Главная » Статьи » Казахский язык и литература |
Cабақтың тақырыбы: Синтаксисті қайталауға арналған жаттығулар.
Сабақтың мақсаты: Синтаксис бойынша теориялық білімдерін практикада көрсету. Әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың білімдерін тереңдету. Міндеттері: 1. Өткен тақырыптар бойынша жаттығулармен жұмыс жүргізе отырып оқушылардың алған білімдерін пысықтау. 2. Оқушылардың ауызша және жазбаша тілдік стильдерін дамыту, ойлау өрістері мен дүниетанымдық көзқарас шеңберлерін кеңейту. Шығармашылық іскерліктерін арттыру. 3. Жақсы қасиеттерге, адамгершіліктерге баулу. Жақсы оқып, үлгілі, білімді болуға, достықта адал болуға шақыру. Сабақтың түрі: Қайталау сабағы Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ – жауап ,түсіндіру, топпен жұмыс, деңгейлік тапсырма. Сабақтың типі: Білім бекіту. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта , оқулық, семантикалық кесте. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі. Барлығымыз ойымызды жинақтап , сабағымызды бастайық ІІ Үй тапсырмасын пысықтау 288-жаттығу (Сөйлем ішіндегі сөздердің бір-бірімен байланысына қарай сұрақ қою арқылы сөйлем мүшелеріне талдаңдар) Талапты ерге нұр жауар. Кітап оқудан тыйылған адам ойлаудан да тыйылады. Ашумен басталған іс абыройсыз аяқталады. Жаңа сабақ. Мұғалім: Бүгінгі сабағымыз 3 бөлімнен тұрады. (Білемін бөлімі. Білдім бөлімі. Білгім келеді)синтаксисті қайталауға арналған жаттығулар болғандықтан, синтаксистен өткен материалдарды еске түсіріп алайық. I. “Білемін” бөлімінде: Өткен тақырыптарға шолу сұрақтар мен топтық жұмыс (сөз тіркестеріне талдау болады). (10-минут) Сұрақтар. 1. Синтаксис қандай сала? Синтаксис- сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысын қарастыратын грамматиканың бір саласы. 2. Сөз тіркесі дегеніміз не? Сөз тіркесі-кемінде екі сөздің мағыналық әрі тұлғалық жақтан байланысуын сөз тіркесі дейміз. 3. Сөз тіркесінің айрықша белгілерін ата! 1. Ең кемі толық мағыналы екі сөзден тұрады. 2. Өзара грам-лық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына байланысады. 3. Зат, құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді. 4. Сөз тіркесінің түрлерін ата! Сөз тіркесінің екі түрі бар: есімді сөз тіркесі ж/е етістікті сөз тіркесі. Есімді сөз тіркесі д/з- басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркесі. Мысалы: жаңа киім. Етістікті сөз тіркесі д/з- басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі. Мысалы: жел соқты. 5. Сөз тіркесінің лексикалық-грамматикалық қатынасын ата! Сөз тіркесінің лексикалық-грамматикалық қатынасы мыналар: Анықтауыштық қатынас, толықтауыштық қатынас, пысықтауыштық қатынас. 6. Сөздердің байланысу тәсілдерін ата! Сөйлемдегі сөздер 4 түрлі тәсілмен байланысады. 1. Қосымша (жалғаулар) 2. Шылау. 3. Орын тәртібі. 4. Интонация. (дауыс ырғағы) 7. Сөздердің байланысу түрлерін ата! Сөздердің байланысу түрлерінің 5 түрі бар: 1. Қиысу 2. Матасу 3. Меңгеру 4. Қабысу 5. Жанасу Сұрақтарға жауап алынғаннан кейін, үш топқа сөз тіркестерін байланысу тәсілдеріне қарай талдау. Топтық жұмыс. Сөз тіркестеріне талдау. (5-минут ) 1 топқа: Ғалымды көрсеңіз- кімді көрсеңіз?-бағыныңқы сөз(ғалымды) басыңқы сөзге (көрсеңіз) бағына байланысқан, толықтауыштық қатынастағы етістікті меңгеру, тура объект мәнін білдіріп тұр. 2 топқа:Тағы ой салды- қашан ой салды? Орын тәртібі арқылы байланысқан жанасу, пысықтауыштық қатынаста мезгілдік мәнді білдіріп тұр, бағыңқы сынары(тағы)-үстеу, басыңқы сыңары (ой салды)- зат есім мен көмекші етістік. 3 топқа Бұлардың жағдайларын-кімнің жағдайларын?-меншіктілік-қатыстық мәндегі матаса байланысқан есімді сөз тіркесі, басыңқы сыңардағы тәуелдік жалғауы (жағдай-лар-ы-н)мен бағыныңқы сыңардағы ілік септік жалғауы (бұлар-дың) арқылы байланысқан. (топтық жұмыстарын тақта алдында тексеру. Әр топтан бір оқушыдан шығады) II. “Білдім ” бөлімінде І. Оқулықпен жұмыс 1. 291-жаттығу. 2. 293-жаттығу. ІІ. Үлестірмелі қағаздармен жұмыс. 1. Синтаксистік қатынастар түрлері. 2. Сөздердің байланысу түрлері. Жаттығулармен жұмыс 291-жаттығу (Төмендегі сөздерге лайықты сөздерді тіркеп жазу арқылы «Кім жылдам жалғастыра алады?» ойынын ойнаңдар. Бірінші болған оқушыға 1 фишка беріледі) Бір шымшым, бір жайым, бір шөкім, бір қайнатым, бір салым, бір асым, бір жұтым, бір ұрттам, бір ауыз, Керекті сөздер: айран, су, өлең, бұлт, шай, ет, қамыр, тұз. 293-жаттығу (тез тауып, бөгелмей айтыңдар. 1-оқушы төмендегі зат есімдерді бір-бірлеп оқиды. 1-нші топтағы оқушылар оларға әр түрлі етістіктер тіркеп, бөгелмей айтып отыру керек. 2-нші топтағы оқушылар айтылған сөз тіркесімен тез арада сөйлем құрауға тиіс. Оқушылар бағдаршамға қарап, өздері тез арада тапсырманы орындау керек.) ІІ.Семантикалық кестемен жұмыс. 1. Синтаксистік қатынас түрлері. 2. Сөздердің байланысу түрлері. IIІ. “Білгім келеді” бөлімінде Деңгейлік тапсырмалар: I – деңгейге: Сөйлем мүшелеріне талдау. II – деңгейге: Сөйлемнен сөздердің байланысу тәсілдерін табу. III – деңгейге: Шығармашылық жұмыс. (Байланысу түрлеріне Сөйлем құрау) Шоң жолшыбай Баянауылға соқты. Амандықтан соң Шоң төңірегіне көз салды. Екі үйдің іргесі көтеріліпті. Олардың қатарынан бес-алты адам тағы жер қазып жатыр. Сабақты бекіту: Үйге: 292-жаттығу. (жазбаша) 296-жаттығу (ауызша ) Ережелерді қайталап, еске сақтау. 1. Оқушыларды бағалау. | |
Просмотров: 5878 | |
Всего комментариев: 0 | |