Главная » Статьи » История |
Сыни тұрғыдан ойлаудың мазмұнын ашу және ерекшеліктерін көрсету
Аймақ негізгі мектебінің тарих пәні мұғалімі. Аймақ ауылы Тайынша ауданы Солтүстік Қазақстан облысы Сыни тұрғыдан ойлаудың мазмұнын ашу және ерекшеліктерін көрсету. Ұстаздар қауымы бұрынғы кеңестік педагогиканың тек мәлімет беруші рөлінен шығып, швейцар ғалымы И.Песталоццидің, итальян гуманисі М.Монтесоридің баланы еркін, логикалық ойлауы мен танымдық қабілетін дамыту проблемаларына көңіл бөлуде. Осы мақсаттарда 5 сыныптарда тарих пәнін өткізуде RWST жобасының стратегияларын жаңа буын оқулықтарына қолдану тиімді деп санаймын. Дамыта оқыту принципіне негізделген «Сыни тұрғыдан ойлау» жобасы дегеніміз не? Сыни тұрғыдан ойлау – американдық ғылымдардың идеялары негізінде құрылған жоба. Мағынасы сынау деген сөз емес, сыни ойлау – оқушының қоршаған орта ақпарат әлеміне, өзінің іс-әрекетіне сын тұрғысынан қарай отырып жетілдіру. «Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының философиясы – баланы өз бетінше ізденуге, шешім қабылдаудағы дағдыландыру, барлық баланы жеке зерттеу және бақылау болып табылады. Мен осы RWST жобасының стратегияларын 5 сыныптар үшін тарих пәнінен неге таңдадым? 1. Жаңа материалдардағы оқиға мен құбылыстарды оқушы өзі байқап, талдайды. 2. Білім даяр күйінде берілмей, оқушы ой еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арқылы қол жеткізеді. 3. Өткен тақырып, жаңа тақырыпқа, жаңа білімге негіз болады. 4. Оқушылардың түгел жұмыстануы. Әр түрлі деңгейдегі оқушылардың өз «зонасында» өсуіне жағдай жасау. 5. Оқушының «Субъектік белгілері» азайып, өзін «Обьект» сезінетін орта қалыптасады. Осы орайда, «Алғашқы адамдар өмірі» тарауынан өткізген өз сабағымды ұсынамын. Сабақ тақырыбы: Алғашқы өнер туындылары мен дүниетанымдылық қөзқарастардың пайда болуы. І. Қызығушылықты ояту. Тақтаға жазылған тірек сөздер арқылы сабақ түсіндіруді бастаймын: Ымдау Дыбыстау Қорқу сәті Сөз Сөйлеу Қуаныш сәті Қызығушылықты ояту мақсатында қорқу мен қуаныш сәті оқушылар қимыл мен дыбыстау арқылы өздері көрсетеді. ІІ. Мағынаны ашу Оқушылар оқулықтағы екінші тақырыпшаның 1,2,3 абзацтарын оқып шығып, ат қояды. Мысалы: 1. Оқушылардың қарақат теруге шығуы. 2. Демалуға жиналу, үңгір аузы. 3. Манастың үңгір ішіндегі қорқынышы. Болжам жасау стратегиясы Оқушылар оқулықты жабады да, Манастың үңгір ішінде не себепті қорыққаны туралы әңгімені өздері жалғастырып, ойша болжам жасайды. Жетелеу сұрақтары: 1. Манас үңгірдің жоғары жағына көзі түскенде не себепті айқайлады деп ойлайсыңдар? 2. Сүйекке аяғы шалынғанда оған қандай ой келді? Топтастыру стратегиясы Ең ежелгі мүсіндер – аналар мүсіндері болды. Алғашқы адамдар аналар мүсіндерін қазіргі тұмар секілді өздерімен алып жүрген. Өткен сабақтан еске түсіру сұрағы: - Рулық қоғамда аналар беделінің не себепті жоғары болғанын дәлелде? АНАҒА ТАБЫНУ Ой шақыру Алғашқы адамдар күннің күркіреуі, найзағайдың ойнауы, жердің сілкінуі сияқты табиғат құбылыстарының себептерін түсіне алған жоқ. Өздеріне түсініксіз құдіретті күштер туралы мифтер шығарды. Соның бірінде: «Ең алғаш бүкіл әлемді су басып жатты. Одан зәулім тау өсіп шықты. Бұл таудың ұшар шыңы аспан құдайы Аң болыпты. Оның іргесі жердің әйел құдайы Ки екен. Олардан ауа құдайы Энлил дүниеге келіпті... Ауа құдайынан тараған үлкен ұл Ай құдайы, сосын Күн құдайы жаратылып, тіршілік дами түсіпті» оқулықтан осы мифпен таныстырып, осы аңыз бойынша оқушыларды сурет салуға шақырамын. ІІІ. Толғаныс сәті. Робинзон Крузо өмірін еске түсіру, алғашқы адаммен салыстыру және «Қар адамы» (снежный человек) тақырыбынан шағын эссе жазу. Мұндай стратегияларды қолдану арқылы оқушылар оқулықтағы мәтіннің мазмұнын біліп қана қоймай, өз білімін өзі сынап, тез ойлауға, мұқият жазуға жетелейді.