Главная » Статьи » Казахский язык и литература

Ақсу қаласы (презентация)
Ақсу қаласы – облыс аумағының орталығында Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан. Жақын аудандар Ақтогай, Павлодар, ішін-ара – Лебяжі, Май, Екібастұз қаласының аймақтары, сонымен қатар Баянауыл ауданының кейбір бөліктері.
Ауданы жағынан Ақсу қаласының аймағы облыс бойынша 6 орынды алады, оның үлесіне облыстың 7,2 % ауданы немесе 808966 га, ауыл шаруашылығының - 741,8 мың га, жер өңдеудің - 46,9 мың га, пішен шабу – 38,6 мың га кіреді.
Ақсу қаласының аймағына: 1 Ақсу поселкесі, Алғабас – 3 ауылы, үштерек және Қалқаман; 11 ауылдық округтер – Айнакөл, Ақжол, Достық, Евгеньевск, Еңбек, Жолқұдық, М. Омаров атындағы, Құркөл, Қызылжар, Пограничный, Сарышығанақ жатады.
Әкімшілік орталығы – Ақсу қаласы, облыс орталығынан қашықтығы 50 км. 1961 жылғы 23 қазанда құрылған.
Ақсу қаласының индустриялық специализациясы бар, бірақ бұрынғы Ақсу ауданының әкімшілік-аумақтық бағынуға тапсырылуымен байланысты 1997 жылы ауыл шаруашылық бағытына да ие болды.
Тұрақты халық 68,2 мың адам, оның ішінде қала халқы – 45,0 мың адам (оның ішінде Ақсу поселкесі). Экономикалық белсенді халық 38660адамды, жұмыссыз 2874, зейнеткерлер 9221, мүгедектер мен ҰОС ардагерлері 51 адамды құрайды.
Қазақстан Республикасының шағын қалаларының бірі. Жеке сектормен қатар әдемі ерекше дизайнмен көп қабатты шағын аудандар мен ғимараттары бар жинақы, таза, жайлы қалашық қала халқына ғана емес, қонаққа келушілерге де өте ұнайды. Жасыл желекті саябақ алқаптары мен саяжолдары, гүлзарлар мен суойнақтары, Ертіс өзенінің көркем жағалаулары – олар халықтың сүйікті орындары және де ақсулықтар өз қаласын шын жүректен жақсы көреді әрі мақтан тұтады.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: bibon (13.12.2014) | Автор: Заирова Бибигуль Бейсенбековна E
Просмотров: 1295 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]