Главная » Статьи » Компьютер-бум

Мәтінді пішімдеу, тізімдер. Web-бетте графиканы орналастыру, түстер.
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеу, тізімдер. Web-бетте графиканы орналастыру, түстер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Web-бетте мәтінді пішімдеуге, графиканы орналастыруды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ақпараттық-технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың жоспары:
I Ұйымдастыру кезеңі.
II Үй тапсырмасын сұрау.
III Жаңа тақырыпты меңгерту.
IY Жаңа тақырыпты бекіту.
Y Үйге тапсырма беру.
YI Бағалау.
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі.
• Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу
• Оқушының назарын сабаққа аудару
II Үй тапсырмасын сұрау.
1. Сайт дегеніміз не? (web-серверде жататын беттердің html пішіміндегі жинағы)
2. Web-сервер дегеніміз? (бұл осы беттерді пайдаланушылар сұратуы бойынша беретін, Интернетке үнемі қосылып тұрған компьютер)
III Жаңа тақырыпты меңгерту.
Web- беттердің дизайнын тиімді ету шарттарының бірі – тақырыптарды дұрыс пайдалану. Ірі тақырыптардың көптігі беттеріңнің оқылуын қиындатады, ал тақырыптарға кедей беттердің көрінісі жұпыны және оларға қабылдау қиын болады. Тақырыптар газет немесе журналдағыдай бетте берілген ақпаратты құрылымдауға көмектеседі.
Сайтымыздыз бір бетінің мысалында тақырыптарды пайдаланудың қарапайым үлгісін қарастырайық. Бетті сыныптастарыңа арнап Менің сыныбым деп атайық. Бұл бетте біз оқушылар тізімін жасаймыз, соңында олардың меншікті беттеріне жасалған сілтемелер тіркеледі. Бұл тапсырманы орындау үшін келесі әрекеттердің іске асыру қажет:
1. File New Page командаларын орындап, Редакторда жаңа бет жасаңдар.
2. New диалогтық терезесінде Normal Page шаблонын таңдап, OK батырмасын басыңдар. Редакторда сол жақ жоғарғы бұрышында жыпылықтап тұрған мензер орналасқан бос бет пайда болады.
3. Пішімдеу панеліндегі стильдер тізімінен Heading1 (Заголовок1) таңдаңдар. Беттің папкасы тиісінше, мысалы, бірінші дәрежелі тақырып сияқты ерекшеленіп тұруы керек. FrontPage Редакторында тақырып жаңа жолдан жеке абзац сияқты безендіріледі.
4. Енді Менің сыныбым бетінің негізгі тақырыбын енгізіңдер.
5. Оқушылардың аттарын енгізіңдер. Меңзер жаңа жолға өту үшін Enter-ді басып, стильдер тізімінен Heading (Заголовок) таңдаңдар да, Александр деген есімді теріңдер.
6. Енді 5 қадамды қайталай отырып, сыныптың қалған оқушыларының аттарын енгізіңдер.
Әдетте, тақырып маңызды болған сайын, оның дәрежесі де жоғарылау, қаріп те ірілеу, оған және одан кейінгі аралықтар да үлкендеу болады.
Ақпаратты беттерге жайғастырғанда, кейде материалды абзацтармен емес, тізімдер түрінде беру ыңғайлы. Тізімдер ұзақ үздіксіз абзацтардан жеңіл оқылады, сондықтан тізімдерді орнымен қолдану беттерді қабылдауды жақсартады; бірақ тым үестенудің де қажеті жоқ, өйткені беттерді құрғақ, жалықтыратын етіп жіберу қауіпі де жоқ емес. Нөмерленген тізімдердің атрибуттарын өзгертіп отыруға болады. Мысалы, нөмерлеу рим сандарымен (кішісімен де, үлкенімен де) немесе әріптермен (дәл солай кішісімен де, үлкенімен де) жасалуы мүмкін; нөмірдің кез келген бастапқы мәнін орнатуға болады. Тізімдердің барлық түрінің (типінің) дәл көрінісін беттерді қарауға қолданылатын браузер белгілейді.
Редакторда тізімдермен жұмыс істеу тізімдерді Word-та қолдануға ұқсас.
