Главная » Статьи » Казахский язык и литература

Дыбыс үндестігі
4«А,Б,В» сыныбы қазақ тілі пәні
бойынша қысқа мерзімді жоспар
Мерзімі:14.09.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс үндестігі
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға дыбыс үндестігі туралы түсінік беру, ережесін түсіндіру, дыбыс және әріптің ерекшеліктері туралы түсіне білуге, күнделікті өмірде қолдана білуге жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже: Қажеттілікті жүзеге асырады, алған білімдерін қолдануды үйренеді, сауаттылықтары қалыптасады, көшбасшылықты көрсетеді.
Сабақтың әдісі: «Миға шабуыл» әдісі, баяндау, диалог, талдау, ой қозғау.
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Ресурстар, көрнекі құралдар
3 мин . Кіріспе.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Сабақтың бағалау критериімен таныстыру. Оқушылар оқу құралдарын дайындайды.
Өлең шумақтары арқылы ой сергітеді.
Кеспе суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді.
Оқушылар бағалау критерийімен танысады.

Кеспе қағаздар, бағалау парақшасы.

.
7 мин І.Білу: «Миға шабуыл»: Өткен материалдағы білімді еске түсіру үшін қойылған сұрақтарға жауап береді.
Буын үндестігі дегеніміз не?
ата?
Дыбыс және әріп туралы?
Мәтін дегеніміз не? Топтағы әр оқушы жеке- жеке жауап береді, өтілген материалдарды еске түсіреді.
Ауызша жұмыс.

Қосымша мәліметтерді тыңдайды. Оқулық, плакат.
10 мин ІІ.Түсіну
Оқулықпен жұмыс, ережемен таныстыру.

Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтылуын дыбыс үндестігі дейміз.Мыс: аспаптар, ескектер.. Оқушылар ережені біледі, мысалдар келтіреді. Оқулық
15 мин ІІІ. Қолдану.
1-жаттығуды орындау.
Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі қосымшалардың тиістісін қойып, көшіріп жазу.
Түбір сөздің соңғы және жалғаудың бірінші дыбысы қандай дыбыстар?


Сергіту жаттығуы. Топтық жұмыс..

Жаттығуды жазады, түсіндіреді.
Қойылған сұраққа топ кезектесе отырып жауап береді.

Оқушылар өлең шумақтары арқылы сергіту жаттығуын жасайды. Оқулық, А4 пішіндегі қағазға жазылған сөздер

ноутбук
5 мин ІV.Талдау
2-жаттығуды орындау.Суреттегі зат атауларына көптік жалғауын жалғап жазу.
3-жаттығу.
Жұмбақты жазу,қарамен жазылған сөздердің түбірін тауып жазу.
Оқушылар тапсырманы орындайды.

Қарамен жазылған сқздердің түбірін табады, түбір сөздің соңғы дыбысының басқа дыбысқа айналу себебін түсіндіреді.
Суреттер,кеспе қағаздар, оқулық
3 мин V. Жинақтау.
Үй тапсырмасына дайындық жасау мақсатында 5 жаттығуды ауызша орындап, үйге жазбаша беру, сауатты жазу дағдысын бақылау. Оқушылар топпен жұмыс жасайды.
Жаңа сөздерді қайталап, пысықтау.
Оқулық

Түрлі-түсті суреттер.

2 мин VІ.Бағалау.
Формативті бағалау
Жиынтық бағалау

Рефлекция.
Не үйрендім?
Не үйренгім келеді
Үйге тапсырма: Үйге: 5 жаттығу, ауызша.Келесі тақырыпқа ізденіс
Бірін- бірі, өзін-өзі бағалау.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Сабақты білгенін және білгісі келетінін стикерге жазып жабыстырады

Стикер

Тексерілді :
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Мухтаровна (11.02.2016) | Автор: Момынова Динара Мухтаровна E
Просмотров: 1609 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]