Главная » Статьи » Казахский язык и литература

Әдебиет сабақтарында оқушылардың ізденушілік және шығармашылық іс-әрекет дағдыларын дамыту
Жамбыл облысы Байзақ ауданы
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі
Қошқарбаева Гүлбакира Тортайқызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі,
жоғары санатты ұстаз.
Халықаралық ұстаздар одағының мүшесі
Облыстық «Үздік мұғалім» байқауының
жеңімпазы


Әдебиет сабақтарында оқушылардың ізденушілік және шығармашылық іс-әрекет дағдыларын дамыту

«Терең білім –теңдессіз қазына» деген халқымыз. Білім- оқушының ақыл-ойын дамытатын парасаттылық, ұлтжандылық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыратынең негізгі құрал десек, қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жанты, білімді өмір сүруге бейім, өзіндік ой- толғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Елбасымыз Н. Назарбаев: Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейінде айқындалады, - деп XXI ғасыр деңгейінде білім берумен кәсіптік даярлауға ерекше назар аударып отыр. Бәсекеге төтеп бере алатын, білім деңгейі жоғары мамандар даярлау – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Міне, осындай бүгінгі заман талабы іскер, белсенді, қандай жағдайда да жол таба білуге бейім жеке тұлға тәрбиелеуді қажет етіп отыр. Сондықтан мектеп қабырғасында оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілуі тиіс. Оқушының өзіндік сөз саптауы, тілдік қоры, сөзді орынды қолдана білуі, ойын тұжырымды жеткізе білуі оның шығармашылық жұмысына айқын байқалады. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілу, көп нұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардың шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдер озығы өмірге келуі, олар әр бір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады. Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс -әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік- экономикалық жаңалықтар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен мәселе саналып, ойландыруды тиісті деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдардың қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарды өте ертеден зерттеліп келеді.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық – тарихи іс-әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамытып, отыратындығын атап көрсетеді. Демек, сынып оқушыларының тұлғалығын тәрбиелеу үшін ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн. Бірінші – адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілеті болатындығымен дәлелдеуге болады. Шығармашылық – іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі. «Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлау, табу» деген мағынаны білдіреді. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», - деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С. Выготский «шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған». Шығармашылық – өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы баули алуға болатындығы жайлы көп айтуда. Сондықтан мектеп қабырғасында оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға көптеп мән берілуі тиіс. Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі қайшылықтарды түсіну, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек. Шығармашылық жұмыспен шұғылдану барысында оқушы мен мұғалім арасында тығыз қарым-қатынас, түсінушілік терең орын алу керек дей келе оқушы мен мұғалімнің шығармашылық жұмыс кезінде есте ұстайтын мына шарттарына тоқталсам:
Оқушы:
- Қажетті,өзін қызықтырған тақырып таңдау;
- Таңдалған тақырып төңірегіндегі ой-тұжырымдарын таразылай білу;
- Негізгі ойды, өзіндік көзқарастарды белгілі бір жүйеге түсіру;
- Сөз шырайлысын сақтау;
