Главная » Статьи » История

Адамды кім жаратты?
Күні, айы, жылы________________
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §3. Адамды кім жаратты?
Сабақтың мақсаты:
● Адамның пайда болуы туралы эволюциялық және діни ілімдердің калыптасып, даму тарихы және адамның даму сатысы туралы білім беру.
● Адамның пайда болуы туралы түсініктерін дамыту. Адамның дамуының әр сатысындағы қол жеткізген жетістіктерін салыстыра отырып, айырмашылығын, ортақтығын тауып, ой корытындылай білу қабілеттерін дамыту.
● Оқушыларға бүгінгі адамзат баласы осындай қалыпқа жетуі үшін ұзақ та киын кезеңді басынан кешіргенін, оған еңбектің аркасында жеткенін айта отырып, еңбексүйгіштікке, ал адамның пайда болуы туралы діни түсінікті қалыптастыра отырып, оларды имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: сұрақ – жауап, баяндау, интерактивті
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
● Оқушылармен сәлемдесу.
● Оқу құралын түгелдеу.
● Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Тарих қандай деректер арқылы жазылады?
2. Ауызша деректер бізге қалай жеткен және оны сақтаушылар кімдер болды?
3. Археолог ғалымдарымыздың тарихты жазуға қалай көмектесетіні жайлы айтып беріңдер.
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Адамның пайда болуы туралы.
2. Жаратушы туралы аңыздар.
3. Жаңа замандағы адам туралы ілімдердің дамуы.
4. Адамның пайда болуы және оның дамуы.
5. Саналы адамның қалыптасуы.
6. Адам баласы қазақ жерінде.

Адамды кім жаратты?

Сабакта алғашқы адамның пайда болуы әлі күнге толық ашылмаған құпия жұмбақтарға толы күрделі мәселе екенін айтамын. Эволюциялык ілім бойынша адам бірте – бірте биологиялык даму нәтижесінде калыптаскан. Сонымен бүгінде әлі де адамды Құдайдың жаратқаны туралы ілімнің жокқа шығарылмайтынын айта кетемін. Осы жерде салыстырмалы түрде адамның жаратылуы жөнінде эволюциялык, ілім мен Құдайдың адамды жаратқаны туралы наным – сенімдер туралы әңгімелеп айтып беремін.
Сабақта өтілетін материал көп, бірақ бұл балаларды қызықтыратын такырыптардың бірі. Сондыктан үйден алдын ала қалайша уақытты үнемдеп, сабақта барлык материалды меңгеріп шығуға болатынын жоспарлаймын. Мысалы, «Жаңа замандағы адам туралы ілімдердің дамуы» туралы тақырыпша ХVIII – ХІХ ғасырларда Еуропада қалыптаскан ғылыми түсінікте XVIII – XIX ғасырларда өсімдіктер мен жануарлар туралы жан – жақты зерттеліп, көптеген еңбектер жарық көрді. Солардың ішінде біз сендермен Чарльз Дарвин, Фридрих Энгельс, Жан Ламарк сияқты ғалымдардың адамның пайда болуы туралы көзкарастарымен танысамыз.

Адамның қалыптасып, дамуы туралы ілімдер
Зерттеушілер Ілімі
Карл Линей, Чарльз Дарвин Адам мен маймыл арасындағы туыстық қатынас туралы
Ф.Энгельс Адамның қалыптасуына еңбектің қажеттілігі тікелей әсер етті
Жан Ламарк Маймылдың бірте-бірте дамуының барысында адам қалыптасты

Жаңа сөздер:
Тотем – рулық қоғамдағы адамдар тобының шығу тегін жануарларға, өсімдіктерге немесе табиғат құбылыстарына байланыстыруы. Осы негізде қалыптасқан сенімдер мен әдет – ғұрып, салт – сана жиынтығы.
Гоминид – адамзаттың маймыл тектес ең алғашқы ата – бабалары.

ІҮ. Сабақты бекіту:
1. Қазақстан аумағында алғашқы адамдар қай уақытта пайда болды?
а) 1 млн жыл бұрын ә) 40 мың жыл бұрын
б) 2 млн жыл бұрын в) 5 мың жыл бұрын
2. Ежелгі адамдардың тұрағы Қазақстанның қай аумағынан табылды?
а) Жоңғар Алатауынан ә) Қаратау маңынан
б) Торғайдан в) Үстірттен

Кестені толтырыңдар.

Адамның пайда болуы
Алғашқы адамдар Табылған жері Өмір сүрген уақыты
Австралопитек
Питекантроп
Синантроп
Неандерталь
Кроманьондық

Ү. Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма: 3 параграфты оқу, мазмұндау, кестені толтыру.
Категория: История | Добавил: sevkaz_mail (24.02.2016) | Автор: Оразов Еркеш Маратвич E
Просмотров: 1884 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]