Главная » Статьи » Казахский язык и литература

Ашық сабақ. "Мен Қазақстанда тұрамын"
Сабақ жоспары
пән: қазақ тілі сынып: 3 «Б» мерзімі:________

Сабақтың тақырыбы: Мен Қазақстанда тұрамын
Сабақтың мақсаты: оқушыларға Қазақстанда тұратындарын айта алуға үйрету. Ауыспалы осы шақтағы тұру етістігінің (I, II, III жақ) жекеше түрін меңгерту. Лексикалық тақырып бойынша сөйлесе алу дағдысын қалыптастыру.
Қүтілетін нәтиже:
Пәндік: «Сен кайда тұрасың?» деген сұраққа Мен Қазақстанда (Астанада, Алматыда) тұрамын деген жауапты бере алу.
Тұлғалық: туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, туған жерін мақтан тұту.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3.Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.Жағымды психологиялық атмосфера қалыптастыру.(Ал оқушылар бүгінгі сабаққа бір бірлеріңе алақандарыңды қосып жақсы тілектер,сөздер тілеңдер)
II. Үй жұмысын сұрау:
«Бауырсақтың әні» ертегісіне көрініс қойдырту
III. Жаңа сабақ
Оқушыларға жаңа сабақтын не жайлы болатынын анықтату:
«ҚАЗАҚСТАН» жазуын ашу үшін әр әрпіне сұрақтар қою арқылы тақырыпты анықтау.
Сұрақтар:
Дүкенде нелер бар?
«Тысяча» сөзінің аудармасы қалай?
Анам не пісіреді?
Бауырсақ қандай?
Құймақ дегеніміз не?
Алма қандай?
Бүгінгі сабақ Қазақстан туралы болатынын айту. Балалардан сабақтың мақсатын сұрау:
Балалар қалай ойлайсыңдар ,біз бүгін жаңадан не біле аламыз сабақта?
Топтастыру:
Қазақстан картасын тақтаға іліп, кеспелер тарату, солар бойынша сәйкес суреттерді тапқан оқушылар бір топқа жиналады. Бір топта 4 оқушыдан.
Мәтінмен жұмыс:
Сөздік жұмыс:
жер-земля халық-народ
көл-озеро орман-лес
бай –богатый астана-столица
Әр топқа мәтін тарату.

Мен Қазақстанда тұрамын.
Мынау – Қазақстан. Мен Қазақстанда тұрамын. Оның жері үлкен, кең және бай. Онда көл, орман, ауыл, қала көп. Қазақстанның астанасы - Астана қаласы. Еліміздің президенті-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Алматы Қазақстанның үлкен қаласы. Қазақстанда көп халық тұрады. Олар тату.

Сөздік:
жер-земля халық-народ
көл-озеро орман-лес
бай –богатый астана-столица

1.Мәтінді өздігінен оқытып, жұппен, топпен талқылату, мазмұнын бір біріне айтқызу
2.Сұрақтар қою:
Сен қайда тұрасың?
Қазақстан жері қандай?
Астанамыз қай қала?
Еліміздің президенті кім?

Сергіту сәті:
Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)
Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)
Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)

Сөздер банкісі әдісі:

бауырсақ , бәліш, түлкі, анар, тәтті Қазақстан жері, үлкен, бай, кең
орамжапырақ, жиырма, балмұздақ Астана қаласы, тату , ауыл,
ірімшік, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев , сағат орман Алматы, қала,





Кітаппен жұмыс: 72 бетті ашып Есте сақтайық!оқыту. Жалғаулардың өзгеруін түсіндіру
Мен тұрамын
Сен тұрасың
Сіз тұрасыз
Ол тұрады
Тақтада жұмыс:
Тақтада отыру сөзінің дұрыс жақтарын тапқызу дәптерге жаздырту

Мен ОТЫРАСЫҢ
Сен ОТЫРАСЫЗ
Сіз ОТЫРАДЫ
Ол ОТЫРАМЫН

IV. Жаңа сабақты қорытындылау
Бүгін не істедік?
Қандай тапсырмалар ұнады?
Қазақстан туралы не білеміз?
Рефлексия:Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып, оларға смайликтерді таңдатқызып сабақ бойынша көңіл күйлерін анықтау.
Үй жұмысы:
Мәтін мазмұндау

Источник: http://dfiles.ru/
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Мейрамбек (08.01.2015) | Автор: Рахимжанов Мейрамбек E
Просмотров: 3987 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Зауре  
Бұл сабақ туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, туған жерін мақтан тұту мақсатында ұйымдастырылған.Сабақтың негізгі міндеті айқындалып,толығымен сәтті ұйымдастырылған!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]