- Жүргізіліп отырған шығармашылық жұмысқа қойылған талаптардан ауытқымау;
- Шығармашылық жұмыстың жаңашылдығын даралау.
Мұғалім:
- Оқушының шығармашылық жұмысқа деген қызығушылығын ояту;
• қызығушылығын ояту мақсатында өлең оқу оқушының ойын білу үшін, сұрақ қою, қызықты оқиғаларды әсерлі әңгімелеу;
• ізденімпаздыққа баулу
• шығармашылық жұмыстарды жүйелі жүргізу
• оқушыға үнемі үміт арттыру;
• оқушының мүмкіндігін бағалау, жетістігін мадақтау;
• оқушыларды сөз өнері әлеміне ендіру үшін олармен бірге жағдаятқа ену.
Шығармашалық әр адамның жеке дара ой еңбегі. Шығармашалық жұмыстар жүргізу арқылы мұғалім оқушының таным белсенділігін, ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі. Шығармашылық жұмысты жүргізу кезінде көптеген оқушылар қиналады. Әрине бұл жерде әр оқушының шығармашалық жұмысқа деген қабілетін ескере отырып, мұғалім жоғарыда келтірілген шарттарды басшылыққа ала отырып, өзіндік шеберлігін таныта білуі қажет. Осы жерде Д.Родаридің мына бір сөзі еріксіз еске түседі: «Сөз өнерін меңгеру барлық адамға суреткер болу үшінемес, ешкімге, ешнәрсеге тәуелді болмау үшін керек». Сөз өнерінің рөлі барлық өнерден жоғары. Сөз сырына, сөз сарасына, табиғатына үңілу оңай шаруа емес. «Баланың маңайында сөйлесетін сөздер де, әдепті, сұлу болуы тиіс және баланың маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары да әдепті, сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады»,-деп, ақын Мағжан Жұмабаев айтып кеткендей, шығармашылық жұмыс оқушының өзі көрген, байқаған, көкірегіне түйген барлық жақсылық, сұлулықты қалай түсінгеніне де байланысты болатындығын есте ұстау қажет.
Дарынды бала! Осы бір сөзде қаншама мән-мағына жатыр. Сол дарынның көзін ашу, ояту мұғалім үшін үлкен міндет. «Бұлақ-көрсең көзін аш демекші, талантты баланы дұрыс тани білген абзал».
Мен өзім сабақ беретін сыныптарда шығармашылықпен жұмыс атқарып, өзіндік ізденістерін ортаға салып жүрген оқушылар да аз емес.
Сондай-ақ оқушыларымның бірі Уалихан Ақтоты 6 сыныптан бастап, ақындық қабілетін танытып, шығармашылықпен айналысып жүрген қыз. Ақтотының бір топ өлеңдері «Балдәурен», «Балғын шақ», «Ауылжаңалығы», «Арай» газеттерінде жарияланып, «Жырлайды жүрек» атты өлеңдер жинағы мектеп ішінде таратылды.
Мектеп оқушылары арасында өткізілген облыстық ХІV Абай оқуларында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» байқауында ІІ дәрежелі дипломды, облыстық «Ақберен» білім және өнер байқауында ақындар мүшайрасы номинациясы бойынша І дәрежелі дипломды, Республикалық «Ақберен» білім және өнер байқауына қатысып сертификат алды. Міне, осындай дарынды оқушылармен жұмыс істей отырып, олардың қабілетін ашып, көпшілік ортасынан шығару, оқушының талабының өркендеуіне себебін тигізері сөзсіз.
Дарынды оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу үшін түрлі әдістерді пайдаланамыз. Төмендегі ұсынып отырған жоба бойынша оқушылармен жұмыс жүргізілді:
Тақырыбы: «Білім нәрі-ізденісте»
Ұраны: «Ізденген жетер мұратқа»
Мақсаты: Қазақ тілінің қолдану сапасын көтеру, тіл тазалығын сақтау, мәдениетті меңгерту, шығармашылыққа, шешендікке, өнерге баулу
Міндеті: диагностикалық зерттеу негізінен баланың табиғи дарындылығын ашу және дамыту, оқушылардың «Тіл білімі» туралы ғылыми ізденіс жұмыстарын, қызығушылықтарын арттыру.
Көзделетін нәтиже: Мектеп бітірушілердің филология ғылымын таңдауына ықпал ету ғылыми практикалық конференцияға қатысуы, кіші ғылыми академияларда өз жұмысын қорғау.
Ізденіс жұмыстарын жүргізуге қолданылатын әдістер: әдеби кітаптар мен деректерді оқу; архив матераиалдарымен, мұражайда сақталған деректермен, энциклопедия материалдарымен танысу; ізденіс жұмыстарының әр кезеңдегі оқу-тәрбие процесін бақылау (сауалнама тест, бағалау, диагностика жүргізу)

