Главная » Статьи » Компьютер-бум

Графикалық редактордың сурет салу құралдары
№18 сабақ
Сыныбы ________ Күні________
Сабақтың тақырыбы : Графикалық редактордың сурет салу құралдары
Сабақтың мақсаты
Білімділігі: PAINT графикалық редакторы мүмкіндіктерімен танысуды жалғастыру.
Дамытушылығы: Өшіргіш құралын 2 режимде пайдалануды. Фигуралардың тіктөрбұрыш, доғал, қисық, бүріккіш болатындығын. Фигураларды дұрыс салуды. Жұмыс үстелі фоны ретінде суретті пайдалану тәсілдерін үйрете отырып, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Өткен материалды қайталау
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру
ІV Сабақты бекіту
V Үйге тапсырма
І Ұйымдастыру кезеңі
• Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу
• Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ Өткен материалды қайталау сұрақтары
1. Графикалық деректерді енгізу және шығару үшін қандай құрылғылар қолданылады ?
2. Графикалық редактор деген не ?
3. Растрлық графиканың кемшілігін атаңдар.
4. Сурет салу мен толтыру үшін түстерді қалай таңдаймыз ?
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру
Практикалық жұмыс жасай отырып, сендер құралдармен және фигуралармен таныса бастадыңдар. Олардың мүмкіндіктерін толығырақ қрастырайық.
Программаның терезесін қарайық. Жұмысқа керектің бәрі Жолақта орналасқан.Негізгі тіркеме бетінде Алмасу буфері, Кескін, Құралдар, Фигуралар, Қалыңдық, Түстер топтары орналасқан.
Құралдар таңдау үшін оны тышқанмен шертсеңдер жеткілікті.
Құралдар мен фигуралар үшін баптау амалдарын орындауға болады. Мысалы :
• Қарындаш үшін – жуандық, түс;
• Фигуралар үшін – контур, заливка, түстер.
Жай –күй жолында ағымдағы жұмыс туралы ақпарат беріледі. Мысалы, суреттің мөлшері.
Егер суреттің кішкене бөлігін тазалау керек болса, Өшіргіш сайманы қолданылады. Өшіргіш екі режимде болады : қарапайым және түрлі түсті . Қарапайым өшіргіш бәрін өшірсе, түрлі түсті өшіргіш тек Қылқаламның пәрменді түсін өшіреді.
Қисық сызықты салған кезде міндетті түрде екі бүгілісті көрсету керек. Алгоритм түрі келесідей : сызық сызамыз, бүгілістің біреуін тышқанның сол жақ батырмасымен созып, екінші бүгілісті созамыз
Қатаң горизонталь, вертикаль немесе 45 градусқа ауытқыған сызық сызу үшін тышқанды жылжытқанда Shift пернесін ұстап тұру керек.
Сол сияқты, Shift пернесін жібермей ұстай отырып, «дұрыс» фигуралар салуға болады. Тікбұрышты қолданғанда тіктөртбұрыш, ал Сопақтан – шеңбер саламыз.
Көпбұрыш былай салынады: бірінші сызықты жүргіземіз, одан кейін тышқанның сол жақ батырмасымен біртіндеп барлық төбелерін шертіп шығамыз. Суретті тышқанды екі рет шертіп немесе фигураны тұйықтап аяқтаймыз.
Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
ІV Сабақты бекіту
1. Өшіргіш сайманының жұмыс режимдерін сипаттаңдар ?
2. Фигура шекарасының жуандығын қалай өзгертеміз ?
3. Дұрыс фигураны қалай саламыз ?
V Үйге тапсырма
Графикалық редактордың сурет салу құралдары
Категория: Компьютер-бум | Добавил: карла (23.01.2015) | Автор: Жуманазарова Қарылға Бекмурзаевна E
Просмотров: 1614 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 1
1 dika  
Тапсырмалар деңгейге байланысты құрастырылған.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]