Главная » Статьи » Казахский язык и литература |
Открытый урок по казахскому языку на тему: " Отбасы тәрбиесі"
«Жаман бала ата-анасын қинайды, Баланың жақсысы ата-анасын сыйлайды» Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасындағы ұлттық тәрбиенің маңызын ұғындыру Сабақтың міндеттері: Білімділік: Сабақтың тақырыбы мен идеясын ашу, білімдерін толықтыру Дамытушылық: оқушының тапқырлық ,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру, қазақ тілінде еркін сөйлеуге, ойлауға үйрету. Тәрбиелік: оқушының отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету, мәдениетті азаматын тәрбиелеу. Түрі: интербелсенді сабақ Типі: мәтінмен жұмыс Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, баяндау,топтық жұмыс, «Т» кестесі, т.б. Көрнекілігі: интербелсенді тақта, постер, маркерлер, түрлі-түсті қаламдар,кіші тіректер,оқулық. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Оқушылармен сәлемдесу 2.Топқа бөлу 3.Психологиялық дайындық. «Шаттық шеңбері» (балалар бір-біріне тілек айтады, баяу әуен ойнап тұрады). ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі «Иә - Жоқ» әдісі арқылы Қойылатын сұрақтар: 1. Құрмалас с/м 2 немесе бірнеше жай с/нен құралып, күрделі ойды білдіреді. Ж: иә 2. Қазақ тілінде жалғаудың 3 түрі бар Ж: жоқ 3. Салалас құрм. с/нің 5 түрі бар Ж: жоқ 4. Сын есімнің 3 шырайы бар Ж: иә 5. Салалас құрм. с/м мағыналары тең жай с/ден құралады Ж: иә Бағалау критерийі: «5» - 5 «4» - 4 «3» - 3 «2» - 2 Бағаны «Бағалау парақтарына» топ басшысы қояды. ІІІ. Жаңа сабақ 1. «Ой қозғау» «Жаман бала ата-анасын қинайды, Баланың жақсысы ата-анасын сыйлайды» Осы мақалды сендер қалай түсінесіңдер? Оқушылар өз ойларын айтады. Мұғалімнің сөзі: Ал, енді бүгінгі сабақтың тақырыбы баланың тәрбиесіне байланысты. Сендерге алдын ала үй тапсырмасы мәтін бойынша көрініс дайындап келу керек еді. (Көрініс көрсетеді) 2. І топ ІІ топ ІІІ топ «Ұл» мәтіні «Әкенің тілін алу керек» мәтіні «Өнерлі бала» мәтіні б/ша 3. «Топтастыру» стратегиясы Әр топ өздеріне берілген кейіпкерлеріне мінездеме береді 4. Жазбаша жұмыс Үш топқа әр түрлі тапсырмалар беріледі І топқа а) Берілген сөздерге түбірлес сөздер жазу Өнер , отыр , әңгіме, ақыл , риза , күш , еп . ә) Жоғарыдағы сөздермен сөз тіркестерін құрастыру ІІ топқа Араласып кеткен сөздерді реттеу а) Тілін керек алу әкенің дегенді түсінгендей енді. ә) Бала Мұрат жақсы үнемі бірақ береді ұрсыса айналасындағылармен. ІІІ топқа Берілген сөздерге синоним жазу Тонау - бостандық - қауқарсыз – Ержүрек - қатыгез – Антоним тауып жазу Қартайған - ержүрек - қауқарсыз – Пайда - қуану - жағымды – ІУ. Сабақты қорытындылау Мұғалімнің сөзі: Балалар, сендер сабақта мәтіндермен жұмыс жасап әр кейіпкерге мінездеме бердіңдер. Ал енді қорыта келгенде қалай ойлайсыңдар, баланың әке-шеше алдындағы парызы дегеніміз не? (Оқушылар жауап береді). «Т» кестесі арқылы сабақты қорыту. Адамның бойындағы Жақсы қасиеттері Жаман қасиеттері (Әр топ жазған постерлерін қорғап, тақтаға іліп қояды.) У. Оқушыларды бағалау Оқушылар бағалау парағы арқылы бағаланады. Бағалау парағы Оқушы-ң аты-жөні үй жұмысы көрініс топтық жұмыс жазба жұмысы топ басш-ң бағасы қорытынды баға VII. Рефлексия “Сауалнама” түрі арқылы 1. Мен сабаққа қатыстым белсенді / енжар . 2. Сабақтағы өз жұмысыма ризамын / риза емеспін. 3.Мен үшін сабақ қысқа / ұзақ болып көрінді. 4.Сабақ барысында шаршадым / шаршамадым. 5.Менің көңіл - күйім көтерілді / төмендеді. 6.Сабақтың тақырыбы маған түсінікті / түсініксіз, қызықты / іш пысарлық, жеңіл / қиын болды. | |
Просмотров: 1691 | |
Всего комментариев: 0 | |