Главная » Статьи » Казахский язык и литература |
Шығарма«Мәңгілік ел: бір ел - бір тағдыр»
" №5 орта мектеп» КММ 5 «а» сынып оқушысы Фурсова София Дайындаған мұғалімі: Бисарина Г.А. Шығарма «Мәңгілік ел: бір ел - бір тағдыр» Қазақстан-дейтін менің бар елім Жатыр алып жарты дүние әлемін Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған, Бұл даланы көріп алғаш қуанғам, Бұл далада өскен жанда жоқ арман! Менің Отаным-Қазақстан. Мен Ресейде туғанмын,бірақ Отаным-Қазақстан.Мұнда менің көп туыстарым тұрады. Қазақстан-бұл менің ата-бабаларымның Отаны. Мен де қазір Қазақстанда тұрамын. Мен бұл жерді өте сүйемін. Менің көп достарым бар. Олар өте жақсы адамдар. Олар әр түрлі ұлттардан, бірақ олар өзінің Отанын Қазақстан деп санайды.Біздің еліміздің жер көлемі ұлан-байтақ. Қазақстанның кең даласын,биік тауларын, ормандары мен көлдерін көрген адам, оны еш уақытта ұмыта алмайды. Біз Жер шарының осындай сұлу,бай өлкесінде тұрамыз.« Мәңгілік Ел»ұлттық идеясы Қазақстан халқын біріктіретін,елдің басты мақсатынан шығатын және соған толық жауап беретін идея деп есептеймін. «Мәңгілік ел» біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Жан-жақты білім алуымыз керек.Сапалы еңбек етуіміз керек. «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыратын және одан әрі дамытатын бүгінгі жастар екені белгілі. Жастар осы ұлттық идеяны жүзеге асыруы үшін өз Отанын сүйетін ұлтжанды, патриот болулары керек. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің өзі,осы патриотизмнің көп ұлтты халқымыздың бірлігі мен ынтымағының, достығының жемісі емес пе! Бізбен көрші тұратын қария «соғыстан кейінгі жылдары туған ұрпақ»,сол кісі ылғи айтып отырады, бала кезімізде ауылда неміс, поляк, шешен ұлтының балаларымен қазақ тілінде мектепте бірге оқып, бірге өстік. Қиын кездердің өзінде тамақ, киімге жарымаған кездерде олармен бөлісуге тәрбиеледі,-деп ата- анамыз айтып отырады. Ер балалар басқа ұлт балаларына тиісіп, төбелесіп жатса, оларға «тиіспеңдер, олар да сендер сияқты адамның баласы, тату-тәтті болыңдар, жылатпаңдар» деп ақыл айтып отыратын. Анамыз бауырсақ пісіріп жатқанда, шыбыққа ыстық бауырсақты түйреп алып шығып балаларға таратып, бөліп жейтін едік. Оларға қазақ тілін ешкім үйреткен жоқ, бізбен бірге ойнап жүріп әбден тілге үйреніп алды. Кейіннен мектеп бітіріп, жоғары білім алып, қоғамнан өз орындарын тапты,-деп отырады. Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып кел жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол- мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді. Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінеді. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн деп ой түйді. Олай болса, ана тілімізді- мәңгілік тіл ету өз қолымызда. Ол үшін мемлекеттік тілді мұғалім ғана үйретуі тиіс деп есептемей, әркім өзі үйренемін, білемін деп тырысса, сонда ғана белгілі бір нәтижеге жетуге болады деп ойлаймын. 1989жылы 22 қыркүйекте қазақ тілі- мемлекеттік мәртебе алды. Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп жазылған. Біздің Республикада Қазақстан халықтарының Ассамблеясы бар.Ассамблея жақсы жұмыс істейді. Қазақстанда жүзден астам ұлттар мен ұлыстар бірлікте,ынтымақта өмір сүруде.Қазақ тілі мақал-мәтелдерге бай. Айталық, «Ынтымақтың түбі- күншуақ», «Ынтымақ қайда болса, ырыс сонда», «Бірлік бар жерде-тірлік бар», «Байлық байлық емес, бірлік байлық» деген мақалдар өмірден алынған. Қазақ халқы басқа ұлт өкілдерімен бірге, аштықты, қуғын-сүргінді, соғысты бастан кешірді. Басқа ұлттармен бірліктің, ынтымақтың арқасында бәрін де жеңді. Осы жеңістердің нәтижесі және жемісі-«Қазақстан халықтары ассамблеясы» деп білемін. Биыл Ассамблеяға 20 жыл, яғни жігіт жасына толып отыр. Петропавл қаласында Ассамблея орналасқан «Достық» үйінің төбесінде көк байрағымыз желбіреп тұр. Ол ту бәрімізді бірлікке, тірлікке, ынтымаққа шақырып тұрғандай. Қазақстанда барлық адамдар татулықта,бірлікте өмір сүреді. Қазақстан бүкіл әлемге үлгі болады. Елдің байлығын көру үшін бізге сабырлық керек. Біз достықты, қадірлейміз! Қазыбек би айтқан: «Біз достықты бағалаймыз». Мен Қазақстанда тұратынымды мақтаныш етемін. Отанымды, халқымды құрмет тұтамын. Мен өзімнің мемлекетіме әрі қарай гүлдене беруіне тілектеспін. . | |
Просмотров: 7470 | | |
Всего комментариев: 0 | |