Мысалы, «Синквейн» стратегиясы бойынша: БЕС ЖОЛДЫ ӨЛЕҢ 1. Гоминид. 1. Тарих. 2. Еңкіш, түкті. 2. Қызықты,оқиғалы. 3. Тереді, аулайды, сөйлемейді. 3. Зерттейді, баяндайды, бағалайды 4. Тобырмен жүріп, терімшілікпен 4. Адамзат дамуының дәуірін оқытады айналысты. 5. Люси. 5. Шежіре. 1.Тарих. 2.Әсерлі, шытырман. 3.Жинақтайды, оқытады, қортады. 4.Өткен мен таныстырып, бағалауға тәрбиелейді. 5.Оқиға. Стратегияларды ұтымды пайдалану арқылы оқушы мәтінді қайта құрастырушы. Мысалы: 5 сынып «Қазақстан тарихы бойынша «Сәулет өнері ескерткіштеріндегі тарих» тақырыбын алайық. Онда шағын топтарда алдымен пікірлесіп, талқылап алған соң танысқан және өзіміз жинақтаған ақпараттарымызды ортаға саламыз: Осыдан соң қазіргі кезде киіз үй қажет және алатын орны ерекше дегендер бір топ, бұл пікірге қарсы шығушылар екінші топ болып пікірталасқа түседі. Киіз үй туралы ырымдар мен мақал-мәтелдер айта отырып, «Жайлауымның сәні - киіз үй» деген эссе жазу беріледі. Осылай өз сабақтарын түрлендіре білген ұстаз боп ұтымды әдістерді меңгере алған оқушының арасында да бірлік, өзара түсініктің жоғары болары сөзсіз. Әр сабақты қызықты да ұтымды өткізу оқушыға да жауапкершілік жүктейді. Оқушы - тек белгілі мәліметті қабылдаушы емес, сонымен бірге ол – жеке тұлға, ой иесі. Ол өзіне сын тұрғысынан қарап, өз ойын дәлелдей білу керек. Мысалы: «Теңгелер мен ақшалар тарихынан», «Дәлелденген эссе» стратегиясы. - өмірде адам үшін екі нәрсе – ақша ма, балалар, әлде басқа ма? - «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын» деген мақалға пікірлесіп көрелік. Өз дәлелдерін айтып бір оқушы жақтайды, екіншісі даттайды. Өзгелері сол пікірге сәйкес өз көзқарастары бойынша үнсіз екі топқа бөліне бастайды. «Жазба деректер» (6 сынып «Ежелгі дүние тарихы») тақырыбы. 6 сынып оқушысы –Бегалин Еділ «Топтастыру бойынша жұмысы. Хаммурапи заңы Әулет тарихы Геродот тарихы 6 сынып оқушыларының ойлау қабілетін кеңейту, жүйелеуде, өз пікірін өзгелермен бөлісуде және өз Отанының тарихын білуге деген құштарлықты ояту мақсатында мына кестені ұсынамын. « Біздің өлке – Қазақстан Республикасы». Оқушылар мәтінмен танысып шығып, мына кестені толтыра бастайды: V Білемін - - Білгеніме - сәйкес келмейді + Жаңа нәрсе ? Тереңірек білгім келеді. Отан, туған жер, ауыл, аудан, қала, аймақ сөздері. Шағын қала, орташа қала, үлкен қала. Кент, Біріккен ұлттар ұйымы, Парламент үйі, отар, Дербестік сөздері. Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстар туралы, барлық астаналары туралы терең мәлімет алғым келеді. Білімді жүйелеуде «Кубизм» стратегиясы бойынша мына тапсырмаларды әр топ болып орындау. 1. Отан туралы мақал-мәтелдер 2. Отан туралы әндер 3. Отандық рәміздер 4. Отанымыздың табиғи қазбалары. Қазақстан үкіметі ауыл проблемасына арнап, мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасын қабылдаған. Осы мәселенің экономикалық-әлеуметтік себептеріне тоқтала келе «Қазақ ауылының бүгінгі тағдыры» тақырыбына шағын эссе жазып келуді тапсырамын. «... Жазда атамның ауылына, барып едім қыдырып...» ары қарай жалғастырып, өлең шумақтарын құрастыру және «Болжам жасау» стратегиясы бойынша «Егер мен ауыл әкімі болсам...» тақырыптарына шығарма жазуға үйге тапсырма беру. 6 сынып оқушысы -Айдана өзі шығарған өлең шумақтары: «Жазда атамның ауылына Атам ауылы көңілді, Барып едім қыдырып. Айтам оны жыр қылып. Жатыр дала жайқалып, Самал желпіп еседі Көк кілемдей құлпырып. Тас төбемнен күн күліп». «Жер шарындағы адамзат. Қазақстандағы және дүниежүзіндегі халықтар». (6 сынып Қаз.