Главная » Статьи » Компьютер-бум

Компьютерлік техниканың даму үрдісі
Пәні: Информатика
Класс: 6 «а»
Түйінді идея: Қазіргі аз түсінікті және мүлдем керексіз нәрселер болашақ ұрпақтың қажетті азығына айналады. Бұл ғылыми білімнің заңдылығы” (Ч.Беббидж)
Мақсаты: Компьютердің архитектурасымен, оның даму кезеңдерімен таныстыру. Топпен бірлесе отырып жұмыс істеуге, өзгенің пікірін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: Жаңа ақпаратты меңгере отырып оқушы өз шығармашылығын дамыта алады;
Оқушылар жаттығулар, бейне көрсетілім арқылы білім алады, түсінік пен дағдыны қалыптастырады;
Диалог арқылы оқушылар пікірталас ұйымдастырып, бірін-бірі формативті бағалайды;
Сын тұрғысынан ойлау әдістерін шебер пайдалана алады, жүйелі ойлау дағдысын қалыптастырады жєне өз пікірін ашық білдіруге дағдыланады;
Кіріспе.
Топқа бөлу үшін фото суреттің қиындыларын құрастыру» «Компьютер», «Ноутбук», «Планшет»
Топтың ережесін еске түсіру. Топтық жұмыс кезінде сол ережені сақтайсыздар деп ескерту.
Бағалау критерийлері:
Тақырыпты ашуы
Өз бетімен тақырыпты түсінуі
Өз ойын айта алуы
Түсінгенін қорытындылай алуы
Өзін – өзі бағалауы
Тұсаукесер.
Түрлі кезеңдердегі компьютер суреттерін көрсету арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын аштыру. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Негізгі бөлім.
Жаңа тақырыпты «Не? Қайда? Қашан? кестесін толтыртумен меңгерту.
Интерактивті тақтаға және оқушылардың алдына кей бағандары бос толтырылмаған ақ қағаздар тастап, оқушыларға кітапты өз беттерімен оқыта отырып бос бағанды толтырту.
Жаңа сабақтың туралы білімдерін кеңейту.
Тренинг. Оқушылар бейнекөрсетілімді тамашалайды.
Қорытынды.Кір жаятын жіп әдісімен сабақты қорытындылау.
Бағалау. Бағалау критерийі экраннан көрсеттім.
Рефлексия. Кері байланыс . Blobtree ағашы. Бүгінгі сабақты қандай дәрежеде түсінгендерін көрсету.
Үйге тапсырма. Компьютерлік техниканың даму үдерісі тақырыбын оқу.
Қазіргі заманғы дербес компьютердің даму үдерісі туралы
мәліметтер жинақтап келу.
Категория: Компьютер-бум | Добавил: Ханбиби (02.03.2015) | Автор: Ханбиби E
Просмотров: 2170 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]