Главная » Статьи » Казахский язык и литература |
Өнер жас талғамайды
«Өнер - жас талғамайды» атты салтанатты кештің Сценарийі Кездесудің өтілетін орны: Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі Мерзімі: 25.11.2013 ж Басталуы:12.00 Ұйымдастырушы: «Толық күнді мектебінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық шарттары» тақырыбындағы эксперименттік алаңның «Сөз зергерлері» секциясының мұғалімі Бердыбаева Ғ. , 10 «Б» сынып жетекшісі Қалмұратова А. Жанды дәліз... залда күй ойналып тұрады.Көрермендер орындарына жайғасып отырады. Жүргізуші: 1.Қадірменді көпшілік! Бала десе ішкен асын дастарханға қоятын бауырмал ағайын! Бүгін біздер мен сіздер арамызда өз өнерін ұштап, талантымен көзге түскен шәкіртіміз Ақтоты Уалиханованың өнерін тамашалайтын боламыз. Жалпы, кештің мақсаты: Жас ұрпақты шығармашылыққа баулып, әсемдік жеміне қызықтырып, талантты да, парасатты ел азаматтары болуын насихаттау еді. Өнер десе елең етпейтін пенде жоқ. Қазақ деген елдің құшағы кең, мейірімі жүректі елжіретер, пейілі дархан, өнері ұшан – теңіз. Сол даланың әрбір перзенті өнерден кемде — кем емес. «Өнер жас талғамайды» бүгін сіздермен бірге, мектебіміздің дарынды шәкірті, жас талант ақын Ақтоты Уалиханованың тұсау кесер шығармашылық кешін тамашалағалы отырмыз. Ендеше, өнер иесіне қошамет көрсетіп, ортамызға шақырайық. Сахнаға жас ақын Уалихан Ақтоты өз шығармасымен сахна төріне шығады. Өлең жазам, қарсы келер қане кім? Мен жазамын тұщымды ойдың дәйегін. Көркем сөзден жыр тұлпарын жасап ап, Аралаймын әдебиет әлемін. Мен жазамын сұлулықты жердегі, Бәз біреулер күмәнданып сенбеді. Бар арманым туған тілді көтеру, Керегі жоқорыны да жүлдел.і Болсам деймін бетке ұстар қазақтың, Мені алдымда күтуде әлі ғажап күн. Жеткілікті ұшталғаны қаламым, Қажеті де шамалы шен,атақтың. 2. Сөз анасы – бұлақтан, Тыңдаушысы құмартқан. Күйге кезек берейік, Мейірбектей дарынды, Қошаметтеп демейік. Күй көңілдің бұлағы, — деп аталарымыз бекер айтпаған. Халық күйі «Балбырауын».Орындайтын 6 «а» сынып оқушысы Әзімбаев Мейірбек Сахнаға жүргізушілер шығады. 1 жүргізуші: Армысыздар алқалы әлеумет, құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар, ардақты оқушылар! Өркениеті өрлеген көне түркілік дәуірден келе жатқан бір қағидамыз «Әдеп – басы тіл»деген сөз екен. Сөз барша өнер атаулының бастауы десек, сол бастаудың ұшар шыңында бірегейлердің ғана қолынан келетін «Сөз патшасы-өлеңнің» орыны оқшау. Осындай аса күрделі құбылысты игеру бақыты бірегейлердің ғана маңдайына бұйыратын несібе. 2 жүргізуші: Елін, жерін, Отанын Сүйіп өтер баламын. Сондықтанда өскенде, Мен патриот боламын! деп жырлаған жас ақын, патриот ақын , мектебіміздің үздігі Уалихан Ақтотының «Өнер жас талғамайды» атты салтанатты кешімізге қош келдіңіздер. Кешті ашып беру үшін, мектебіміздің «Толық күнді мектебінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық шарттары» тақырыбындағы эксперименттік алаңның жетекшісі Қошқарбаева Гүлбакира Тортайқызына сөз кезегін береміз. 1 жүргізуші: Бүгін біз Ақтотының кешінен үлкен лаззат алып, әдебиетке деген қызығушылығымыз оянып, көкірегіміізге анаға,елге, туған жерге деген махаббат сезімізді түйіп алармыз .Ендеше, «Көп сөйлеп созбайын» -деп Абай атамыз айтқандай, өнер кеші баршамызға ортақ, сондықтан өнер мерекесі құтты болсын,ағайын! 2 жүргізуші: Тіл – қастерлі де қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Жас ақынның тіл, туған жер тақырыбына жазылған өлеңдеріне сөз кезегін береміз. 1. «Тілім менің» Нұрмұратов Нұрсейіт 10 «б» сынып оқушысы 2. «Туған жер» Тайжан Гүлнар 7 «а» сынып оқушысы 3. «Таласым менің» Қалмұратова Назерке 7 «а» сынып оқушысы 3. 