Главная » Статьи » Компьютер-бум

Word - тың графикалық мүмкіндіктері. Гипертекст.
Сабақтың тақырыбы: Word - тың графикалық мүмкіндіктері. Гипертекст.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Word - тың графикалық мүмкіндіктерімен таныстыру.
Сабақтың міндеті:
Білімділігі Жалпы оқушыларға Word - тың графикалық мүмкіндіктерін үйрету.
Дамытушылығы: Оқушыларға әртүрлі тапсырма беріп, олардың білімдерін практикада ұштастырып, қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларға жаңа ұғымдарды тез қабылдауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: Дәріс сабақ
Сабақ түрі : Жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақ жоспары:
I Ұйымдастыру
1) Оқушыларды түгендеу
2) Оқушы назарын сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ - жауап
III Жаңа сабақ. Бүгінгі жаңа сабақта біз Word - тың графикалық мүмкіндіктерімен танысамыз.
Word –та да мәтінге дайын суретті немесе Paint графикалық редакторында өздерің салған суреттеріңді кірістірудің мүмкіндігі бар.
Егер сендер Paint-та сурет салған болсаңдар, онда оны мәтіңдеріне алмастыру буферінің көмегімен көшірудің сол командаларын пайдаланып, кірістірулеріңе болады. Дайын сурет қорынан алынған суретті кірістіру мысалын қарастырайық
1. Мәтіннің суретті кірістіргілерің келетін жеріне меңзерді орнатыңдар.
2. Вставка – Рисунок – Картинки командасын орыңдандар.
3. Microsoft Clip Gallery диалогтік терезесінде Картинки қосымшасын және Рисунок категориясын таңдандар.
4. Суреттері бар терезе ашылады, таңдалынған суретте маусты шертіңдер.
5. Вставить батырмасын шертіңдер, сонда сурет мәтінге кірістіріледі.
6. Егер сендерге суреттің өлшемі ұнамаса, онда кішірейтіңдер немесе үлкейтіңдер. Ол үшін суретті шертіңдер, меңзерді суреттің бұрышына орнатыңдар, сонда меңзер қосарланған бағдарша түрінде болуы тиіс, енді бағдаршаны диагональ бойынша жоғары немесе төмен тартыңдар.
7. Суреттің өлшемін қалауларың бойынша таңдап, оны маустың оң жақ батырмасымен шертіңдер.
8. Динамикалық менюден Формат рисунка командасын таңдаңдар, Формат рисунка диалогтік терезесіндегі Положение қосымшасында шертіңдер де, Поверх текста опциясының жалаушасын алып тастаңдар, ОК-ді шертіңдер.
9. Кірістірілген сурет мәтіннің оң немесе сол жағында орналасуы үшін Обтекание қосымшасын таңдау керек, содан кейін вокруг рамки және по большей стороне шаршыларын және ОК-ді шертіңдер.
Мәтіңдеріне раушан гүлінің суретін мәтінде көрсетілгендей кірістіріңдер.

Фигуралық мәтін кірістіру
Енді мәтіңдерінді әдеттегідей атауын теріп қана емес, әрленген мәтінмен аяғына дейін безендірейік.
Ол үшін
1. Меңзерді мәтіннің басына орнатыңдар
2. Вставка – Рисунок – Объект WordArt командасын орнатыңдар
3. Коллекция WordArt диалогтік терезесі пайда болады, ондағы Текст надписи өрісіне өздеріңнің мәтіңдерінді енгізіңдер, мысалы, Розы, ОК-ді шертіңдер.
4. Мауспен фигуралық жазбаны орнатыңдар

WordArt диалогтік терезесі

Тапсырма 1

1. Кез-келген бір мәтін теріңдер
2. Қатесін түзетіңдер
3. Төмендегі операцияларды орындаңдар:
• Times New Roman – қарпін;
• 14 – қаріп өлшемін;
• оң абзацтық шегіністі;
• ені бойынша туралау;
• біржарым интервал орнатыңдар;
• мәтіңдерінді жартылай қарайтылғанмен, курсивпен белгілеңдер немесе астын сызыңдар;
• егер қажет болса, сөздерді тасымалдап, беттерді нөмірлеңдер.
• Мәтіңдерінді қапшықтарыңда шығармаларынның тақырыбына сәйкес атпен сақтап қойыңдар.
• Мәтіңдеріннің тақырыбына сай сурет салып, оны мәтіңдеріңе кірістіріңдер.

IV Сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалау.
V Үйге тапсырма: Word - тың графикалық мүмкіндіктерін оқып келу.
Категория: Компьютер-бум | Добавил: burja (07.04.2015) | Автор: Бауыржан E
Просмотров: 1235 | Теги: MS Word, графикалық мүмкіндіктері | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]