Главная » Статьи » Казахский язык и литература

Қазақ тілін оқытуда ойын технологиясын қолдану.
Қазақ тілі сабақтарында ойын
технологиясын қолдану тәжірибесінен.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Орыс педагогы К.Д.Ушинский айтқандай,қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп , ескі бір сарындардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті сабақта пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды,тиімді болары сөзсіз. Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе- білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы-мектеп,ал мектептің жаны-мұғалімдердің басты міндеті-өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.
Орыс сыныптарында оқылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты – оқушыларды белгілі дәрежеде қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу.
Ал осы дәрежеге жету үшін не істеу қажет?
Менінше, бұл мәселені шешу жолдарының бірі- әр түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологияларды енгізу.Қазір технологиялардың түрлері өте көп. Солардың бірі – ойын технологиясы.
Ойын технологиясы деген не?
Ойын технологиясы оқу үрдісін қызықты және тартымды болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әдіс, сабақ формасы болып табылады.
Ойын – бала үшін дағдылы және оқытудың тиімді формасы.
Ойын арқылы оқыта отырып, біз оқу материалын ересектерге түсіндіргендей емес, бала жанына жақын дағдылы жағдайда қабылдауына ықпал етеміз.
Ойын кездейсоқ бір жағдайдан екінші жағдайға көшу емес, оқу әрекетіне құрылған, балаға таныс түрінде жүйелі жасалған үздіксіз үрдіс депқарау керек. Ойын бала үшін алғашқы ойлау мектебі болып табылады.
Ойын технологиясын қолданудың мақсаты – оқушылардың сабақта танымдық әрекеттерін дамыту.
Оқу үрдісіндегі ойын төмендегі міндеттерді шешуге бағытталған.
• Дидактикалық, пән бойынша берілген білімді түсіндіру үшін;
• Психологиялық, яғни субъектінің танымдық және жеке тұлға ретінде дамуына, балалар арасында және педагог пен оқушылар арасында өзара қарым – қатынас орнату үшін;
• Ақпараттық – комуникативтік, ақпараттық мәдениетінің негізін қалау үшін, сараптау мен болжау дағдыларын меңгеру үшін.

Ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдаланамын. Біріншісі – сабаққа қызығушылығын арттыру, тілін дамыту, екіншісі – оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу.
Мысалы:"Синонимін табайық" ойыны.
Ойынды "Синоним" тақырыбын бекіту сабағында немесе сабақтың мақсатына қарай өткенді еске түсіре отырып өткізуге болады.
Ойынның мақсаты. Оқушылардың "Синоним" тақырыбынан меңгерген білімдерін тексеру, жылдам ой қорытуға баулу, сөздік қорын байыту.
Ойынның шарты: оқушыларға бір уақыт аралығында синонимдік қатар тузу тапсырылады.
Ойын соңында синонимдік қатардан сөйлемдер құралады.
«Кім тез және дұрыс» ойынды жиі қолданамын. Бұл ойында оқушылар мақал- мәтелдерді, жаңылтпаштарды немесе жұмбақтарды жатқа айтуға жарысады. Оқушылар 7 минут уақыттың ішінде берілген тапсырманы жаттайды. Содан соң кезекпен айтып шығады. Дұрыс,анық айтқан бала жеңімпаз атанады. Ойын баланың тілін шынығады әрі жылдамдыққа,шапшаңдыққа,ептілікке үйренеді.
Үлкен бір модульді аяқтаған кезде нәтиже сабақта «Қоржынды кім тез шешеді?» деген ойын ойнаймыз. Үш қатар болса (немесе 3 топ) үш қоржын дайындаймын. Әр қоржында аударма жұмысы, сөз тіркесін құру, буынға бөлу, модульге сәйкес грамматикалық тапсырма, мәнерлеп оқу, диалог болады. Бұл ойынды мұғалім белгілі бір модуль бойынша оқушының қандай деңгейде меңгергенін тексере алады.
Мәтінмен жұмыс бойынша «Даналық ағашы» оқыта үйрету ойынды өткіземін. Ойынның шарты бойынша оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығады. Енді әрқайсысы мәтін бойынша бір –екі сұрақ құрап, қағазға жазады. Содан соң, мұғалімнің қолындағы сандықшаға салады. Мәтінді тағы бір рет оқып шығады. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруге тиіс. Ойын оқушының тез оқу, есте сақтау дағдысын қалыптастырады.
Жаңа сөздерді өткенде «Сөз жарысы» ойынын сайыс түрінде өткіземін.
2 топтан екі оқушы шығып тақтада берілген сөздердің аудармасын тауып жарысады.
Логикалық ойлауға арналған ойындар.
Барлық сөзі бірдей әріптен басталатын сөйлемдер жазу
1. Б…б…б… Білімді бәрін біледі
2. А…а…а… Ақымақтың аузы ашылар
3. Ж…ж…ж… Жақсылыққа жақсылық жаса
4. С…с…с… Сыпайы саспай сөйлейді
5. Ы…ы…ы… Ырыс ынтымақты ықыластан
Сөз тізбектерін жазу (ассоциация)
1. мектеп… парта, орындық, мұғалім
2. оқушы… дәптер, мектеп, кітап
3. Қазақтілі… жаттығу, сөйлем, тынысбелгісі
4. теледидар… үй, диван, ата-ана
5. мұғалім… жаңасабақ, жетекші, ақылшы
Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған онкүндігінде және қазақтілі апталығында да әртүрлі сайыстар өткіземін. Мысалы «Полиглоттар», «Қазақшаңыз қалай?», «Ана тілі – жүрек үні» сайыстарында «Кім көп және тез?», «Өз жұбынды тап», сөзжұмбақтар,бейнесөздер қолданамын.
Біздің мектепте, жыл сайын, Қазақстан Республикасының егемендігіне арналған «Қазақстан халықтарының фестивалі» өтеді. Осы фестивалінде әрбір сынып оқушылары белгілі бір ұлттың салт-дәстүрлерін,мәдениетін көрсетіп, ұлттық тағамдарын дайындайды. Мектептің кең дәлізінде ұлттық тағамдардың көрмесін ұйымдастырып, көпшілікке татырады.
Наурыз мерекесінде қазақ халқының ұлттық ойындары ойнатылады. Арқан тартыс, аударыспақ. Ал 5-7 сыныптар арасында, биылғы жылы, алғаш рет «көкпар» сайысы өтті. Мұз қалашығында алтыбақан орнатылып, қыс бойы оқушылар көңілді уақыт өткізді.
Оқушыларым,жыл сайын аудандық сайыстарға қатысады. Нәтижесінде «Мемлекеттік тілім – менің тілім» сайысында 2011- 2012 оқу жылында 3 орынға ие болды.
Межова Оксана деген оқушым «Ең бірінші бақытым – халқым менің. Ал екінші бақытым- тілім менің » аудандық сайысында 3 орынды иеленді.
Қазақ тілі – еліміздің мемлекеттік тілі. Тілді қастерлеу, үйрену - әр Қазақстандықтың парызы. Менің парызым – оқушыларға мемлекеттік тілді меңгерту. Себебі, өз білгеніңді біреуге үйрету – үлкен ғанибет.

Ойын технологияның тиімділігі.

Дидактикалық ойындар баланың танымдық ойлауының дамуына тікелей әсер етеді. Сабақта орынды қолданылған ойын элементтері оқушылардың ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді. Ойын барысында қолданылатын дидактикалық материалдар оқушыларға ыңғайлы, түсінікті болса, ойын жақсы нәтиже береді. Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану оқушылардың ой — өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі.

Сабақ үлгілерінде оқыту жолдары.

