Главная » Статьи » Компьютер-бум

Сабақтың тақырыбы: MS Word графикалық редакторының мүмкіндіктері
Сабақтың тақырыбы: MS Word графикалық редакторының мүмкіндіктері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Мәтінге Clip Gallerey программасынан файлдан, сканерден және Word Art объектілерін енгізуді үйрету. Редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырып бойынша алған білімдерін деңгейлік тапсырмалар орындау барысында пайдалана білу;
б) Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, төзімділікке, оқу жүйесіне жауапкершілікпен қарауға, өз бетімен жұмыс істеуге, тәртіптілікке тәрбиелеу;
в) Дамытушылық: Оқушылардың информатикаға деген қызығушылығын, есте сақтау қабілетін, «тышқанмен» жұмыс істеу мүмкіндігін, алған білімді тиімді пайдалануға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: саяхат сабағы
Сабақтың типі: практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, мультимедиа
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысымын тексеру, техника қауіпсіздік журналын толтыруы
ІІ. Сабақтың мақсатын хабарлау
Оқушылар, біз теориялық бөлімде Word – тың графикалық мүмкіндіктерімен таныстық. Ал бүгінгі практикалық сабағымыздың мақсаты Clip Gallerey редактормен жұмыс жасау ережелерін бекітіп аламыз. Оны біз практика түрінде көрсетеміз. Бүгінгі сабағымыз ойын түрінде болмақ. Біздер саяхатқа шығып аралға жетуіміз керек, ал аралға жету кезинде бірнеше кедергілер болады солардын өтип аралға бірінші жетілеріңіз керек, Біз 4 топқа бөлінеміз, әр топта 2 оқушыдан. Сапарға кім қай кемеде кіммен шығатының анықтау үшін сіздерге мына жердегі әр түске боялған әдемі жұлдызшыларды таңдап өз жұбымызды табайық. Бір бірімізбен жарыса отырып, алдымыздағы ғажайып аралға жетуіміз керек (оқушылар таңдайды 1,2,3,4 топ, өз орларына жайғасады);
ІІІ. Өткенді қайталау
Ал, балалар сапар алдында тағыда бір білімізді тексерип алайық:
І кезең «Ой қозғау»
(дұрыс жауаптары экранға шығып тұрады)
1. Word мәтіндік реадкторы қандай объектілер енгізуге болады?
2. Объект енгізу қандай командалардың көмегімен орындалады?
3. Суреттер командасының қандай мүмкіндіктері бар?
4. Файлдан объекті енгізу командасының қандай мүмкіндіктері бар?
5. WordArt объектілерін енгізу командасының қандай мүмкіндіктері бар?
6. Автофигураның қандай мүмкіндіктері бар?
7. Сканерден объекті енгізу командасының қандай мүмкіндіктері бар?
8. Диаграмма командасының қандай мүмкіндіктері бар?

(Балалар жауап берулеріне қарай, кім дұрыс жауап берді соған дөңгелек беріліп отырамын)
ІІ кезең «Топтастыру»
Алдымызда тағы бір сын тұр (оқушылардың назарын өздерінің компьютерлерінде сақталған «Топтастыру» атта құжатты ашады). Мына аңдар мен құстарға, жемістер мен көкөністерге біздің көмегіміз керек екен, бұларды өз топтарына топтастырып кетейік, бастайық (Бірінші болған топтын ішінен біреуін шығарып, мультимедиада көрсетуі керек, әр топ әр-түрлі амалдарды пайдалану)

ІІІ кезең Сергіту сәті
Бәрімізде жақсы келе жатырмыз, шаршаған шығарсыздар, сондықтан қазір қауіпсізідк ережесін ақтай отырып көзге жаттығу жасап алайық. Өздеріңізді еркін ұстап:
1. Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер. Алысқа қадалып қараңдар;
2. Бастарынды бұрмай, СОЛҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер. Алысқа қадалып қараңдар;
ІV кезең «Кім тапқыр»
Алдымыздағы келесі кедергіні ойдағыдай меңгерсек, ғажайып аралға да жетіп қаламыз. Ол үшін мына әр түске боялған төртбұрыштін біреуін таңдап, оның ішінде жұмбақтын шешімін Paint графикалық редакторының көмегімен сурет салып, Word редакторына кірістіру
Категория: Компьютер-бум | Добавил: Бидоллаевна (19.09.2017) | Автор: Каушова Назым Бидоллевна E
Просмотров: 869 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]