Главная » Статьи » Казахский язык и литература |
"Тіл білгірі" сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой - өрісін, білім деңгейін кеңейту. Дамытушылық: түрлі әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберлігін жетілдіру. Тәрбиелік: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: сайыс сабағы. Сабақтың ұраны: Көп тіл білсең көкжиегің кең болар, Құрметтейді кісі екен деп төрге озар. Қай елде жүрсең де бұл дұрысы - Мемлекеттік тілді білген жөн болар. Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі "Тіл білгірі" сайысымызды қазақ тілі апталығына арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатым - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру. Бүгінгі сайыс бірнеше кезеңдерден тұрады: 1. Таныстыру. 2.Тапқырлық 3. Әр топ капитанына тапсырма 4. Әріптер сайысы 5. Ойлан тап Әр жүргізілген кезеңдерді әділқазылар бағалап отырады. Сайысқа бес адамнан құралған екі топ қатысады. "Сайысымыздың бет ашарын бастайық, Көрерменді бір серпілтіп тастайық. Таныстырсын сайыскерлер өздерін, Өнеріне ду қол соғып қостайық",- деп, кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік. I - кезең. Таныстыру. 1 - топ:"Жас қыран". Қалықтап көкте жас қыран, Халықпыз сөзге тоқтаған. Тіліміз топты жаратын, Тобымыз біздің -"Жас қыран". 2 - топ: '' Топжарған''. Шығарар намыс топты алдан, Дуалы ауыз тілге арман. Сайысқа келдік бірігіп, Атымыз біздің -"Топжарған". II - кезең." Тапқырлық» Әр топтан бір адам мақалдағы бастайды,қарсыластары мақалды жалғастырады. Дұрыс жауапқа 3 ұпай. 1. Тіл тас жарады, тас жармаса.........(бас жарады) 2. Жақсы сөз -.......(жарым ырыс) 3. Піл көтермегенді,..........(тіл көтереді) 4. Тілден артық......(қазына жоқ) 5. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі.......( ой өсіреді) 6. Ең ащы да тіл, ең........(тәтті де тіл) 7. Басқа пәле -........(тілден) 8. Тілге құрмет,........(елге құрмет) 9.Өнер алды- (қызыл тіл) 10.Тіл қаруы сөз- (Сөз қаруы –ой) 11.Тіл жүйріктен де- (озады.) 12. Тіл -шекер Бала -кетер Байлық –бекер. III - кезең. Капитандар сайысы ( бір ұлттық тағам жөнінде қысқаша мағлұмат береді) I –топ « Бауырсақ» туралы айтады. ал II-топ « Қазақша ет» туралы білгендерін айтып береді. IV – кезең Әріптер сайысы. Берілген сұрақтарға осы әріптен басталатын сөзбен жауап берулері керек. 1 - топ. (Қ, Ә, Т, С ,О). (Ә, Б, М, Ж, Д ). 1. Қандай елде тұрасың? 2. Қазақ тілі пәні ұнай ма? 3. Досың кім? 4. Қазір жылдың қай мезгілі? 5. Қайдан келдің? 6. Сенің көзің қандай? 7. Жасың нешеде? 8. Қандай тағамды ұнатасың? 9 Бүгін қандай күн? 10. Бала емдейтін адам? 2 - топ (Ә, Б, М, Қ, Д ). (Қ, Ә, Т, С ,О). 1. Мақал білесің бе? 2. Атың кім? 3. Қандай қаланы білесің? 4. Сен тұратын қаланы ата. 5. Алма тәтті ме? 6 Әженнің аты кім? 7. Кім болғың келеді? 8. Сенің досың қандай адам? 9. Сыныпта неше оқушы бар? 10. Мұғалімнің аты кім? IV кезең. " Ойлан тап". Бұл кезеңнің шарты екі топқа бірдей "ҚАЗАҚСТАН" сөзі берілген. Осы сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөз құрастыру. Сөз кезегі Әділқазыларға Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып, Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?! Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда, Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!- дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет! | |
Просмотров: 1882 | | |
Всего комментариев: 0 | |