Главная » Статьи » Казахский язык и литература |
Баяндама: "Біріктірілген сыныптардағы оқыту мәселесі"
Қазіргі уақытта, яғни ақпараттық технология заманында, жалпы білім беретін мектептің түріне, типіне, тіпті орналасқан жеріне де қарамастан білім берудің сапасын одан әрі жетілдіру басты, әрі маңызды мәселе болып отыр. Қалалық жердегі бала саны көп және ауылдық жерлердегі бала саны салыстыруға да келмейтін шағын жинақталған жалпы білім беретін мектептердің алдына қойған талап та, мақсат та бір. әрине, әр істің өз қиындығы, сонымен берге артықшылығы, жалпы айтқанда кез келген жағдайдың өзіне тән ерекшеліктері бар. Мектебімізде биылғы оқу жылында оқушы санының жетіспеуіне байланысты біріктірілген сыныптар орын алды. Ол әрине 7-8 қазақ сыныптары. 7 сыныпта – 2 оқушы, екеуіде оқу екпіндісі. 8 сыныптада – 2 оқушы біреуі «жақсы» екінші «қанағаттанарлық» деген білім көрсеткішін көрсетіп отыр. Мен осы 7-8 а сыныбында қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінен сабақ беремін. Алдымен біріктірілген сыныптардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталайың: • Бала санының аздығына байланысты жастары сәйкес емес екі түрлі сынып біріктіріледі • Мұғалім 45 минут берілген бір сабақта екі түрлі сыныпқа екі түрлі тақырыпты қамтитын дәріс беруі керек • Сабақтың құрылымы өзгертіледі Аталмыш мәселелер оқушылардың білімді қабылдауына біршама нұқсан келтіреді. Олай деуімнің себебі бар: Біріншіден, жас ерекшеліктеріне байланысты оқушылардың даму ерекшеліктері, мінез-құлықтарының қалыптасу мерзімі ескерілмейді. Бір сыныптың оқушылары өте белсенді, өздігінен жұмыс жасаулары қиындық тудыратын болса, келесі сыныптың оқушылары тым селсоқ, немесе ұяң. Мұндай балалар белгілі бір уақыт аралығында үнемі жеке жұмысты қажет етеді. Кейде жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде түрлі сауалдармен кедергі келтіруі мүмкін. Екіншіден, назары ауып, көңілдерінің бөлінуі. Бір сынып бөлмесінде отырғандықтан, жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде өзіндік тапсырма алып, жұмыс жасап отырған басқа сынып оқушысының еріксіз көңілі бөлініп, назары басқаға ауады. Мұғалім тақта алдында, бар сыныптың назарын өзіне аударатындай қалыпта дауыстап жаңа тақырыптың мазмұнын ашу кезінде қайтіп сыныпта отырған балалардың назары аумайды? Нәтижесінде бала ойын жүйеге келтіре алмай қиналуы мүмкін. Үшіншіден, үлгерімі төмен оқушылар мұғалім назарынан тыс қалуы ықтимал. Өйткені екі түрлі сыныпқа, екі түрлі тақырып бойынша сабақ беріп тұрған мұғалімнің уақыты шектеулі, ол үй жұмысын тексеріп, оқушының өткен тақырып бойынша нені ұғып, нені ұқпағанын біліп, көмек көрсетіп, жаңа тақырып түсіндіріп, бекіту жұмыстарын өткізіп, бағалап, үй жұмысын түсіндіріп үлгеруі керек емес пе! Төртіншіден, психологиялық, эмоционалдық қиыншылық. Бір сабаққа біріктірілген екі сыныпта бір үйдің екі баласы оқуы мүмкін. Мұндай жағдайда балалардың бірі психологиялық күйзеліске түсу қаупі бар: нашар оқитын бауырының кемшіліктері, қателері үшін ұялып, үнемі қорқыныш үстінде отыруы мүмкін. Мұндай жағдайда бала өзге түгіл өзінің не оқып, не қойғанын білмей қалары сөзсіз. Бесіншіден, әртүрлі жастағы екі түрлі сынып-кешендерде жеке пәндерді оқытудың арнайы әдістемесі жоқ және сынып-кешендерде жұмыс істей алатын педагогикалық мамандардың сандық-сапалық тұрғыдан қамтамасыз етілмеген. Жаңа келген жас маман жоғары оқу орнында оқығанда мұндай жағдайдан бейхабар болып келеді, яғни бірден екі сыныпқа қатар сабақ беруді, жоспарлауды оларға ешкім үйретпейді. Өздігінен үйреніп, әдістенгенше уақыт өтеді, оқушылардың білім алуына міндетті түрде қиыншылық пайда болады. Оқушы саны аз сыныптарда сабақ берудің жақсы жақтары да баршылық: 1)Оқушы саны аз сыныптағы әрбір оқушы, оның сабақтағы іс-әрекеті мұғалім назарында болады; 2)Әр оқушының дара ерекшеліктері, танымдық қызығушылығы есепке алынады. 