Главная » Статьи » Казахский язык и литература |
«Тілді білсең мендей біл» білгірлердің сайысы
Мақсаты: 1. Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету;қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;сұрақтарға тез,дұрыс жауап беруді меңгерту, оқушылардың білімдерін шыңдап,ой-өрісін кеңейту; 2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,ауызша,жазбаша сөздік қорларын дамыту; сөздерді, мақал-мәтелдерді аудара білуге жетілдіру; 3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру; отаншылыққа, мемлекеттік тілге деген құрметке,көптілді маман болуға тәрбиелеу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,қазақ әдебиеті,орыс тілі,ағылшын тілі. Сабақтың әдісі: жеке сұрақ-жауап, аудару, мақал-мәтелді сәйкестіру, тақырыптық әңгіме құру-көркем сөз (монолог), . Сабақтың түрі: сайыс сабақ Сабақтың көрнекілігі: таблица,сабақтың эпиграфы интерактив. тақтада жазылған тапсырмалар ,сөзжұмбақтар,1-ден 10-ға дейін сандар. Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар жазылған қиықшалар,таблица,сабақтың эпиграфы жазылған плакат,сөзжұмбақтар,тестік тапсырмалар,1-ден 10-ға дейін сандар. Сабақтың эпиграфы: Көп тіл білсең көкжиегің кең болар, Құрметтейді кісі екен деп төрге озар. Қай елде жүрсең де бұл дұрысы- Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі а) Іс- шараның мақсатымен таныстыру; 2. Іс-шараның барысы: 1.Кіріспе. Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы, Әнұраны, Туы, төл теңгесі бар.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар.Ол, әрине,қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы - мемлекеттік тілді білу, оны құрметтеу. Қазір мектепте тіл апталығы өтіп жатыр, соған орай біз өз іс—шарамызды өткізуге рұқсат етіңіздер. Бүгінгі біздің іс-шарамыздың мақсаты осы мемлекеттік тіл - қазақ тілінің білгірін анықтау. Бұл мерекелік шара сайыс түрінде өтеді. «Сайыс» сөзіне синоним тапсақ, «жарыс», «турнир» деген мағына береді. Сайысқа 8 сыныптарының командалары қатысады. Тапсырма саны-7, әр кезең сайын команда жоғары ұпай жинап, белсенділік таныту керек. Соңғы кезеңде жеңімпаз анықталады. 2- кезең: «Бәйге». Сайыскерлердің қолында 1-ден 11-ге дейін сандар.Бұл сандар тізім бойынша беріледі.Қай сайыскер сан жазылған карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді. Жауабы дұрыс болмаса, басқа сайыскерлер жауап бере алады. Жауаптарын орысшаға аударады. 1.Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбаев) 2.Абайдың шын аты? (ИбраҺим) 3.Қазақ тілінде неше септік? (7) аудару 4. «Закон сингармонизма» сөзінің қазақша мағынасы қандай? (Үндестік заңы) аудару 5.Сөйлем аудармасы ? (предложение) 6. «Подлежащее» деген не? (бастауыш) аудару 7. Қыс айларын ата (желтоқсан,қаңтар,ақпан) аудару 8.Қыста не жауады,не соғады? (қар,боран) аудару 9.Барыс септігінің сұрақтарын ата? (кімге,неге,қайда) аудару 10.Ілік септігінің жалағауларын ата? (-ның, -нің т.б) 11. Көмектес септігінің сұрақтарын ата? (кіммен?немен?) 12.Күнпарақ дегеніміз не? (күнтізбе) 13.Бір жылда неше күн бар? (365) аудару 14.Бір айда қанша апта бар? (4) аудару 15.Бір тәулікте қанша сағат бар? (24) аудару 16.Бір сағатта неше минут бар? (60) аудару 17.Бір ғасырда қанша жыл бар? (100) аудару 18.Бір аптада қанша күн бар? (7) аудару 3 кезең Мақал - мәтел сайысы. Сайыскерлер Отан, тіл, достық туралы мақалдар айтудан жарысады. - Қане, мақал айтудан жарысайық. Қай топ көп мақал біледі екенін, қазір тамашалап көреміз. 4кезең « Кім жылдам?» Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау қажет, тақтаға ілу қажет. 1 Бейнеленген, қанатты, жағында, екі, елтаңбаның пырақтар. ( Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген) 2 Біздің, білдіреді, шаңырақ, біртұтастығын, Отанымыздың. ( Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді) 3 Өмір, өкілдері, аса, жүзден, ұлттың, Қазақстанда сүреді. (Қазақстанда жүзден аса ұлт өкілдері тұрады) - Ал енді әділқазылар өздерінің бағаларын берсін. 5 кезең «Әріптер сайысы» Топтың әр мүшесі әріп таңдап алып, қойылған сұрақтарға сол әріптерден басталатын сөзбен жауап береді ( А, Ә, Б, Е, Ж, К, Қ , М, Н, О, Р, С, Т, Ү, Ш) I – топтың сұрақтарына қойылатын сұрақтар:(Ә,Б,М,Н,Қ ,Ұ) 1 Бүгін қандай күн? 2 Қайдан келдің? 3 Аспанда не бар? 4 Қандай тағамдар ұнатасың? 5 Бір жылда неше ай бар? II - топтың сұрақтарына қойылатын сұрақтар:( Ж, Н, Ү, А, Ш, Е ) 1 Сыныбыңда неше оқушы бар? 2 Анаңның аты кім? 3 Сенің мінезің қандай? 4 Мектеп мұғалімдері қандай? 5 Бос уақытыңда не істейсің? 6 кезең « Сен білесің бе?» Тақтада берілген бейнесуреттер бар. Қазақтың ұлттық ойындары: Қазақтың салт – дәстүрлері 7 кезең « Ойлан , тап» Сендерге бір сөз беріледі, сол сөзден жеке сөздер құрастыру керек. Барлық сөз таптарын қатыстыруға болады. Әділқазылар алқасы оқушыда неше сөз болса, сонша ұпай қосады. Берілетін сөз – «Құрметтеулерінің» - құрмет, ұр, тер, метр, ін,, ер, тең, ірі, рең, рет,ем, мең, құм, мен, құр, құн, ніл, т.б «Тілді білсең мендей біл» білгірлердің сайысы Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дегендей ойыншыларымызды бағалау үшін, жеңімпаздарды анықтау үшін әділқазыларға сөз берейік. (Оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталады) Қорытынды сөз: Сонымен , қадірлі қонақтар мен ұстаздар, оқушылар, «Тіл – ұлт қазынасы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы, қазынасы. Тілден артық қазына,тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік. Сондықтан оны қадірлеп, бағалау керек, - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. - Келіп қатысқандарыңызға көп рақмет! | |
Просмотров: 2385 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 1 | |
| |