Web-беттермен графикалық жұмыс жасау. Web-беттермен графикалық жұмыс істеген кезде ең негізгі мәселенің (проблеманың) бірі болып, браузер бетінде пайда болған бейне суреттердің жылдамдығы файлдардың алатын жады көлеміне байланысты. Графикалық форматтар көбінесе сол форматпен байланысқан кеңейткіштер арқылы аталады. Ал олар өз алдына күтпеген қиындықтарға әкеледі. Осындай форматтарға BMP, GIF, EPS, TIF, JPEG, WMF және т.б. жатады. Бірақ та Frontpage тілінде Web-беттермен жұмыс істеген кезде біз көбінесе екі түрлі бейне суреттерді ғана қолданамыз, олар: JPEG және GIF. Олардың екеуі де қысылған және Web-беттермен жұмыс істеген кезде ең жиі қолданатын графикалық форматқа жатады. Frontpage көп түрлі графикалық форматтарды импорттап алады, олар:
- JPEG (JPG);
- CompuServe GIF (GIF);
- BMP файлдары;
- TIFF (TIF);
- Метафайлдар Windows (WMF);
- Sun Raster (RAS);
- Postscript (EPS);
- Paintbrush (PCX);
- Targa (TGA);
Web-беттерге бейне суреттерді қойған кезде және егер олар сақталмаса, осындай бетті жабу немесе сақтау кезінде Frontpage олардың әрбіреуін тиісті сайт үшін сақтауды сұрайды. Frontpage GIF және JPEG форматтардан бөлек файлдарды автоматты түрде GIF форматта сақтайды. Ал егер сіз бейне суреттерді JPEG форматта сақтағыңыз келсе, онда Web-бетті сақтағанға бұрын Image Properties (Бейне қасиеттері) диалогтық терезеде сол форматты көрсету керек.
JPEG форматы (Joint Photographic Experts Group – фотосурет бойынша біріккен эксперттік топ) — бұл масштабталған, қапталған, жоғарғы дәрежелі қысылған және сапасын аз ғана түсіретін формат болып табылады. Электрондық формада графикалық суреттерді бір форматтан екінші форматқа ауыстырған кезде бейнелер өзінің анықтығын біраз жоғалтады. Сол себепті, JPEG форматы жоғарғы дәрежелі қысылған және сапасы жағынан да жоғары болғандықтан Web-сайттар үшін ең қолайлы. JPEG форматы фотосуреттер үшін және түсі 256-дан асатын бейне суреттер үшін өте қолайлы.
GIF форматы (Graphics Interchange Format – графикалық мәліметтерді алмастыратын формат) — бұл 256 немесе одан да аз тұсті бейне суреттер үшін арналған қапталған формат. Қанық және түс алуандығын аз әрі онша толтырылмаған кескіндерді (мысалы, сызбалар,суреттер)жақсы сығымдайды. Сонымен қатар, GIF форматы мөлдір және жолдық бейнелерге де қолданады.
Суретті бетке орналастыру үшін:
1. FrontPage Редакторын іске қосыңдар;
2. File→Open командасын орындап немесе инструменттер панеліндегі Open батырмасын шертіп, Web-торабымызды ашыңдар.
3. Екі рет мауыспен шерту арқылы үй бетін – index файылын ашыңдар.
4. Суретті кірістіргілерін келетін жерге меңзерді орнатып, кітапханадан Insert→Picture→Clip Art командасын немесе кеңейтуі .gif, я болмаса .jpg, я болмаса .jpeg дайын графикалық файылдан Insert→Picture→Form File командасын орындаңдар.
5. Clip Art Gallery терезесінде тақырыпқа сәйкес суреттер категориясын, мысалы Akademic-ті таңдаңдар да, лайықты суретті кірістіріңдер.
6. Суретті үлкейтуге, кішірейтуге, жылжытуға және т.б. жасауға болады.
7. Беттеріңізді сақтап, тиісті суреттерді басқа беттерге кірістіріңдер.
IY.Жаңа тақырыпты бекіту.
Y.Үйге тапсырма беру.Мәтінді пішімдеу, тізімдер. Web-бетте графиканы орналастыру, түстер.
YI.Бағалау.
Категория: Компьютер-бум | Добавил: карла (31.01.2015) | Автор: Жуманазарова Қарылға Бекмурзаевна E
Просмотров: 6823 | Рейтинг: 5.0/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]