Главная » Статьи » Казахский язык и литература |
Қ.Жұмаділов. Қозыкүрең. Әңгіме құрылысы.
Сабақ тақырыбы: Қ.Жұмаділов. Қозыкүрең. Әңгіме құрылысы. Сабақ мақсаты: Күтілетін нәтиже: Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Қамтылатын модульдер: Қ.Жұмаділов өмірі мен шығармашылық жолына шолу. «Қозыкүрең» әңгімесінің мазмұнын ашу. Әңгіменің мазмұнын меңгеру мақсатында құрылымдық талдау жасау. Қ.Жұмаділов өмірі мен шығармашылық жолы туралы білу. «Қозыкүрең» әңгімесінің мазмұнын меңгеру. Әңгіменің сюжеттік желісіне қарай талдауды үйренеді. СТО элементтері: қалпағы, белсенді оқыту тәсілі. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер /Диалогтік оқыту/, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытудағы басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту, АКТ пайдалану, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Ассоцияциялық шеңбер: «Жер» сөзіне қатысты қандай сезім, ассоцияциялық сөздер ойға оралады? Тізбекпен айтқызу. Туған жер, Отан, ойнап өскен жер... Үй жұмысын тексеру «Қозыкүрең» әңгімесінің алғашқы бөлімі не жайында? Әңгімеде әсерлі болған үзінділер жөнінде ой бөліссек. Ой алмасу. Жаңа тақырып: Сабақ критерийі: Қ.Жұмаділов өмірі мен шығармашылығы туралы білу. Әңгімені мағыналы бөлшектерге бөле алу. Мәнерлеп оқи алу. Сюжеттік талдауды меңгере қолдана алу. Мағынаны тану: 2. Оқиғаның басталуы. 1. 1. Алатау қазақ пен қырғыздың құт береке қонысы. 1. 2. Сапарға сайланып шығу - ел дәстүрі 2. Оқиғаның байланысы. 2. 1 Ұрпақтар сабақтастығы – ата аманаты. 2. 2 Сән - салтанаты жарасқан елдің татулығы. 3. Оқиғаның дамуы. 3. 1 Текті жылқының жершілдігі. Төреқұл әңгімесі. 3. 2 «Қозыкүрең»жайлы Саяқбай әңгімесіндегі күдікті ойлар. 4. Оқиғаның шиеленісуі 4. 1 Қозыкүреңнің қашып шығуы – жылқышыларға үрей туғызуы 4. 2 Атылған оқ Қозыкүреңге дарымады. 5. Оқиғаның шарықтау шегі. 5. 1 Қозыкүреңнің елге оралуы - жаралы жауынгердің елімен қауышуы тәрізді 5. 2 Суыт жүрістен қызылмай боп зорыққан ат оңалмады. 6. Оқиға шешімі. 6. 1 Қозыкүрең өлімі, адамша арулап, терісін сыпырмай көмеді. 6. 2 сыйластық жарасымы - Ағыбайға Төреқұлдың сыйы. Бұл - әңгіменің сюжеттік құрылымы. Сюжеттік бөлімдер бойынша оқулықпен жұмыс. Сабақты бекіту: Қозыкүрең жылқыға сипат беріңдер. Ақан серінің Құлагерімен салыстырыңдар. Үйге тапсырма: Әңгіме кейіпкерлеріне сипат беру. Сұрақтар дайындап келу. Қ-у: «Ақырғы бәйге». | |
Просмотров: 1775 | |
Всего комментариев: 0 | |