Главная » Статьи » Казахский язык и литература

А.Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі
Сүгірбекова Үміт Ізбасарқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалім

Пәні: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Сабақтың мақсаты:Абай өлеңдерін терең меңгерту,тақырытын идеясын аша білуге үйрету,әдеби теориялық ұғымдарды меңгерту.

Сабақтың міндеттері:
1. Өлеңді талдап,өлеңді мәнерлеп оқи алады.
2. Өз ойларын еркін айтып, бір-бірінің пікірін тыңдайды, қорытынды ой түйеді.
3. Адамгершілік қасиеттерге,эстетикалық тәрбиеге, табиғатты сүюге тәрбиеленеді.
Оқыту технологиясы:СТО,АКТ,Бағалау,Көшбасшылық
Сабақтың типі:жаңа сабақ
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі: «Топтастыру», диалогтік оқыту
Көрнекіліктер:Электронды оқулық, слайдтар,бейнеролик.
Құралдар: А4 форматты қағаз, интертақта,маркер,стикер.
Пәнаралық байланыс: Биология
Күтілетін нәтиже: Аңшылық,құсбегілік туралы жалпы түсініктері қалыптасады, өзіндік пікір білдіреді, қорытынды жасап, бүгінгі күнмен байланысын қарастырады.
Сабақ барысы:
Кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі
(1 минут) 1.Оқушылармен амандасып,түгендеймін.Әр түрлі фигураларды ұсынамын. Оқушылар амандасып,берілген фигураларды алып,3 топқа бөлінеді. Фигуралар
Қызығушылықты ояту
(1 минут) Топқа отырғызу.Бағалау критерийлерімен таныстыру. Топ ережесін еске түсіреді. Слайд
Үй тапсырмасын сұрау.
3минут «Интервью»әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау,пысықтау. Топ мүшелері бір-біріне сұрақтар қойып,жауап береді. «Тарланым» өлеңін жатқа айту..
Мағынаны тану (20минут) Электронды оқулықтан А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы көрсетіледі.
«Қақпан құрған- жамбастап алар.
Тазы жүгірткен-діңкәсі қатып алар.
Бүркіт салған – қызыққа батып алар.»
«Қансонарда бүркітші шығады аңға»өлеңін мәнерлеп оқиды.

Жоспар

1.Бүркітшінің аңға шығуы.
2.Бүркіт пен түлкінің айқасуы.
3.Бүркітшінің олжасы. Жұптарымен талқылайды,мазмұнын игереді.

1-топ Құсбегілік туралы айтады.
2-топ.Бүркіт жасы туралы.
3-топ.Қансонар туралы материал дайындап әкеледі.
Оқушылар үш бөлікке бөліп мәнерлеп оқиды.
Оқушылар берілген шумақтар бойынша жұмыс жасайды, постер жасап,қорғайды.
Слайд,электронды оқулық.
А3форматтағы парақ,стикер,маркер
Сергіту сәті (1мин) Музыкалық сергітуге би билету. Оқушылар сергіп би билейді. Слайд бойынша
Ой толғаныс
(10 минут) «Бес тармақ» (Синквейн) - ойды тиянақтап, өзіндік түсінікті нақты сөздермен келтіруге мүмкіндік беретін тәсіл. Ой қорытындылау үшін барлығы 11 сөз қолдану керек.
1-тармақ 1 зат есім
2-тармақ 2 сын есім
3-тармақ 3 етістік
4-тармақ негізгі сөзді бағалайтын кез-келген сөз табынан тұратын 4 сөз.
5-тармақ негізгі сөздің синонимі болатын тағы да бір сөзден тұрады.
Ти кестесін толтырады.

Аңшылықтың тиімді және тиімсіз жақтары.
Оқушылар берілген мәтіндер бойынша жұмыс жасайды.
Қесте толтырады.
Слайд бойынша
Сабақты қорытындылау.
5 минут Бүгін мен сабақта ... үйредім.
Маған ... оңай болды.
Маған ... қиын болды.
Енді мен ... өзім орындай аламын. Рефлексия жазады. Стикер
Үй тапсырмасы
1минут Өлеңді жаттап келу.
Оқушы әрекетін және сабақ барысын бағалау.
3 минут Топ жұмысын бағалау кестесі бойынша топ мүшелері мен топтың бағасын айту. Топ басшылары өз тобындағы оқушылардың жинаған баллдарын санайды,қорытынды жасайды. кесте

Источник: http://А.Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Умит (13.01.2015) | Автор: Умит Сугирбекова
Просмотров: 1903 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]