Главная » Статьи » Компьютер-бум

Макростар
Сыныбы ________ Күні________
Сабақтың тақырыбы: Макростар
Сабақтың мақсаты
Білімділігі : Макростарды Backstage көрінісінде қосу, қауіпсіздік жүйесінің ескертуі пайда болған кезде макростарды қосу, макростарды Түр мәзірі арқылы құру жолдарымен таныстыру.
Дамытушылығы : Оқушылардың жан-жакты ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Өткен материалды қайталау
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру
ІV Сабақты бекіту
V Үйге тапсырма
І Ұйымдастыру кезеңі
• Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу
• Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Өткен материалды қайталау сұрақтары
• Диаграмманы қалай түсінесіңдер?
• Диаграмманың қандай түрлері бар?
• Диаграмма құру үшін ең алдымен не керек? Мысал келтіріңдер
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.
Макрос дегеніміз не, оларды кім жасайды және қауіп төндіру дегеніміз не?
Макрос құжаттағы қайталанып орындалатын бұйрықтарды автоматтандыру үшін қолданылады және оны тапсырманы орындау керек болғанда іске асыруға болады. Ма-крос - Visual Basic for Applications (УВА) программасы арқылы жазылған. Кейбір ма-кростар құжатқа біршама қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан макросты дұрыс пайдалана алмасаңдар, оны қолданудың мүлде қажеті жоқ. Макросты файлға енгізу арқылы ком-пьютерге және желілерге вирустарды таратуға болады.
Қауіпсіздік жүйесінің ескертуі пайда болған кезде макростарды қосу
Файл мәзірінен => қауіпсіздік жүйесінің ескертуі терезесінен Мазмұнды қосу ба-тырмасын шертеміз => қосымша параметрлер батырмасын белгілейміз => Microsoft Office қауіпсіздік параметрлері диалогтік терезесінде әр макрос үшін Осы сеанс мазмұнын қосу параметрі белгісін белгілеп, ОК батырмасын шертеміз.
Макростарды құру
Макросты құрудың ең қарапайым тәсілі -құжатқа керекті әрекетті жазу. Командаларды жүйелілігін бір рет жазып қойып, осындай әрекеттерді орындау қажет болғанда, макросты тышқанмен шерту арқылы шақыруға болады.
Макростарды жазу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Лентадағы Түр қосымшасына біртекті топтағы Макростар деген батырмаға шертініз. Менюдегі макростың Жазу командасын таңданыз.
2. Макростарды жазу диалогтық терезесінде макросқа ат беріңіз, және де оның сипаттамасын енгізініз. Макростарға сипаттама беруді ұмытпаңыз, өйткені болашақта макростарды көп қолданатын болсаңыз көмегі тиеді.
3. Жылдам іске қосу панеліндегі батырмалардың немесе пернелер үйлесімінің көмегімен макросты іске қосуға болады
Батырмадағы макростың белгіленуі
Егер сізге макросты жылдам іске қосу панелінен шақыру ыңғайлы болса, онда Макросты белгілеу аймағындағы батырманы басыныз. Пайда болған Word параметрлері диалогтық терезесінде келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Сол жақ аймақтағы макростын атын ерекшеленіз және Қосу батырмасын басыныз. Жылдам іске қосу панеліне Макрос қосылады.
2. Макростын көрініп тұрған атын және таңбасын өзгерту үшін, оң жақ аймақтағы оның атымен берілген жолды ерекшелеңіз және Өзгерту батырманы басыңыз.
3. Батырмаларды өзгерту терезесінде макросқа сәйкес келетін таңбаны таңданыз, Бейнеленген аттар өрісіне атауын енгізініз.
4. Өз таңдауынызды растау үшін ОК батырмасын басыныз. Жылдам іске қосу панелінде макрос таңбасы пайда болады.
ІV Сабақты бекіту
Тәжірибелік жұмыс бойынша cұрақ-жауап алу арқылы қорытындылаймыз
• Макрос дегеніміз не?
• Макрос дегеніміз не, оларды кім жасайды және қауіп төндіру дегеніміз не?
• Макростарды қалай құрамыз?
V Үйге тапсырма. Макростар
Категория: Компьютер-бум | Добавил: карла (20.01.2015) | Автор: Жуманазарова Қарылға Бекмурзаевна E
Просмотров: 2754 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 1
1 dika  
Сабағыңыз өте жақсы

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]