Главная » Статьи » Казахский язык и литература |
Қасым Аманжолов «Өзім туралы»
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуанова Арманай Төлебайқызы Сыныбы: 7 сынып Пәні: әдебиет Күні: 19.02.2015ж. Тақырыбы: Қасым Аманжолов «Өзім туралы» Мақсаты: Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңімен оқушыларды таныстыру. Міндеті: 1. Ақынның өмірі, шығармашылығымен танысып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашады. 2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы ойлауын, сөйлеу тілін дамыту. 3. Өз ойын қорыта білуге, сыни тұрғыдан ойлауға бейімдеу. Күтілетін нәтиже: Қ.Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайында білімдерін кеңейтеді. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын аша алады.Бір -бірінің пікірін тыңдап, топта бірлесіп жұмыс істей алады.Сыни тұрғыдан ойланып сабақта түйген ойларын ортаға салып,пікір алмаса алады. Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту Сабақ түрі: Аралас сабақ . Сабаққа кіріктірілген модуль: 1.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен және оқу. 2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.4.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.5. Оқытуды басқару және көшбасшылық. 6. Дарынды және талантты балаларды оқыту. Әдіс-тәсілдер: "Әдемі есім" сергіту сәті, «Не айтар едің» әдісі, «Не білдің?», «Ойлан,жұптас, түсіндір»,«Білгенге маржан» Керекті жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар ,плакат,маркер,бейнетаспалар Сабақтың жоспары: Сабақтың жоспары: І. Қызығушылығын ояту 1.Ұйымдастыру кезеңі. а) Сергіту сәті ә) Топқа бөлу 2.Үй тапсырмасын сұрау. ІІ. Мағынаны тану 3.Жаңа сабаққа кіріспе 4.Жаңа сабақ. 5.Жаңа сабақты бекіту ІІІ.Ойтолғаныс 6. Қорытындылау 7. Бағалау 8. Үй тапсырмасын беру 9. Кері байланыс Уақыт Жұмыс түрі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті І.Қызығушылығын ояту 1.Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмос-ферасын қалыптастырамын. "Әдемі есім" сергіту сәті, топқа бөлу Табыс критерийі Оқушылармен амандасып түгендеймін. «Әдемі есім» сергіту сәтін ұйымдастыра-мын. Отан, өлең, өмір,ақын сөздері арқылы топқа бөлемін Тақтаға табыс критерийін іліп, таныстырамын. Оқушылар сергіту сәтіне қатысады, топқа бөлінеді. Оқушылар сабақтын табыс критерийімен танысады. 2.Үй тапсырмасын сұрау «Ана жүрегі» эссесін Оқушыларға эсселерін бір-бірімен алмастыруын айтып, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалатамын. Оқушылар бір-бірінің эссені оқып, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалайды ІІ. Мағынаны тану 3.Жаңа сабаққа кіріспе. «Не айтар едің» әдісі Сабақтың эпиграфы: Дейсіңдер-ау, Қасымның несі басым, Қасым солай болмаса несі Қасым? Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің Әммесінен Қасымның десі басым (Мұқағали Мақатаев) Оқушылардан слайдта көрсетілген өлең жолдары бойынша ойларын сұрап бүгінгі сабақпен байланыстырғызамын. Оқушылар өлең жолдары туралы ойларын ортаға салып, жаңа сабақпен байланыстырады 4.Жаңа сабақ. «Бейнетаспа» 2 мин «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі «Білгенге маржан» Интербелсенді тақтадан Қасым Аманжолов туралы бейнетаспаны көрсетемін Әр топқа өлеңді бөліп беремін. Жасық — жігерсіз, былжыр, тартымсыз, әлсіз, уытсыз Көрік – ұста дүкенінде көмірді үрлеп,темірді қыздыру үшін теріден жасалған үрлеуші Тымырсық – сыр ашпайтын,сөйлемейтін Торқа – ең қымбат жібек мата Оқушылар бейнетаспаны тамашалайды Оқушылар жеке оқиды, топта жұптасып талқылайды. Ортаға шығып басқа оқушыларға түсіндіреді. Оқушылар сөздікпен жұмысты дәптерлеріне жазады 5.Жаңа сабақты бекіту «Қалам қуаты» бейнетаспасы Топтық тапсырмалар Оқушыларға ақынның өлеңі туралы бейнетаспаны көрсетемін. І топ: Өлең құрылысына талдау. ІІ топ:Ақын өлеңіндегі көңіл-күйін талдау ІІІ топ: Өлең мазмұнына сай жоспар құру. ІҮ топ: «Өзім туралы» тақырыбында шығармашылық жұмыс (эссе, өлең,сурет) Өздері оқып, талдаған ойларын бейнетаспадағы оймен салыстыра тыңдайды. Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша топта жұмыс істейді. Жұмыстарын бір-бірімен алмастырады. бағалайды. ІІІ.Ойтолғаныс 6.Қорытындылау «Дүниеге келер әлі талай Қасым» Осы өлең жолы туралы ойларын сұрау Оқушылар ойларын айтады, өз үлестерін көрсетеді 7. Бағалау Формативті, өзара бағалау, табыс критерийі арқылы өзін-өзі бағалау. Оқушылар формативті түрде және суммативті бағаны қою үшін өз-өзін бағалайды. Оқушылар критерийлерге қарап өзін-өзі бағалайды. 8. Үйге тапсырма беру Қосымша ақпарат 1. Өлеңнен үзінді жаттау. Қасым Аманжолов-дауылпаз ақын атындағы әдеби портал Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. 9. Кері байланыс «Өзім туралы» әні «Бес минуттық эссе» Сен бүгін ең басты не туралы біле алдың? Әсерің қандай? Оқушылар өздерінің әсері туралы әнді тыңдай отыра жазады. | |
Просмотров: 1496 | | |
Всего комментариев: 0 | |