Ізденіс жұмыстарын жүргізу кезеңдері мен белгіленген уақыты
І кезең (2012-2013 оқу жылы)
Ұйымдастыру кезеңі: өз ойын қысқаша тезистер түрінде жеткізу, өзін қызықтырған сұрақтардан үзінді жазу.
Жетекшінің міндеті: осы ойларды нақты сөздік эквивалентін табуға көмектесу.

ІІ кезең (2013-2014 оқу жылы)
Қалыптастыру кезеңі: библиографиямен танысу, монографиялық еңбектермен, әдеби тақырыптары сын, мақалаларымен (оқушыға керекті, ұнаған жерлерін жазып қою, конспектілеу, міндетті түрле библиографиялық көрсеткіштерді көрсету) танысу.
Жеткшінің міндеті: жазушының жазғаны туралы емес, бұның қалай және неге жасалғандығына көңіл бөлуге көздеуді үйрету.

ІІІ кезең (2014-2015 оқу жылы)
Қорытындалу кезеңі: жазылған ебектерін толық өңдеп бітіріп, оны оқушылардың ғылыми ізденіс қоғамында қорғау.
Жетекшінің міндеті: оқушыны өзіндік ойлау (қабілеті) дәрежесі мен стилін сақтауға үйрету.
Көзделген нәтиже: шынайы тіл жанашырын қалыптастыру.
Оқушылардың ғылыми ізденіс қоғамының бұрышы болу керек, онда өоғамның белгісі, бағдарламасы, жұмыс жоспары, қоғам мүшелерінің тізімі, ғылыми жұмыстарының сипаты, конкурс, бәйге, хабарландырулардың қорытындылары туралы мәдліметтер көзделген.
І кезең. Ұйымдастыру (2012-2013 оқу жылы)
Көзделген нәтиже: шынайы шығармашылық тұлға іріктеу.
Ұйымдастыру кезеңінің ізденіс жоспары
№ Ізденіс жұмыстарының тақырыбы Қолданылатын әдістер Орындалу мерзімі
1. а) Дарынды балаларды анықтау

ә) Ұран, белгі жариялау

б) Әр орталықтың жұмыс жоспарымен танысып, бекіту
Тест-сауалнама

Мүшайра
ұйымдастыру
Қоғам отырысы


Қыркүйек
2. а) Шешендік өнер-тарих жылнамасы, әдеби тіліміздің бастауы
ә) «Тіл-тағдырымыздың тірегі»
б) Шығармашылыққа бастайтын жол орталықтарының алғашқы ізденіс жұмыстарымен танысу

Дөңгелек үстел
басында
Ақпан
3. Қоғам жұмысын І кезең бойынша қорытындылау

Диагностика жүргізу Сәуір
4. Келелі ой көркем тілімен өрнектелсе (ізденіс жұмыстары жайлы ой, толғау, пікір)
Мамыр
5. Фольклорлық экспедиция
(шешендік сөзді ел аузынан жинау)

Деректі материалдар жинау
Жаз бойы
ІІ Кезең. Қалыптастыру (2013-2014 оқу жылы)
Қалыптастыру кезеңінің ізденіс жоспары

№ Ізденіс жұмыстарының тақырыбы Қолданылатын әдістер Орындалу мерзімі
1 Әр орталықтың ІІ кезеңдегі ізденіс жоспарымен танысу қыркүйек
2 а) «Тіл-тағдырымыздың тірегі»

Қазақтың би-шешендері, шешендік өнердің басты өкілдері (Төле би, Қазыбек би, «Шұбар ата» Жолбарыс, Балпақ әулие) туралы жинақталған ізденіс материалдарының негізінде

ә)Шет тілден сөз аударудың себептері, жолдары (көне грек, араб лингвистикалары жөнінде жинақталған ізденіс материалдар негізінде)
б) Ана тілі құрметіне арналған қоғам мүшелерінің төл туындыларын жинақтау негізінде конференция өткізу )тіл мерекесі қарсаңында)

Конференция

Жыл бойы

3

4

5 а) Шешендік өнер-тарих жылнамасы (Балпақ әулие ұрпағымен сұхбат, таспаға жазу, бейне сюжет жасау, Төле би туралы деректер жинау)
ә) «Кірме сөздер тілдің лексикасын байыта ма?» (архив, әдеби-шығармалар, газет журналдардан жинақталған деректер)
Жерлес ақындар қоғам мүшелерінің қонағы
(Ә.Дәуренбеков, Қ.Райысова). Жас ақындардың төл туындыларын басылымға ұсыну (мектепшілік мүшайра ұйымдастыру)
Жұмыстары

дөңгелек үстел

кездесу кеші

мүшайра

Жыл бойы

Наурыз

Сәуір
6

7

8 Ізденіс жұмыстарының нәтижесі (картотека, фотоальбом дайындау) Фольклорлық экспедиция (Төле би, Пышан баба, Ескеелді би, Қабылиса жырау )
«Білім нәрі-ізденісте» (ІІ кезең аралығындағы қоғам мүшелерінің ізденіс жұмыстарының қорытындылау, есеп беру)

Диагностика жүргізу

Мамыр

Ұлы ақын Абай «Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса көңіл ұғар»,-деп айтқандай әр оқушының бойындағы қабілеттерін танып біліп, оны шығармашылық жұмыстың шыңына жетелеу, біздер, ұстаздар қауымы үшін үлкен міндет және Егеменді еліміздің болашағы-қабілетті жастарды тәрбиелеудегі үлкен жауапкершілік. Бүгінгі таңдағы білім шыңының иелеріне көркемдік қабілеті дамыған, айтар ойы бар, шындықтың пердесінен батыл да сенімді қарайтын жеткіншектер ретінде үлкен сеніммен қарай аламыз.

Источник: http://Қошқарбаева Гулбакира
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Гулбакира (26.12.2014) | Автор: Қошқарбаева Гулбакира
Просмотров: 2928 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Мейрамбек  
Оқушылардың шығармашылығын дамытуға қатыст жақсы ақпарат жазыпсыз!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]