Главная » Статьи » Казахский язык и литература |
Төлен Әбдіков « Қонақтар »
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға жазушы Төлен Әбдіковтің өмірі , шығармалары жайлы түсінік беру , « Қонақтар » әңгімесінің мазмұнымен таныстыра отырып , ата – ана мен бала қарым – қатынасы жайлы мағлұмат беру оқушы сезімімен ұштастыру . Дамытушылық : әңгіме жайлы түсінігін кеңейтіп , пікір алмастыра білуге уйрену , өмірімен байланыстыра келе өзіндік ой қорытындысын жасай білу , әсерін ,пікірін білу. Тәрбиелік : оқушыларды ата – ана алдындағы , туған жер , ел алдындағы , парызын терең түсіне білуге баулу , адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіре білуге дағдыландыру . Сабақтың түрі: білімді жинақтау , бекіту . Әдіс – тәсілі : сұрақ – жауап , проблемалық оқыту ,Венн диаграммасы , топтастыру стратегиясы , тірек сызбалары , топтық жұмыс . Көрнекіліктер:ақын портреті , таблицалар ,таратпа материалдар ,нақыл сөз.Пәнаралық байланыс:қазақ тілі,тарих . Сабақ мақсаты мен ерекшелігі ,тақырыбы түсіндірілген соң оқушылар топқа бөлінеді. І. Үй тапсырмасын сұрау.Балалар өткен сабақта біз сендермен белгілі жазушы Төлен Әбдіковтің өмірімен, «Қонақтар» әңгімесімен таныстық .Кәне, балалар,топтастыру стратегиясы бойынша кім екендігіне тоқталайық. Төлен Әбдіков – жазушы, аудармашы,редактор,драматург,хатшы,сектор меңгерушісі,мемлекеттік сыйлық иегері,еуропалық алтын медаль иегері. Жинақтары:1969 жылы «Көкжиек» атты тұңғыш әңгімелер жинағы. «Күзгі жапырақтар», «Ақиқат», «Айтылмаған ақиқат », Келесі кезекте ақынның өмір жолын, қызметін ,шығармаларын тірек сызбалары бойынша көрсету. Сөздік жұмысын тексеру. Алагеуім- таң енді атып келе жатқан уақыт,апа-сапақ. Жолай- жолдан соға бару. Шакша- насыбай салатын ыдыс. Ноқта- жүген тәрізді мал басына кигізілетін әбзел, Сағағы –мойын ,алқым Көлегейлеп-қолын маңдайына апару ,күннен қорғану. Қынжылу-кейбір ренішті жағдайың жанға батуы ,қиналу. Қитар – жөнге бірбеткей қыңыр, қисық. «Ой қозғау» 1.Әңгіме неге «Қонақтар» деп аталған ( Сапабектің жүріс тұрысына , сөздеріне,асығыстығына,қарияларға қатынасына қарап, оларды бұл үйдің ұлы мен келіні емес ,осы үйдің келіп кеткен қонақтар деп қабылдауға болады .Шынында да, Сапарбектің қонақтардан қандай айырмашылықтары бар? әңгіменің қонақтар деп аталуының себебі осы) 2.Басты кейіпкерлерін ата . Ерғабыл қарт Кемпірі Сапабек-ұлы Тома-келіні Жеңіс –немересі Ауыл адамдары Аспандияр-әнші жігіт 3.Ерғабыл шал мен кемпірінің баласын күтуі,оған деген сағынышы әңгімеде қалай суреттелген? 4.Әңгімеде қандай оқиғалар сөз етіледі?( Ауыл өмірі ,салт-дәстүрі,ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас суреттеледі) 5.Ұлына Ерғабыл шалдың көңілі не себепті толмады? Әр топқа тапсырма беру І топ:Шығарманың композициялық құрылымын сатылай кешенді талдау.Әңгіменің басталуы –Ерғабыл шал мен кемпірінің әңгімесі.Дамуы-Ерекеңнің малын іздеуі , ішкі ойы.Байланысуы-қаладағы баласының келуі,ауыл қонақтары.Шиеленісуі-Сапабек пен әкесі әңгімелерінің жараспауы.Ауыл әні Шарықтау шегі-қонақтарды шығарып салу.Мазасы кеткен Ерғабыл.Шешімі –Ерғабыл реніші ,соңғы үміті орындалмаған қария.Құлазыған көңіл. ІІ топ:Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу.Қонақтар әңгімесінің басты тақырыбы –адамгершілік,баланың ата-ана алдындағы мәңгілік перзенттік парызы. Сапабек тәрізді қалада тұратын оқыған азаматтың ата-анасына салқын, жасанды қарым-қатынасы. ІІІ топ: Кейіпкерлерге мінездеме беру портретін жазу мәтінмен жұмыс. Сапабек,Тома, Жеңіс. Тақтамен жұмыс Венн диаграммасы Дәптермен ,мәтінмен жұмыс . Жазушының тілі.Теңеу,тұрақты сөз тіркесі.Мақал-мәтел, Дисфемизм. Балалар сабағымыздың келесі кезеңі-пікірсайыс.Әңгіменің негізгі кейіпкері Сапабектің іс-әрекеті,ата-анасына деген көзқарасы дұрыспа,әлде бұрыс па?Сол туралы пікір таластырамыз.Жақтаушы ,даттаушы топқа бөлініп ойымызды білдіреміз. Тақтамен жұмыс.І топ Ерғабыл қарт, Сапабек бейнелеріне модуль жасау. Тақтада екі оқушы орындайды. ІІ топ Әңгіменің негізгі кейіпкері Сапабекке хат жолдау. ІІІ топ Бес жолды өлең стратегиясы. Зат есім Ерғабыл Сын есім Етістік Сөйлем Синоним Мұхаммед пайғамбар хадисінде ата-ана мен бала жайлы не айтылған?Абай «қарасөздерінде » не айтылған ? Қазақстан Конституциясында не айтылған? 10. Ой түйіні. Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Қариялар азайып бара жатыр » өлеңін тыңдау. Мақал-мәтелдер ойлау - Әңгіме неліктен « Қонақтар» деп аталған? - Бурынғы ауыл түлектері қазіргі қала тұрғындарының басты міндеті не деп ойлайсындар? - Мақсатымыз орындалды деп ойлайсындарма ? - Ендеше өз әсерлерінді қалай білдірер едіңдер? 11.Бағалау.Топ жетекшілерінің пікірі тыңдалды. 12.Үйге тапсырма. «Ата-ананың қадірі » эссе жазу. | |
Просмотров: 12563 | |
Всего комментариев: 0 | |