Главная » Статьи » Казахский язык и литература

поурочный план
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы: Жалқы есім және жалпы есім
Сабақтың мақсаты: Тақырыпты меңгерту.
Сабақтың білімділігі: жалқы есім және жалпы есім туралы түсінік беру; жаттығулардан жалқы есімдерді тапқызу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың дамытушылығы: сөйлеу тілін дамыту,ой-өрісін кеңейту
Сабақтың тәрбиелік мәні: өз бетінше жұмыс істей білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу
Түрі: аралас
Көрнекілігі:оқулық,теледидар,
Әдістері: түсіндіру,сұрақ-жауап,жаттығу орындау,шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту.
«Досыма жақсы тілек айтамын»
Зат есім туралы білімдері пысықталады.
Ол үшін алдын ала дайындалған зат есімге байланысты тапсырмалар беріледі. Осы тапсырма бойынша балалар тез-тез сөздерге сұрақтар қойып,ережелер айтылады.
ІІ.Мағынаны тану.
Зат есім жалқы және жалпы есім болып бөлінетіндігі, жалқы есім туралы мәлімет беріліп, олардың бас әріппен жазылатындығы түсіндіріледі. Теледидардан дайындалған сюжетті суреттер арқылы жалқы есім мен жалпы есім туралы жан-жақты түсіндіріледі.
Кісінің аты-жөні , жер-су аттары, жан-жануарға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады.
Көркем жаз.
Е е әрпін жазу. Е әрпінен басталатын сөздер жаз.
1-жаттығу. Адам аттарын тауып, сұрақ қой.
Бек, Талғат, Мәншүк, Төлеген, Тарғын, Қамбар, Өтеген, Нүркен, Мәлік, Қабанбай, Бауыржан, Бөгенбай.
2-жаттығу. Жалқы есімдерді теріп жаз.
Маңғыстау, Қаныш Сәтбаев, Қарақия.
3-жаттығу.Алдымен кісі аттарын, содан соң қала аттарын теріп жаз.
Кісі аттары: Алтынай, Біржан, Естай, Ақан.
Қала аттары: Астана, Семей, Ақтау, Көкушетау, Қарағанды, Шымкент.
4-жаттығу. А әрпімен басталатын қала аттарын тауып жаз.
Арыс
Алматы
Атырау
Арқалық
Сөздік диктант аламын.
Көлеңке, жұлдыз, Жамбыл, көрме, Семей, ірімшік, шаңғы.
Осы сөздердің ішінен жалпы есімдердің астын сызады.
Сабақ қорытындыланып, үйге тапсырма ретінде 5-жаттығуды беремін.
Қорыту,бекіту сұрақтар қою.
Мақтау,мадақтау,бағалау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: START (11.03.2017) | Автор: Нурсейтов Авдихаим E
Просмотров: 865 | Теги: Муташович | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]