1. Жүргізуші: Қазақ еліне Егемендік оңайлықпен келмеді. Желтоқсан оқиғасы талай жанды тебірентпей өтпеді. Қайғысы да қуанышы да мол болды.Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізді.Тұңғыш Елбасын сайлады. Сол оқиға Ақтотыны да бей-жай қалдырмады. Соның жемісі болып «Тәуелсіздік», «Елбасына» өлеңдері дүниеге келді. 2. Жүргізуші: 1. «Елбасына» Еркінбаева Индира 7 «в» сынып оқушысы 2. «Тәуелсіздік» Жадигеров Бауыржан 9 «в» сынып оқушысы 4. 1. Жүргізуші: Өнерлінің өресі кеңге жайылады. Өмір сүру мен армандардан тұрады. Ақтотының 2009 жылдары қаламынан туындаған шығармалары мол. Солардың бірі «Сағыныш» өлеңі. 1. «Сағыныш» Сүндеттегі Аякөз 9 «г» сынып оқушысы 2. «Достық» Көпейсінов Ықылас 7 сынып оқушысы 5.2. жүргізуші: Уалихан Ақтотының жас жүрегінен туындаған жырларға кезек берейік. 1 «Мен патриот боламын» Уалихан Ақмерей 5 сынып оқушысы 2. «Ажал құшқан шекарашы қырандар» Уалихан Сенім 8 сынып оқушысы 3. «Жыламашы, Жан Ана!» Уалихан Сенім 8 сынып оқушысы 6. 2.жүргізуші: «Кетпеші, кетпе жаным, тастамашы» композициясы. Қабыл алыңыздар! (Жадигеров Бауыржан 9 сынып , Уалихан Ақтоты 10 сынып) Компазиция 1. жүргізуші: «Махаббат жалыны» орындайтын 10 сынып оқушысы Сабыр Надира 7.1.жүргізуші: Сезім толы бір әнді бастар ма екем, Бастаймын ғой мені не жасқар бөтен Шәй ұсынып отырған құбаша қыз Күліп маған көздерін тастар ма екен. 2.жүргізуші: «Есімде гүл терген кез көктемде Есті қыз ер жігітті шет көре ме?» Ғашықтықты паш еткен осынау бір. Шәмші ағаның әуені дөп келе ме?- деп ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті махаббат тақырыбында жазылған өлеңдерге кезек берейік. 1. «Қинамаймын» Көшербай Айгүл 2. «Белгісіз жан» Бауыржанқызы Назым 3. «Б-ға» Сүндеттегі Аякөз 4. «Мен сізге ғашық едім» 5. «Қайдасың» 6 «Өмірге өкпе» 8. 1.жүргізуші: Ұстаз- дауа, жұрт білімге шөлдесе, Ойлылардан ақыл алған ел неше Қайда болсын қарапайым, кең жүрек, Мұғалімге қарыздармыз ендеше! 2. жүргізуші: «Ұстаз болу- өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деп дана халқымыз айтқандай, Ақтотымыздың ұстаз туралы өлеңіне кезек береміз. «Ұстазға» орындайтын Алипбаева Мадина 7 сынып оқушысы 9.1. жүргізуші: Жүрегі елім деп соққан жас ақын, қазақ әдебиетінің асыл мұрасын, елінің мәртебесін көтерген ұлы ақындарды да өз өлеңіне арқау еткен.Соның бірі қазақ поэзиясының шоқтығы биік жұлдызы, ақиық ақын М.Мақатаевқа, ұлы кемеңгер ақын А.Құнанбаевқа арнаған өлеңдерін назарларыңызға ұсынамыз. 1. «Абайға арнау» Елеуов Әлімхан 5 сынып 2. «Мен Абаймен мақтанамын» Ходжанова Гаухар 6 сынып 3. «Сезімім де, серігім де - Мұқағали» Уалихан Ақтоты 10 сынып Уалихан Ақтоты: Бұл кеште біз өзімізбен оқитын сыныптастарымыздың өнерлерін ортаға салып көптің тамашалауын жөн санадым. Сахна – шәкіртті шыңдай түседі.Сахна — үлкен өнер әлеміне бастайтын сара жол. Бәлкім, көптің ішінен небір таланттылар жарқырап шықпасына кім кепіл. 2.жүргізуші: «Болмасаңда ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» деп Абай атамыз жырлағандай өзіңіз сияқты ақындық жолға бет бұрған жас ақындардың өлеңдеріне кезек берейік. 1.Дүйсенов Райымбек 10 сынып оқушысы 2.Нұрмұратов Нұрсейіт 10 сынып оқушысы 3. Гайбуллаева Айгерім 7 сынып оқушысы 4. Елеуов Әлімхан 5 сынып оқушысы 1.жүргізуші: Кешіміздің соңында Уалихан Ақтотының қазіргі қазақ жастарына арнап айтқан өлеңімен аяқтағымыз келіп отыр. Ақтотыға оқуда ,өмірде сәттілік тілейміз.Әр қашан тек биіктен көре берейік демекпіз. «Азған ұрпақ немесе қазіргі ұрпақ» Гайбуллаева Айгерім 7 сынып оқушысы Источник: http://Ғазиза | |
Просмотров: 1453 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 1 | |
| |