Главная » Статьи » Казахский язык и литература |
Бақылау жұмысы «Спорт түрлері»
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Бақылау жұмысы «Спорт түрлері» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша білімдерін тексеру, бағалау. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету. Тәрбиелік: Төзімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Фонетикалық сәті ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру ІV. Өтілген тақырыптар бойынша білімдерін тексеру 1) Тапсырмалар 1. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасаңыздар. Күрес, спортшылар. 2. Төмендегі сөздерге зат есімнің көптік жалғауын жалғаңыздар. Шана, шаңғы, күресші, қар. 3. Берілген сөздерді септеңіздер. Бәйге, дойбы 2) Қай сөз тіркестерімен сәйкес келеді? Футбол Мәреге сырғанап жету, шаңғы тебу Баскетбол Доп тебу, қақпаға гол соғу Хоккей Допты қолмен ойнау, торға доп салу Шахмат Мұзда сырғанау, қакпаға шайба салу Шаңғы спорты Суда жүзу, мәреге жүзіп жету Суда жузу Мимен ойлану, қарсыласына мат қою 3) Тест 1.Ойлауды қажет ететін ойын түрін атаңыз. А) футбол В) баскетбол С) тоғызқұмалақ D) волейбол 2. Мен шахмат үйірмесіне қатыса... – керекті жалғауды жалғаңыз. А) -бын В) -мен С) -сіз D) -мын Е) –мыз 3. Заттың қимылын білдіретін сөз табын табыңыз А) зат есім В) сын есім С) сан есім Д) етістік 4. Буынға дұрыс бөлінген сөзді табыңыз А) то- ғыз- құм-ал-ақ В) то-ғыз-құ-ма-лақ С) тоғ-ыз-құма-лақ Д) то-ғыз-құма-лақ 8.Мектеп спортзалында балалар..... А) кітап оқиды В) футбол ойнайды С) шахмат ойнайды D) сурет салады 9. «Тақия - тастамақ» ойында неше бала ойнайды? А) бір бала В) жүз бала С) екі бала D) бірнеше бала 10. Қазақтың ұлттық спорт ойындары А) баскетбол В) футбол С) қыз қуу D) шаңғы спорт Ү. Бақылау жұмысын қортындылау ҮІ. Бағалау ҮІІ. Үй жұмысын беру Қайталау | |
Просмотров: 1156 | |
Всего комментариев: 0 | |