Главная » Статьи » Казахский язык и литература

Открытый урок на тему: "Қазақтың дастарқаны"
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дастарқаны.
1.Білімділік - ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағұлматтар беру. Сөздік қорын байыту, оқушылардың танымдылықтарын, өз ойларын еркін жеткізу.
2.Дамытушылық - өз бетімен әрекеттену және сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік - адамгершілік,сыйластыққа тәрбиелеу. Қазақ ұлтының тұрмыстық мәдениетінің ізгілікті рухын сезіндіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Кезекші есебі.
Психологиялық дайындық.
Тіл дамыту кезеңі.
-Бүгін аптаның қай күні ?
-Қандай ай ?
-Қазанның нешінші күні ?
-Қазір жылдың қай мезгілі ?
-Қандай сабақ ?
-Нешінші сабақ?
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
-Сөйлем мүшелері қандай 2 топқа бөлінеді ?
-Қазақтың басты ұлттық тағамы не ?
-Жылқының етінен не дайындалады?
-Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар ?
-Ұлттық сусындарды ата?
ІІІ Жаңа сабақ.
-Бүгін сабақтың тақырыбын анықтау үшін мына жұмбақты шешіңдер.
«Дәмді-дәмді тағамдар мен қонақтарды жинайды».
-Дұрыс ,бұл - дастарқан. Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы – «Қазақтың дастарқаны». Бүгін біз сабағымызда қазақтың дастарқан дәстүрімен танысамыз. Осы тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді оқимыз, аударамыз. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрамыз.
Ой қозғау.
Топтық жұмыс.
«Дастарқан» сөзінен сөздерді құрау.
Ас, ат, тар қара, қант, арқа, қанат, ақ, қарт, астана, қар, ар, дана, ата, рақат.
Жаңа сөздермен танысу.
Дәм - еда, пища
дәннен жасалған - растительные
аттамайды - не перешагивают
ауыз тимей - не попробовав
қуырған бидай - жареная пшеница
көп күттіруге - заставить долго ждать

1.Жаңа сөздерді дауыстап, мәнерлеп оқиды.
2.Сөз тіркестерін құрастыру.
Топтық жұмыс.
Мысалы: тамаша дәм, дәннен жасалған тағам, тәтті қуырған бидай .
Мақал-мәтелдердің аудармасын табу.
Сыйлап берсе, суын іш.
И вода-еда, если от души подана.
Той тамағы – тәтті.
Праздничные блюда-самые изысканные блюда.
Сыйласқанның суын іш.
В гостях у друга и воду подадут-пей.
Тату үйдің тамағы тәтті.
Когда в семье лад, все вкусно подряд.
Мәтінді оқып, аудару.
Қазақта дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Дастарқаннан аттамайды. Дастарқандағы дәм, тағамнан ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтарджың негізгі үш түрі болады. Олар: ет, сүт, нан тағамдары. Ет тағамдарына қазақша ет, қуырдақ, қарта, қазы, жал, жая жатады. Сүт тағамдары-ірімшік, құрт, май. Дәннен жасалған тағамдар-тарығ қуырған бидай, жент, талқан. Нан тағамдары-бауырсақ, шелпек.Тамақ ішуге шақырғанда, тамақты көп күттіруге болмайды.
Сергіту сәті.
Нан қиқымын шашпаңдар!
Жерде жатса, баспаңдар!
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар!

Тақтамен жұмыс .Оқулықтың 151-бетіндегі 4 тапсырманы балалар тақтаға шығып, жазып, талдайды.
IV. Сабақты қорытындылау.
-Қонақ келгенде біз не істейміз ?
(Амандасамыз, қонақтарды төрге отырғызамыз)
-Қонақтарды қалай қарсы аламыз?
(Үй-іші аман ба ? Денсаулық қалай?)
-Қонақтарға не жаямыз ? (Дастарқан жаямыз)
-Балалар, дастарқанның бас тағамы не ? (Нан)
- Нан, ас, тағам туралы қандай мақалдарды білесіңдер ?

V. Бағалау. Кері байланыс.
Маған ........ ұнады.
Маған ...... қиын болды.
Мен .....істей алдым.
Маған .......... жеңіл болды.
Мен .............. мақтағым келеді.
Үйге тапсырма: 151 бет 3 тап, сөздікті жаттау, түсінік айту.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Айка2851 (06.04.2015) | Автор: Дуйсенова Айгуль E
Просмотров: 1741 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]