Главная » Статьи » Казахский язык и литература |
Сабақтың тақырыбы; Елордамыз- Астана. Зат есім.
Елордамыз- Астана. Зат есім. Сабақтың мақсаттары: Білімділік:сөз таптары , оның ішінде зат есім туралы түсінік беру. Мәтін бойынша жаңа сөздермен таныстыру. Мәтін мазмұнын меңгерту. Астана туралы білімдерін кеңейту. Дамытушылық :оқушылардың логикалық ойлау, сауатты сөйлеу, тіл дамыту қабілеттерін арттыру, мәнерлеп оқу, мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Тәрбиелік :оқушыларды Астананы сүюге, елді құрметтеуге баулу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың әдісі: мәтінмен жұмыс,суретпен жұмыс, сұрақ-жауап. Технологиясы:модульдік технология, дамыта оқыту технологиясы, сатылай кешенді талдау технологиясы, ойын технологиясы. Сабақтың көрнекілігі: жаңа сөздер жазылған қағаздар, суреттер, слайдтар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. А) Амандасу Ә) Лексикалық минут. -Қазір қандай жыл мезгілі? -Қазір ..... -..... айлары қандай? -......., ......., ........ . -Қазір қандай ай? -Қазір .... айы. ІІ. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Суреттерді көрсету. Балалар, мына суреттерде не көрсетілген? 2 Бәйтерек. Ақорда. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Елорда-Астана. Зат есім. Сабақтың мақсаттары: сөз таптары, оның ішінде зат есімді өтеміз. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысасыңдар. Мәтіннің мазмұнын меңгересіңдер. Астана туралы білімдерін толықтырасыңдар. ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Естеріңіздеме, балалар, тарих пәнінде мен айтқанмын бұрыңғы астаналар атауы қандай болған? 1920---1925---1929---1997---1998 А С Т А Н А Қазақстанның бірінші астанасы- Орынбор қаласы .1920ж. Қазақстанның екінші астанасы-Қызылорда қаласы. 1925ж. Қазақстанның үшінші астанасы- Алматы қаласы. 1929ж. 1997ж. астана Алматыдан Ақмолаға көшірілді. 1998ж.- жаңа астананың аты өзгертіліп Астана деп аталды. -Ендеше, балалар, үй тапсырмасын « Астана» туралы өлеңдер тауып әкеліндер дегенмен. Кім әкелді? 2-3 оқушы оқиды, қалғандары мұқият тыңдайды. IV.Жаңа тақырып А) Енді балалар бүгінгі сабақтың жаңа сөздерімен танысайық. Гүлдене бер-процветай Субұрқақ-фонтан Елорда-столица Ескерткіш-памятник Тарихи тұлғалар-исторические личности Ғимарат-здание Танымастай-неузнаваемо Мен тек қазақша оқимын. Балалар, сендерге 30 секунд уақыт беремін, 3 сөздерді жаттап алыңдар. Енді мен сөздерді орысша айтамын, сендер қазақ тіліне аударыңдар. Процветай - фонтан- Столица- неузнаваемо- Исторические личности- памятник- Здание- Ә) Мәтінмен жұмыс «Елордамыз-Астана» мәтінін мен оқимын. Сосын сендер оқып, талдайсыңдар. Мәтіннің авторы кім? Мәтіннің авторы жоқ. Тақырыбы қандай? Қазақстанның астанасы туралы. Кім айтады ?Мен не оқыдым?Қандай әдеби жанр? Ертегі ме, роман ба? Жоқ, әңгіме. Әңгіме қалай басталады? Астана – Қазақстанның жаңа елордасы. Әңгіменің идеясы? Астананың гүлденуі, ғимараттың өсуі, астананың танымастай өзгеруі. Шарықтау шегі: Астана-бас қала, жас қала. Мәтіннен қандай түйін алдыңдар. Астананың символы- Бәйтерек. Мен Отанымды сүйемін. Енді балалар слайдтармен жұмыс жасаймыз. Мына слайдтар бойынша сөйлемдер құрастырып, дәптерге жазыңдар. Слайд №1 Ақорданың қасында субұрқақтар бар. Слайд №2 Астана Есіл өзенінің бойында орналасқан. Слайд №3Астананың символы-Бәйтерек. Слайд №4 Түңгі бәйтерек әдемі. Келесі тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударып,толық жазыңдар. 4 1.Жаңа Астана ( неузнаваемо ) өзгерді 2. (Расцветай ), Астанам! 3.Астана- Қазақстанның жаңа (столица). 4.Бәйтерек- ( красивое) де биік ғимарат. V. Енді, балалар біз грамматикалық тақырыпқа көшейік. Зат есім. Қазақ тілінде 9 сөз табы бар. Соның бірі-зат есім. Зат есім заттың атын білдіреді. Кім?кімдер? Не?нелер? сұрақтарға жауап береді. Мына суреттерде не көрсетілген? Бәйтерек. Ақорда. Енді, балалар «Елордамыз-Астана» мәтіннен зат есімді табамыз. 1 қатар 2 қатарға не? деген сұрақ қояды. 1.Астананың символы не? Астананың символы- Бәйтерек. 2.Облыстар не сыйлады? Облыстар ескеркіштер, субұрқақтар, скверлер, демалыс орындар сыйлады. 3 . Бәйтерек не? Бәйтерек ғимарат. VI.Бекіту. Ойын «Дұрыс, бұрыс па?» 1.Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы-Астана. 2.Астана-болашағы үлкен қала. 3.Астананың символы- Ақорда. 4.Зат есім қандай ? Қай ?сұрақтарға жауап береді. VII.Қорытынды 5 Бүгінгі мәтіннің тақырыбы қандай? Мәтінге байланысты қандай жаңа сөздермен таныстыңдар? Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді? VIII.Үй тапсырмасы. Бағалау. Мына зат есімдерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңдар. (Ескерткіш, ғимарат, қала, мемлекет, символ) Ережені жаттау. | |
Просмотров: 1217 | | |
Всего комментариев: 0 | |