тар.) тақырыбы мен танысып шыққан соң білімді салыстыру, сипаттауға мән береміз. Ол үшін мына кестені толтырамыз: Не білеміз? Білгім келеді? Не білдім? Адам – табиғат байлығы, Жер – Ана перзенті. 1991 ж. 16 желтоқсан – Қазақстанның Тәуелсіздік алған күні. Қазақ халқының бір ғана Отаны бар. Ол – Қазақстан Республикасы. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы. Бала құқықтарын терең білгім келеді. Нәсілдер, олардың белгілері, территориясы. 6 млрд. дүниежүзінде халық тұрады. Диаспора, адам құқықтарын қорғау туралы Декларация. «Жақсы мұғалім қиын сұрақтың өзін оқушы түсінігіне лайықты оңайлатады, ал жаман мұғалім сол сұрақтың өзіне сұрақ қойып, оқушыны адастырады» деп ағылшын педагогі Дайана Халперн айтқандай, сұрақ қоюдың да тәсілдері бар. Оқушыларға қойылатын сұрақтар мұғалімге де, оқушыға да ізденуді талап етеді. Сұрақтар: 1. Отты меңгерген соң, адамның қолы жеткен тамақтың түрі? 2. Қол шапқының тас балтадан қандай айырмашылығы бар? 3. Тас ғасырында адамдар қант пен тұзды білді ме? 4. Жер шарының адамдары тас ғасырында бүгінгі күн мен салыстырғанда неге мың есе аз болды? 5. Тас дәуірінен қандай өнер шығармалары сақталып қалды? 6. Түскі және кешкі аста ішкен тамақтарыңды еске түсіріп, құрамында болған өсімдіктерді ата? (терімшілікке байланысты) Мына тірек сөздерін пайдаланып әңгіме құра: Тас, мамонт, шұңқыр,аң аулау. Ормандағы өрт, от, аң еті. Ситуациялық сұрақтар: а) 1 ауыл 2 ауыл терімшілік , аң аулау. жер өңдеу, мал бағу. Қай ауылда адамдардың өмір сүру жағдайлары жақсы деп ойлайсың? б) «Сен ең алғашқы малшылар мен егіншілер ауылына тап болдың. Ол жерден не көрер едің?... » ІV. Әңгіме құрастыр. Жаңбырлы, суық кеште қауым мүшелері от жағып, үңгірге жиналады.Үлкендер де, балалар да қарап отырмай... V. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып жаз: ...Бұрынғымен салыстырғанда...және ...ойлап табу алғашқы адамдардың еңбек өнімділігін арттырады. Мұндай дамытушылық сұрақтар арқылы оқушы кітап көлеміндегі білімін жинақтайды, қосымша ізденеді, талдайды, образды қайта құрып, баға береді немесе әңгіме желісін өздігінен қайта құрады. «Автор орындығы» стратегиясы Сыныптағы ең белсенді оқушыны алғашқы адамның образына енгізіп (киімі,маскасы болады.),оқушылар оған бірінші жақтан сұрақ береді. Оқушы алғашқы адамның атынан тұрмысы мен қауымдағы шаруашылыққа жауап береді. Тарих пәнінен 6- сыныпта осылайша түрлендіре өткізген сабақтарым мынадай нәтижеге әкелді: Оқушы тек оқулықпен шектелмейді, жаңа ақпараттармен қамтамасыз етіледі. 1. Барлық оқушылардың белсенділігі артты, пікір алмасты. 2. Оқыту мақсаты психологиялық тұрғыдан орындалды. 3. Оқу мотивациясы жоғарылады. 4. Сөйлеу мен жазу мәдениетіне дағдыланады. 5. Әрбір оқушы өзіне сыни тұрғыдан қарап, өз ойына шек келтірмей, жауап айтуға үйренеді. 6. Уақыт үнемделеді. Қорыта айтқанда, СТО бағдарламасының әдістері арқылы оқушылардың ой- пікірі, көзқарасы, дүниетанымы қалыптасады. Оқушылардың белсенділігі артып, келесі сабақты асыға күтеді. Олардың тарихи әдебиетті оқуға деген қызығушылығы мен қажеттілігі қалыптасады. Өз пікірін айта алатын, өз көзқарасын дәлелдей алатын, ұлтын сүйетін оқушы ертеңгі өмірдің ағымына да төтеп бере алатын азамат болатынына мен кәміл сенемін. | |
Просмотров: 1366 | |
Всего комментариев: 0 | |