Сабақтың тақырыбы: Қыркүйек. Қазан. Қараша. 6 сынып.
Г/т: Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі бойынша алған білімдерін қорытындылау сөзі, сөз тіркесі, сөйлем түрлерін қайталау, сөз құрамын еске түсіру, қайталау.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, білім мен білік дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Туған жерінің табиғатын қадірлеп, қастерлеуге тәрбиелеу, оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, табиғатты қорғауға, мейірімділікке баулу.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Сөздік жұмыс.
Ерте – ранняя осень
Мағына -значение
Шық - роса
Көбею – умножаться, увеличение
Теңелу - равняться
Алтын күз – золотая осень
Тоңазыту – застывать
Толассыз –беспрерывно
Ену - входить
Сылбыр – вялый
Қоңыр күз -поздняя осень
Күшею – усиливаться
Қырау – иней
1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;
- тізбекпен оқиды.
3. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.
үлкен мағына,......
4. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.
5. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрау (3-тапсырманы орындау).
Қыркүйек айында, жаңбырлы мезгіл, аспан бұлтты, күн қысқа, жылы жаққа, суық жел, адамдар дайындалады, жылы киім, жерге түседі, түрлі түсті жапырақтар, қоңыр күз.

V. «Қыркүйек. Қазан. Қараша. Осенью» мәтіндерімен жұмыс. «Қарлы кесек» ойыны.
Ойынның шарты:
Сынып оқушыларын 4 топқа бөліп, А,Б,В,Г деген 4 үстелге отырғызамыз. Әр үстел өз тапсырмасын алады. Дайындыққа 6 минут уақыт беріледі. Оқушылар дайындап болған соң, I тур басталады. Оқушылар әрқайсысы үстелдеріне отырып жауап береді де, қолдарына берілген жүру бағыты парағына өзіне ұнаған жауаптың нөмірін белгілейді. Яғни әр оқушы «жүру бағыты» парағы мен оның номіріне сәйкес үстелінің нөмірі жазылған парақты үстелісіне тағып алады. Әрі қарай II турда оқушылар «жүру бағыты» парағында көрсетілген үстелге барып, реті бойынша сөйлейді. Осылай 3 турда 3 үстелге отырып, жауап беріп, тыңдап шығады.
I топтың тапсырмасы: «Қыркүйек» мәтінімен жұмыс жүргізеді.
II топтың тапсырмасы: «Қазан» мәтінімен жұмыс жүргізеді.
III топтың тапсырмасы: «Қараша» мәтінімен жұмыс жүргізеді.
IV топтың тапсырмасы: «Осенью» мәтінімен жұмыс жүргізеді.
Мәтіндердің мазмұнын айтуға дайындалады. 4 топ ең алдымен аударады, содан кейін мазмұнын айтуға дайындалады.

-1 -2 -3 -4 Ең жақсы жауап берген ойыншының нөмірі Топтың ортақ ұпайы
«А»
«Б»
«В»
«Г»

VI. Сабақты қорыту. Сұрақтарға жауап беру.
1. Күзде ауа райы қандай болады? Күз айларын атаңдар.
2. Ағаш жапырақтарының түсі қандай болады?
3. Күзде құстар қайда ұшады?
4. Күзде нелер піседі?

VII. Үй тапсырмасы. 4-тапсырманы жазбашы орындау.

Бағалау.
«Қазақшаңыз қалай?» Қ.Р- сы халқының тілдері күні мерекесіне орай өткізілген сайысы.

Бұл сайысқа 2 топ қатысқан. «Достық» және «Шаңырақ»
«Достық» тобы. «Шаңырақ» тобы.
1. Межова Оксана 8 сынып. 1. Кожухова Ольга 8 сынып.
2. Мызан Юлия 7 сынып. 2. Мартышина Варвара 7 сынып.
3. Дроздов Вадим 6 сынып. 3. Богер Георг 6 сынып.
4. Ганиахметов Эльвер 5 сынып 4. Ходак Татьяна 5 сынып.

