Главная » Статьи » История

70-80 жылдардағы қоғамның саяси даму ерекшеліктері
Сабақтың тақырыбы: 70-80 жылдардағы қоғамның саяси даму ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Саяси өмір ұстанымдарына түзетулер енгізілген бетбұрыстар кезеңінің материалдық- техникалық базасын жасау кезеңінде ұлт-аралық келеңсіз көріністерге жол беру, демократияны шектеу, еңбекшілерді билік пен меншікке жақындатпау адамның жеке бас құқығына мән берілмеген қоғамдық өмірдің мәнін түсіну.
Тәрбиелік. КСРО-ның ықпалына қарсы көрініс тапқан демократиялық қозғалыстарды үлгі ету. Жас жеткіншектердің демократиялық саяси құқықтарын білуге баулу.
Көрнекілік. Карта. Тірек сөздер. Қосымша әдебиеттер.О. Сүлейменов. АЗИЯ кітабы. Д.А.Қонаев. Өтті өмір осылай.
Топтың жұмыс тапсырмалары:
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен сабақты қайталау
а)Тестік тапсырмалар 10 сұрақ
ә) Маңызды оқиғаларды еске түсіру.
3) Жаңа сабақ
а) Мақсатын түсіндіру
ә) Негізгі оқиғаларға шолу жасау
б) Тірек сөздері бойынша жұмыс
в) Д. А. Қонаевтың естеліктері
г) О. Сүлейменовтың АЗИЯ кітабы
д) Оқушылар шығармашылығы
е) Оқушылардың пікірлері.
І Оқушыларды топқа бөлу
ІІ Өткен сабақты қайталау
5 мин. Тестік тапсырмалар. Жауабын тарих пәнінің мұғалімдері тексереді.
ІІІ Маңызды оқиғалар бойынша сұрақ жауап. 3 мин
Бағалау тақтасына қойылады.
ІV Жаңа сабақ. Тақырыбы: 70-80 жылдардағы қоғамның саяси даму ерекшеліктері.
Мақсаты: Бетбұрыс кезеңі деп аталып отырған бұл қоғамдық өмірде болып жатқан келеңсіз құбылыстарға наразылықтар көрініс тапқан демократиялық қозғалыстар үлгі бола алады. КСРО-ның ықпалына біздің сол кездегі ел басыларымыз жастар, зейнеткерлер қандай көзқараспен қарады?
Қоғамдық өмірде О. Сүлейменовтың, Д. А. Қонаевтың рай қандай? Осындай мәселелерді қарастырсақ.
а) Негізгі оқиғалар бойынша оқушыларға топтық тапсырма береміз.
б) Тірек сөздерінің мағынасын ашу . 5 мин


Топтық тапсырмалар өз тапсырмасының мағынасын ашады

І топ. 70-жылдардың бас кезіндегі жаңашыл үрдістер. Қазан төңкерісінің 50- жылдағы Чехословакия- демок қоғам орнату.
ІІ. Комунизмнің материалдық- техникалық базасын жасау.
1977 жыл КСРО конституциясы.
ІІІ. Топ. Ақмола жастарының наразылығы.
Әр топ өз тақырыптарының мағынасын ашуға қосымша әдебиеттерді пайдаланады.
в) Д.А Қонаевтың естеліктері бойынша әңгіме.
г) О. Сүлейменовтың АЗИЯ кітабы бойынша әңгіме. 3 мин
д) Демократиялық қозғалыстардың нәтижесінде Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланғаннан бері ішкі және сыртқы саясатына қандай нәтижелерге қол жеткізді?

Қазақстан конституциясы. Тіл туралы заң. Қазақстан - 2030 нақты тапсырма.
Оқушылардың топтың жұмысы бойынша пікірлерін таңдау. Оқушыларға бөлініп берілетін шығармашылық тапсырмалар.
І топ
Тәуелсіз Қазақстанның саяси міндеттері.
Ішкі саясат. Бағыттары. Сыртқы саясат

Мақсат.

ІІ топ.
Қазақстандағы саяси процестер.
1991 ж 16 желтоқсан. Қазақстан Республикасының
Мемлекттік тәуелсіздігі туралы заң.

ІІІ топ.

Қазақстан эканомикасындағы
өзгерістер.

Еркін экономикалық аймақ.

ІV топ
Нарықтық экономиканың қалыптасуы.

жекешелендіру. баға рефор.
Жұмыстың қортындысын шығару бірлесе отырып. Қосымша сұраққа жауап беріп топқа бал қосу.
Сабақты қорыту. 70-80 жылдардағы қоғамдық өмір әкімшіл-әміршіл жүйенің күні өткендігін дәлелдеді . Оған 1986 ж желтоқсан оқиғасы айқын көрініс Қазақ жастарының ұлтжандығы, саяси саналылығы еді. Кеңістік қоғамның саяси жүйесіне тән белгілер. Еліміздің қазіргі дамуы.
(үйге тапсырма).
Бағалау.
Категория: История | Добавил: даметкен (01.10.2014) | Автор: МУСРАЛИНОВА ДАМЕТКЕН СОВЕТХАНОВНА E
Просмотров: 1330 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]