Главная » Статьи » Казахский язык и литература |
Тіл ұстарту
Сабақтың мақсаты : а ) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру, соған дәріптеу ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін Отанын сүюге тәрбиелеу. б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету. Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап Сабақтың көрнекілігі : плакат,кеспе қағаздар Халықтық педагогика Білімдіге дүние жарық элементтерін қолдану : білімсіздің күні кәріп Пәнаралық байланыс : әдебиет Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабққа аудару. ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген жаттығуды тексеремін. 1.Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді ? 2. Дара сөздер дегеніміз не ? 3..Күрделі сөздер дегеніміз не ? 4. Күрделі сөздер жасалу жолдарына қарай нешеге бөлінеді ? 5.Біріккен сөздер дегеніміз не ? 6.Біріккен сөздер нешеге бөлінеді ? 7.Қос сөздер дегеніміз не ? 8.Қайталама қос сөз деп қандай сөздерді айтамыз ? 9.Қысқарған сөздер дегеніміз не ? 10.Тіркесті сөздер дегеніміз не ? б) Жаңа сабақты түсіндіру : Сөздерді жасау тәсіліне қарай талдау Қазақ тіліндегі жаңа сөздер сөзжасамның үш түрлі тәсілмен жасалатынын түсіндіре келіп,мына кестені пайдаланамыз. Тіліміздегі сөзжасам тәсілдерімен жасалған сөздердің ішінде синтетикалық,аналитикалық тәсілдермен сөздер көбірек жасалады. Сөзжасам түрлері Синтетикалық тәсіл Аналитикалық тәсіл Лексика семантикалық тәсіл Негізгі түбірге Сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады Туынды түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады Бірігу Қосарлану Тіркесу Қысқару Сөз мағынасының кеңеюіне солғындау арқылы жаңа мағынада жұмсалады Сөздердің омонимдік қатарда жұмсалып түрлі мағынада қолданылады Бірнеше сөздерді,сөйлемдерді талдатамын. Кеспе қағаздармен жұмыс жүргіземін. «Шығамын білім шыңына» ойыны арқылы сабақты қорытындылаймын. Білімді бекіту : 1.Қазақ тілінде неше сөз табы бар ? 2.Неше сөйлем мүшесі бар ? 3.Неше жалғау бар ? 4.Жұрнақ нешеге бөлінеді ? 5.Зат есім дегеніміз не ? 6. Етістіктің неше шағы бар ? Бағалау : Оқушылардың ынталарына қарай білімдері бағаланады. Үйге тапсырма : Үйге сөйлемдерді талдап келуге беремін | |
Просмотров: 1479 | | |
Всего комментариев: 0 | |