Главная » Статьи » Казахский язык и литература

Қазақ әдебиеті. Қысқа мерзімді сабақ жоспары. С.Мәуленов. "Менің Республикам."
Қазақ әдебиеті. 5- «в» сынып.
Сабақ тақырыбы: С.Мәуленов. "Менің Республикам."
Сабақ мақсаты:
Күтілетін нәтиже: Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Қамтылатын модульдер:
С.Мәуленов өмірі мен шығармашылық жолына шолу. «Менің Республикам» өлеңінің мазмұнын, идеясын ашу. Мәнерлеп оқу дағдысына ықпал жасау. С.Мәуленов өмірі мен шығармашылығы туралы біледі. «Менің Республикам» өлеңінің мазмұнын, тәрбиелік мәнін игереді. Көркем оқу дағдысы қалыптасады. СТО элементтері: қалпағы, белсенді оқыту тәсілі. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер /Диалогтік оқыту/, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытудағы басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту, АКТ пайдалану, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңберін құру арқылы оқушылардың психологиялық дайындығын орнатамын.
Үй жұмысын тексеру Мұқағали Мақатаев туралы не айта аламыз?
Оның қандай шығармасын, өлеңін оқыдық? Кім қандай өлеңін жатқа оқиды?
Жаңа тақырып:
Сабақ критерийі:
С.Мәуленов өмірі мен шығармашылығы туралы білу.
Мәнерлеп көркем оқи білу.
Өзге ақын шығармаларымен салыстыра алу.

Мағынаны тану:
Біз Қазақстан атты мемлекетте тұрамыз. Біздің еліміз қандай?
Егемен, бейбіт, таулы, өзен-сулы, әлемге танылған, кең байтақ.

Сырбай Мәуленов – Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгер-ақын. Отанымызды ерекше сүйіп, сыртқы жаудан аман алып қалу үшін күрескен ақын. Біздің болашағымыз жарқын болсын деп, өлімге бас тіккен ерекше азамат. Оның өлеңдері сырға, көркем сөзге бай боп келеді.
«Менің Республикам» атты өлеңі өзінің туып-өскен қазақ елінің кеңдігі, туған жердің ыстық қасиеті, осы елге деген азаматтық борышы туралы сыр шертеді.

Өлеңді мәнерлеп оқу.
Өлең қандай әсер қалдырады?
Отан, туған жер туралы қандай шығармалар білесіңдер? Қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Енді сендер мәнерлеп оқып беріңдерші.

Өлеңдегі: «Ай мен Күнге жол ашқан аспан», «көкжиекпен ұштасқан дала», «түскі ашық аспандай көл», «қызыл бұлттай гүл» сөздерін қалай түсінесіңдер?

Ақын өз елін мақтан тұта ма? Несімен мақтан тұтады? Сен өз еліңді несімен мақтан тұтасың?
Әнұранымыздың сөздерімен ұқсастық бар ма? Әнұранымызды есіткен кезде көкейіңде қандай сезім пайда болады?

Өлеңді құрылысына қарай талдайық:

Тау/ды көр/сең// күн кө/зі/мен// та/лас/қан. 11б а
Ас/пан көр/сең //Ай мен Күн/ге/ /жол/ ашқан, 11б а
Ме/нің бай/тақ// Рес/пуб/ли/кам// тау/ла/ры 11б б
Ме/нің кө/гім//-мөл/ді/ре/ген// сол ас/пан. 11б а

Сабақты бекіту: «Менің Республикам» тақырыбында эссе жазу.
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: nurlybek (28.03.2017) | Автор: Ерназаров Нұрлыбек Кошназарович E
Просмотров: 1523 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]