Главная » Статьи » Казахский язык и литература |
А.Байтұрсынов «Ақын ініме», «Екі шыбын» өлеңдері
С.Сейфуллин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Манасова Айгүл Бозайқызы Қысқа мерзімді жоспар Сынып 7-сынып әдебиет Сілтемелер Нұсқаулық 44-бет, 52-бет Александер (2004) М Бронсон өзін-өзі реттеу Блум таксономиясы Сабақтың тақырыбы А.Байтұрсынов «Ақын ініме», «Екі шыбын» өлеңдері Жалпы мақсаттар: Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, өлеңнің мазмұнын түсіну идеясын анықтау, арамдық, адалдық ұғымдарының мәнін жан-жақты талдау, Адами қасиеттерін қалыптастыру. Негізгі мақсаттар: Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануына ықпал ету; Тақырып мазмұнын ашуға өздігінен ізденіп білім алуға, топ жұмысына белсене араласуға, өзін-өзі реттеуге қалыптастыру, өзін-өзі бағалауға бір-бірін бағалауға үйренеді. Оқыту нәтижелері: Өлеңнің негізгі идеясын түсінеді; Ақын өлеңдерін өз бетінше оқып сабақ рухани білімін жетілдіреді; талдап, өмірмен байланыстырады. Түйінді идеялары: Өлеңдегі түйінді ойды тұжырымдайды, танымдық қабілеті артады, адами көзқарасы дұрыс қалыптасады. Сабақтың әдіс-тәсілі: Топтық жұмыс, зерттеу тапсырмалары, критериалды бағалау. Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, бейнероликтер, маркер, өағаздар, слайд. Деңгей Мұғалімнің әрекеті берілген деңгей бойынша сұрақ тапсырмалар Жайлы психологиялық атмосфера қалыптастыру, топқа бөлу Оқушының іс-әрекеті -Әрбір адам? -Туысым, досым, жұрағат. -Әрбір сабақ? -Түсіну, ұғу, ұлағат. -Әрбір ісім? -Тірлік, тілек, адамдық, -Әрбір сөзім? -Шындық, бірлік, адалдық. -Әртүрлі түстегі конфеттермен сыныпты топтарға бөлу Білім Ой қозғау А.Байтұрсынұлы кім? (бейнефильмдер көрсету) Ақын өмірі мен шығармашылығын таныса отырып, хронологиялық кесте толтыру, өлеңнің мазмұнын білу, поэзия минуты өлеңді оқып шығу Түсіну Өтіліп отырған жаңа тақырыпты түсіну, болжау. Өлең ақын М.Дулатұлына арналған. Әдеби теориялық ұғымдар троп, арнау ирония сатира деген не? Әр топқа өлең шумақтары беріледі, ақын ойының астарына ішкі мағынасына көз жіберіп, түсінгенін айтады. Өлең қандай тілде жазылған? Ирония, сатира деген не? Өлеңнің ұйқас түрі қандай? Қолдану Өлеңнің қазіргі таңда маңызы бар мА? Осындай кейіпкерлер кездесе ме? (түсінгенін тәжірибеде пайдалануға ықпал ету) Алдараспан «Аурухана» өлеңде кездесетін кейіпкерлерді анықтаңдар. Ақын тіліндегі «доңызай», «айғырсып момындарға», «нашардың», «шешенсіп», «аузымен орақ орған», «адамсып мұрнын көкке көтереді», «Ет пенен қымыз беріп сөйлейтіндер» сөздерінің поэтикалық мағынасын түсіндір (ойланады, салыстырады, дәлелдейді) Талдау «Қиялым ұшқыр» Біз біргеміз «Ақын жүрегі» тақырыбында ойларыңды флипчартқа түсіріңдер, Ақын жақтаған жақсы қасиеттер, адам бойындағы жаман қасиеттер, ақынның халық алдындағы парызы С.Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңімен ұқсастығы Жинақтау (синтез) «Өмірге сауал» Әлия Әбікенова Ой пікірлерін ақын өмірімен байланыстыра қорытындылайды. Бағалау Ақын өмірінен мәлімет береді; Өлеңнің мазмұнын түсінді; негізгі идеяны айта алады, өз ойын жеткізе білді; Салыстыра талдау жүргізді; Топпен ынтымақтастықта жұмыс жасайды Әр топ басшысы бағалау критерийлері бойынша өз топ мүшелерін бағалайды Орындауға арналған тапсырма Өлеңді жаттау, ақынның ақыл кеңесін болымсыз түрде қрасөзбен дәптерге жазып келу | |
Просмотров: 1457 | |
Всего комментариев: 0 | |