Главная » Статьи » Компьютер-бум

"Информатика алғырлары" сыныптан тыс жұмыс
«Информатика алғырлары»
интеллектуалдық ойыны

Д.М.Бейсекова
Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі

Оқушылардың информатика пәнінен деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойларын еркін жеткізе білу және өткенді жылдам еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында 5-6 сыныптар арасында интеллектуалды сайыс өткіздім.
Төменде осы сайыстың жоспарын ұсынып отырмын.
Сайыстың жоспары:
1-кезең: «Бәйге»
2-кезең: «Пернетақта»
3-кезең: «Адасқан әріптер»
4-кезең: «Тіл-өнер»
5-кезең: «Алтын ұпай»
Қорытынды. Марапаттау

Ортаға үш топқа бөлінген қатысушыларды шақырдым. Сайыста ұпай есептеу үшін әділқазылар алқасын сайлаймыз.

Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға.

1-кезең: «Бәйге»
Бұл кезеңде асық лақтыру арқылы оқушылар тақырыпты кезек-кезек таңдап сұрақтарға жауап береді.
Ақпарат Paint
ЭЕМ-нің даму тарихы Аралас
Ақпарат:
1. Адам ақпаратпен не істейді? /сақтайды, жеткізеді, өңдейді/
2. «Ақпарат» сөзі латыннан аударғанда нені білдіреді? /түсіндіру, мәлімет, баяндау/
3. Адам ақпаратты қалай қабылдайды? /көру, есту, иіс сезу, дәм сезу мүшелері арқылы/
Paint:
1. Paint графикалық редакторының құралдар тақтасында неше құрал орналасқан? /16/
2. Paint қандай редактор? /графикалық/
3. Палитраның неше түсі бар?
Аралас:
1. Сигнал деген не? /адамға немесе белгілі бір құрылғыға ақпарат қабылдаушыға әсер ететін физикалық процесс/
2. Компьютердің негізі құрылғылары? /пернетақта, монито, жүйелік блок/
3. ЭЕМ-нің ІІ буыны /транзисторлар/
ЭЕМ-нің даму тарихы:
1. Паскалина машинасын жасаған ғалым /Блез Паскаль/
2. Аналитикалық машинаны ойлап тапқан ғалым /Чарльз Беббидж/
3. Алғашқы программалау тілін ойлап тапқан кім? /Ада Лавлейс/

2-кезең: «Пернетақта»
Информатикаға қатысты 6 сөз атауларын табу керек.
/монитор, компьютер, вирус, пернетақта, принтер, тышқан/
М Р Е П К О М
О Н Е О Д Ь П
В И Т А К Ю Қ
У Р О Қ Т Т Е
С И Н Щ А Ы Р
П Р Т Е Ю Ш Қ
Ф Ы Й Р У Н А

3-кезең: «Адасқан әріптер»
Адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру.
НИМОТОР Монитор
ПЬЮРОМТЕК Компьютер
ЕНРЕПАТҚАТ Пернетақта
ЛАЙФ Файл
РЛЬОКЯТАКЛ Калькулятор
АТҚСУА Сақтау
АЭКТОРИКЕЛН Электроника
ДҢЕӨУ Өңдеу
НҚТШАЫ Тышқан

4-кезең: «Тіл-өнер»
Жұмбақтар жауабын табу

Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. /монитор/

Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. /бос орын пернесі/

Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені /кактус/

Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз /пернетақта/

Батырмасын басасың,
Қажетті файлды ашасың. /тышқан/

Жақтаулар арқылы шектеледі,
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді. /терезе/

Биологияда паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпаратты өлшер. /бит/

Әдетте үнсіз тұрамын,
Белгі берсең ұғамын.
Жазуы бар қағаздың,
Құралы боп шығамын. / принтер/

Бар нәрсеге жетік,
Миы күшті тетік.
Ол арқылы сөйлесіп,
Кетесің шетелге де өтіп. /компьютер/

5-кезең: «Алтын ұпай»
Ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.
10
10 10
20 + 20 20
30 30 30
40 40 40 sos
50 - 50 50

+ /10 ұпай беріледі/
- /10 ұпай алынады/
Sos- көмекке келу
10 ұпай сыйлыққа беріледі.

10. Сақталған суретті ашу жолы?
10. Өшірілген файлдар мен қапшықтарды қалпына келтіру командасы?
10. Пернетақтадағы бас орын пернесінің қызметі қандай?
20. Калькулятордың неше түрі бар?
20. Компьютерде вирус пайда болады, егер ...
20. Жүйелік меню батырмаларын ата?
30. Компьютерде жұмыс істеу кезінде неше сағаттан кейін үзіліс жасап отыру керек?
30. Ұяшық дегеніміз не?
30. Пернетақта неше бөлікке бөлінеді және оларды ата?
40. Антивирус дегеніміз не?
40. Мұрағаттауды жүзеге асыратын программа?
40. Бірінші программалаушы кім?
50. Терезенің түрлерін ата?
50. Алғашқы ЭЕМ қай жылы пайда болды? /1946ж/
50. Алгоритмнің түрлерін ата?

Қорытынды. Марапаттау
Әділқазылар алқасына сөз беріліп, жеңімпаздар марапатталады.

Павлодар облысы
Көктөбе ауданы
Категория: Компьютер-бум | Добавил: dika (26.01.2015) | Автор: Бейсекова Динара Мерболатовна E
Просмотров: 1788 | Теги: dika. | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]