Главная » Статьи » Компьютер-бум

Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат. Программаның интерфейсі. Құжатты құру және сақтау.
Сынып: 6А
Күні:13.01.2015ж
Сабақтың тақырыбы:
Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат. Программаның интерфейсі.
Құжатты құру және сақтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Word мәтіндік процессорының мүмкіндіктерімен таныстыру, «мәтіндік процессор» түсінігін, мәтіндік редактормен мәтіндік процессордың айырмашылығын, Word экраны элементін және оның пайдалануын және құжаттарды сақтаудың тәсілдерін үйрету.
Тәрбиелік: Жеткіншектерді еңбекке баулу, білімді, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды зерттеу жұмысын жүргізе білуге бағыттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, модель құруға дағдыландыру.
Сабақ түрі: Демонстрациялық көрсетілім көмегімен баяндау.
Көрнекіліктер: тұсаукесер, таратпа материалдар, бағдарламаның үлгісі;
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, дербес компьютерлер.
Оқушылар білуі тиіс Оқушылар үйренуі тиіс
- Мәтіндік процессор түсінігін,
- мәтіндік редактор мен мәтіндік редактордың айырмашылығын,
- Терезе элементтерін және оны пайдалану,
- Құжаттарды құру мен сақтауды - Терезе элементтерін,
- Мәтіндік редактор мен мәтіндік процессор айырмашылығын,
- Құжат құру мен сақтауды

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, көңіл күйлерін білу.

Смайлики

ІІ. Үй тапсырмасы:
Мұғалім:
Балалар, үй тапсырмасын тексеру үшін алдарыңда тұрған қызыл және жасыл қағаздарды таңдау арқылы 2 топқа бөлінеміз. Қызыл қағаз таңдаған топ «Қызылдар» тобы болады, ал жасыл қағаз таңдаған топ «Жасылдар» тобы болады.
Балалар, топ ішінде өзіміз топ басшысын сайлаймыз. Ал топ басшысы бүгінгі сабаққа қатысқан оқушыларды бағалайды.

№ Қызылдар тобы Бағалау парағы Қорытынды баға
Үй тапсырмасы бойынша Жаңа тақырып бойынша
1
2
3
4
5

Ал ендеше сендермен жаңа тақырыпты бастамас бұрын, тақтаға назар аударсаңдар, мына «Сыйқырлы ағаш» - та ілулі тұрған қызыл және жасыл алмаларды себеттерге салу керек. Қызылдар тобы қызыл алмаларды жинайды. Жасылдар тобы жасыл алмаларды жинайды. Сұрақтар 2 топқа кезек – кезек қойылады және әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі. Соңында үй тапсырмасы бойынша ұпайлар санын топ басшы қойып отырады.
Қызыл алма Жасыл алма
1 «Қаламды орнына қой» бұйрығының орындалу нәтижесі қалай?
/қалам үстелге қойылды/ «Шардың суретін сал» бұйрығының орындалу нәтижесі қалай? /шардың суреті салынды/
2 Алгоритмнің түрлерін ата?
/сызықтық, тармақталған, циклдік/ Алгоритмнің формаларын ата?
/сөздік, графикалық, алгоритмдік тіл, программалау тілі/
3 Кез келген алгоритмнің соңғы бұйрығы?/соңы/ Кез келген алгоритмнің басы қалай аталады? /басы/
4 Осы геометриялық фигура блок-сызбада нені білдіреді? /енгізу, шығару/
Осы геометриялық фигура блок-сызбада нені білдіреді?
/ іс-әрекетті/
5 Тармақталған алгоритмде шартты тексеру блогын блок-сызбада қандай геометриялық фигурамен белгілейміз?/ромб/ Циклдік алгоритмде шартты қандай геометриялық фигурамен белгілейміз? /алтыбұрыш/
6 9 санына келтірілген алгоритмнің нәтижесі қандай?
Басы
23-ті қос
35-ті қос
27-ні алып таста
Егер нәтиже 20-дан үлкен болса, онда 5-ті қос.
Егер нәтижесі жұп сан болса, онда оны 2-ге бөл, егер тақ сан болса, онда оны 2-ге көбейт.
Нәтижені шығар
Соңы/90/
12 санына келтірілген алгоритмнің нәтижесі қандай?
Басы
23-ті қос
35-ті қос
27-ні алып таста
Егер нәтиже 20-дан үлкен болса, онда 5-ті қос.
Егер нәтижесі жұп сан болса, онда оны 2-ге бөл, егер тақ сан болса, онда оны 2-ге көбейт.
Нәтижені шығар
Соңы/24/

ІІІ. Жаңа сабақ:
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін менің ойға салу сұрақтарым арқылы бұл сурет қандай бағдарламаның белгішесі табасыңдар.
1. Бұл бағдарлама белгішесі ағылшын тілінде W белгішесіне ұқсас
2. Бұл бағдарламада мәтін тереміз

Мәтіндік процессор дегеніміз - кез келген басып шығарылатын ақпаратты шығаруға (теру, түзету, пішімдеу, басып шығару) арналған қолданбалы компьютерлік программаның түрі.
Мәтіндік редактор мен мәтіндік процессордың айырмашылығы: мәтіндік редакторлар тек теруге және түзетуге мүмкіндік береді, яғни функциясы аз. А мәтіндік процессорда әртүрлі суреттер, графиктерді, кестелерді қоса аламыз, яғни функциясы көп.

Microsoft Word программасын іске қосу үшін:
Пуск – все программы – Microsoft Office - Microsoft Word.
Процессордың экраны құрамына Windows – тың стандарттық терезесінің барлық элементтері кіреді:
1. Тақырып жолы
2. Қалып – күй жолы
3. Айналдыру жолағы
4. Жолақ
5. Терезені басқару батырмалары

Мәзірлер:
Главная, вставка, дизайн, разметка станицы, ссылки, рассылки, рецензирование, вид.

Экрандағы төменгі жол қалып-күй жолы немесе ақпараттық жол деп аталады, себебі оның құрамына құжатпен жұмыс істеу барысында өзгеріп тұратын әртүрлі ақпарат кіреді. Бұл жолда:
1. Жалпы құжат беттері санының ішінен ағымдағы беттің нөмірі (1 беттің ішіндегі 1 бет, яғни құжатта 1 бет бар)
2. Құжаттағы беттер саны
3. Тіл көрсетілген
Оң жақ бөлігінде қарау тәртібін ауыстыру батырмасы масштаб орналасқан.
Құжат құру (Создать документ)
Жаңа құжат құру үшін:
Файл – создать.

Құжатты сақтау (сохранить как)
Құжатты сақтау үшін:
Файл – сохранить как...

4. Қорытынды кезең:
/Мен таратамын/ 3 тапсырманы орындайды.

5. Барлығымыз компьютерге отырып мына тапсырманы орындаймыз. Орындау уақыты 6 минут.

1. Ms Word мәтіндік процессорын іске қосыңыз.
2. Берілген мәтінді теріңіз:
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді.
Ұлы мұғалім шабыттандырады.

3. Құжатты « Ұстаз» атауымен сақтаңыз.

Үйге тапсырма:
Оқулықтың 91 бетіндегі «Өзіңді тексер» тест жұмысын дәптерге орындаймыз.

Бағалау кезеңі:
Топ басшысы оқушыларды бағалайды.
Категория: Компьютер-бум | Добавил: dika (27.01.2015) | Автор: Бейсекова Динара Мерболатовна E
Просмотров: 3271 | Комментарии: 1 | Теги: Dinara | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 dika  
өте өте жақсы

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]