін, Біз тілейміз ұрпақтың амандығын. 2-оқушы:Нұртілек Ей, болашақ! Саулығың өз қолыңда, Жаламасын тәніңді у, саныңды мұң. 3- оқушы:Айдар Нашақорлық- жайылған індет,білем, Жоймай оны жақсылық күн жоқ ,білем. 4-оқушы:Нургуль Жерде жатқан шылымды, Шошқа келіп иіскеді, Иіскеді, Бірақ,тиіспеді. 5-оқушы:Азамат Жерде жатқан шылымды, Есек келіп иіскеді, Иіскеді, Бірақ ,тиіспеді. 6-оқушы:Жанат Жерде жатқан шылымды, Ит те келіп иіскеді, Иіскеді, Бірақ ,тиіспеді. 7-оқушы:Нұржан Сол шылымды алайда, Тауып алды Балғабек. Алақ-жұлақ етеді, -Сіріңкеңіз бар ма ?- деп. Оқушы: Кім мұндайды естіпті, Есірткі жұртты есіртті. Иіскеген жастардың, Жан-тәнін түгел кесіпті. Сақ болайық, ағайын, Қатерлі жау – есірткі. Көрініс: «Жас баланың өмірі» (Сахнаға басы салбырап,мұңды жас жігіт шығады) Дана.Жүргізуші: Ей, жас жігіт, Жан едің сен гүл жүзді, Солып қапсың, Тынышыңды кім бұзды ? Адиль.Жігіт: Өмір қатал, Көңіліңе қарай ма ? Душар болдым қайғыға, Енді арылу оңай ма ? Дана .Жүргізуші: Не деп кеттің? Қандай қайғы айтқаның? Қане отыр да Түсіндіріп бәрін айт. Адиль.Жігіт: Ізгілікті зұлымдыққа талаттым, Денсаулықтың барлық алтын-асылын. Пенделіктің орманында тонаттым, Жастайымнан құлы болдым , қайтейін, Наша менен арақтың. Көрдей қара тұман жапқан көңілін, Наша үшін қиған жастай өмірін. Ең сорлы жан мен боламын, Ең соңғы жан мен болайын, тәңірім. Дана .Жүргізуші: Жоқ, сабыр ет, Әттең өзің жанбай жатып, Жақын тұрсың сөнуге, Пенделікті шалғайға айтып, Тағдырыңмен қол ұстасып көруге, Жетер ме екен батылың ? Сені терең ойға таратар, Бір әңгіме шертейін. Тыңда, қане, жарқыным! Саған қиянат жасағандардың әңгімесін тыңдайық . Аяжан.Арақ: Тоқта,тоқта! Мені көрсе ішіп алар адамдар, шыдамай, Ішу үшін бұл өмірде сылтаулар көп мынадай: Табысы мен атақ-даңқы, қолы жеткен мансабы, Себепсіз құр ішу мақсат ауып аңсары. Осы арқылы мен алдымен адамдарды жаулаймын, Ақырындап уақыт өте әлемді де қармаймын. Айдана. Темекі: Уа, халайық, Маған сен. Барлық адам өмірін, Көк түтінге улатып, Жүрмін бүгін Жер - әлемді шулатып. Әсемгүл. Наша : Уа, халайық, қараңдар, Көз көрмейтін сиқырым бар, Еліктірер адамды. Осы өнермен әп – сәтте-ақ, Жаулап алам ғаламды! Аяжан .Арақ: Ей, адамзат, неге жүрсің серіксіз ? Танысайық, жақындашы сен бізге. Айдана. Темекі: Біз достыққа, әрқашанда берікпіз. Адиль.Жігіт: Бұрын көрген секілдімін бір жерден, Кімсің өзің, жүзің неге түнерген ? Аяжан .Арақ: Бұрын көргем дейсің бе? Қатал сезім шекпеніне орнаған Мені талай көрсең-дағы ұмыттың. Тым ұмытшақ келесіңдер адамдар. Менің даңқым көп тараған кең жерде, Ізім жатыр қырқаларда, белдерде. Мен – Шараппын.Жаза бассаң, сүрінсең, Шақырмай-ақ жетіп келем сендерге. Айдана. Темекі: Жас өмірің атқан кезде таң болып, Есіңде ме, мен де саған жолыққам. Талай –талай бірге жүрдік серік боп, Сонан кейін бір күні әкең өлгенде, Наша қалмай меніменен еріп кеп, Түнеп қалдық сенің балғын кеудеңе. Әсемгүл. Наша: Иә, мұнан кейін бір күннен соң бір күннен Есігіңді жиі қағып тұрдым мен. Жиі қақтым, келмейді оны жасырғым, Кей күндері бірге жүрген досыңның, Баянсызын сезінгенде жолықтым. Адиль.Жігіт: Мен сол кезде әзер-әзер құтылдым ғой сендерден, Дәрігердің көмегімен ұзақ уақыт емделгем. Ал бүгін ше, бүгін неге келдің, сен. Мұнда тегін жүрген жоқсың мен білем. Дана .Жүргізуші: Айналаға асыл нұры шашылып, Жетіп келді Саулық хан да асығып. Айбарынан Саулықтың шошып кетті үш пері, Жан-жағына қарамай қашып кетті шашырап. Айдар. Саулық хан: Шыншыл мақсат қай кезде де жол табар, Кезің келді жүгін арқалар. Аярлыққа еріп кетсең сүмеңдеп, Айта алмаймын ертеңіне сенем деп. Ана сүті арамдықты суарса, Сиыр сүті ала алмайды сені емдеп. Темекіден түтін сорсаң улайсың, Өзіңді - өзің жіпсіз байлап шырмайсың. Ақылды болсаң жас жігіт, Саулықтың сөзін тыңдайсың. Дана .Жүргізуші: Хан осылай деді де, кете барды жөніне, Жігіт қалды ойланып, борышты боп еліне. Осы айтқан әңгімем, Ойға салар сені де! Тек жүзіңді төмен салма, Нашақорға жақын болма. Тек көзіңді жасауратпа, Сенің әнің асқақ шықса, Қоғам даңқы жоғары. Азамат.Оқушы: Елім бай болсын десең, Денің сау болсын. Бәрі: Таза болса табиғат, Аман болар адамзат. Ән:хор 8 сынып «Қазақстан қырандары» Бүгінгі тәрбие сағатымызды М.Жұмабаевтың өлеңімен аяқтағым келеді Арыстандай айбатты Жолбарыстай қайратты Қырындай күшті Мен жастарға сенемін –деп аяқтағым келелді. Келіп қатысқандарыңызға рахмет | |
Просмотров: 2203 | |
Всего комментариев: 0 | |