I кезең. Танысу
Оқушылар өз тобымен таныстырады.

«Достық» тобы.
Досың көп те қасында
Дәулеттісің онда сен
Дақ түсірер болма сен.
Ұраны: Көппен көтерген жүк жеңіл.

«Шаңырақ» тобы.
Шаңырақ деген не?
Шаңырақ деген- бірлік
Шаңырақ деген- достық
Шаңырақ деген- молшылық
Шаңырақ деген- ата- дәстүрін құрметтеу
Ұраны: Бірлік бар жерде- тірлік бар

II кезең «Блиц- сұрақтар» сайысы

«Шаңырақ» тобына.
1. Қазақтың тұңғыш педагог- жазушысы кім?
2. Тұңғыш ғарышкер кім?
3. «Абай жолы» романының авторы кім?

«Достық» тобына.
1. Қазақ халқының кандай батырларын білесіңдер?
2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш ғарышкері нешінші жылы ғарышқа ұшты?
3. Қазақстанның қандай әншілерін білесіңдер?

III кезең «Жұмбақ» сайысы

«Шаңырақ» тобына.
1.Үй бағады, үрмейді
Аяғы жоқ, жүрмейді (.....)
2.Тілден ұшып, құлаққа конады (...)

«Достық» тобына.
1.Қолы жоқ, сурет салады
Тісі жоқ, тістеп алады (...)
2.Күндіз бар, түнде жоқ
Онсыз өмір мүлде жоқ (...)

IV кезең «Жаңылтпаштар» сайысы

«Достық» тобына.
Қарға, қарға, қарғалар
Қар үстінде жорғалар

«Шаңырақ» тобына.
Жайлауға көш көшті
Көш кеш көшті

V кезең «Мақал- мәтелдер» сайысы
Оқушылар берілген мақал- мәтелдерді дұрыс құрастырады.

«Достық» тобына.

Туған елдей ел болмас

Туған жердей жер болмас.

«Шаңырақ» тобына.

Туған жердің

Түні де ыстық, Күні де ыстық.

VI кезең.
«Керекті сөзді тап» сайысы
Сұрақтарға жауап беру

«Достық» тобына
Ж Ә Ү әріптеріне
1. Қалай оқисың?
2. Сыныбыңда қанша адам бар?
3. Алма тәтті ме?

«Шаңырақ» тобына.

Қ О С әріптеріне
1. Есімің кім болады?
2. Кімді жақсы көресің?
3. Қандай қаланы білесің?

VII кезең. «Ойла да тап» сайысы

«БІЛІМПАЗДАР» сөзіне кім көп сөз табады

VIII кезең. Сайыстың қорытындысын жасау.

Әділқазы алқасы: 1. Орозова Майраш Каримовна.
2. Абдрахманова Гульнар Абылкадыровна.
3. Минигалиева Альбина Рафитовна
Гульнар Абылкадыровна қорытынды жасады. Қорытынды барысында жеңімпаздар анықталды.

I орын «Достық» тобына берілді.
II орын «Шаңырақ» тобына берілді.

Марапаттау.

Қорытынды.

Ойын технологияны қолданған нәтижесінде, оқушылардың оқу белсенділігі арта түсті.ОқушылардыңҚазақстан мәдениетіне, тарихына, салт – дәстүрлеріне,өмірге деген көзқарасы жан-жақты дамып, шығармашылық қабілетіне жол ашылды.
Сабақтарымда осы технологияны пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қоры молайып, сөйлеу тілінің грамматикасы қалыптасып, түсінгенін айта біліп, сауатты жазуға дағдыланып, дүниетанымы, ой-өрісі кеңейді деп ойлаймын.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: botik1202 (31.03.2017) | Автор: Абдрахманова Ботагоз Олжабаевна E
Просмотров: 1473 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]