3)жеке тапсырма беруге, тексеруге уақыт жеткілікті 4)даму деңгейін бақылап отыруға мүмкіндіктер молаяды. 5)жаңа педагогикалық технологияларды ебін тауып қолдануға болады. 6)Әр оқушымен, қабілетті, үлгерімі төмен оқушымен жеке жұмыстар жүргізу мүмкіндігі; 7)Оқушы тұлға ретінде өзін көрсете алады. Біздер, мұғалімдер үшін әңгімелесу кәсібіміздің басты құралы болып саналғандықтан, оны пайдалану мүмкіндігі мол. Біріктірілген сыптарға мұғалімінің сабаққа дайындалу кезіндегі жеңілдіктері бар, мұғалім әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырма дайындайды, дәптерлерін тексеруге уақыт аз кетеді. Сонымен қатар оқушылардың сабақтағы белсенділігі артады, ал сабақта белсенділік танытатындардың есте сақтау қабілеті артады, білімді орнықты меңгереді, танымы кеңейеді, шығармашылығы артады. Қазіргі кезде кез келген ауыл мектебі компьютермен, т.б. техникалық құралдармен ішінара болса да жабдықталғын. Интернет жүйесі іске қосылған, басқа да ақпараттық құралдар, әдістемелік баспасөз құралдары: газет, журналдар, олармен байланыс бар. Дегенмен, ауылдың шағын жинақталған мектептерінде баланың толыққанды, жан-жақты дамуына әлі де кедергі болатын жағдайлар өте көп. Мәселен, оқушыларды қабілетіне қарай дамытатын ешқандай жағдай жоқ: мұғалім болса, кабинет жетіспейді, кабинет болса, тиісті құрал-жабдық жоқ, мектептің материалдық-техникалық базасы нығайтуды талап етеді. Немесе топтар құруға бала саны жетіспейді, сондықтан үйірмелердің бірен-сараны ғана жұмыс жасай алады. Бір сөзбен айтқанда ауыл мектебі оқушыларының оқуын одан әрі жалғастыруға қажетті кәсіптік бағдарланған білім алу қиынға түсуде. Осыған байланысты шағын жинақталған ауыл мектептерінде оқушы саны аз сыныптарды оқыту үрдісі туралы педагогика-психологиялық зерттеулер, ғылыми тұжырымдамалар қажеттігі туындап отыр. Сонымен қатар осындай сыныптарда жаңа педагогикалық технологияларды, өзге елдің оңтайлы озық тәжірибелерін қалай тиімді қолданып, білім деңгейін әлемдік стандартқа сай болуына қалай қол жеткізуге болады деген сауал қазіргі жағдайда шағын жинақталған ауыл мектептерін ғана емес бүкіл еліміздің білім беру жүйесінің басты да, маңызды мәселесі болмақ. Өйткені жалпы орта білім беретін мектептердің басты бөлігі ауылдарда орналасқан. Ал мектептегі білім беру сапасы әрине, мұғалімнің қолында. Шағын жинақталған мектепте сабақ беретін мұғалімдердің қолында нақты көмек бере алатындай бірде-бір әдістемелік құрал жоқ. Сондықтан мұғалім пәнді оқытудың күнтізбелік-тақырыптық жоспарынан бастап әр сабағын шағын жинақталған мектептің өзіндік ерекшеліктеріне бейімдеп мұқият жоспарлау керек деп ойлаймын. Әр түрлі жастағы екі түрлі сыныпты біріктіп оқытудың тиімді ерекшеліктері: 1. Сабаққа қатысып отырған екі сыныптың жоғарғысының өткен тақырыпты есіне түсіріп қайталап отыруына жағдай бар; 2. Сабаққа қатысып отырған екі сыныптың кішісінің алдағы өтілетін материалдан хабардар болып отыруы олардың танымын белсенділейді; 3. Оқушылар арасында өзара көмек, саналы ынтымақтастық, сабақтастық іске асады; 4. Сыныптар арасында еңбек нәтижесімен тікелей алмасу мүмкіндігі туады; 5. Екі сынып арасында туындайтын бәсекелестік есебінен оқушылардың сабақтағы белсенділігі артады; Біріктіріп оқытып жатқан сыныптарда оқушы саны аз болса да мемлекеттік стандартқа сәйкес оқу бағдарламасын орындап, оқытудың тиімді инновациялық технологияларын пайдалану шағын жинақталған метептің мұғалімінің құзырында. Мұғалім таңдаған оқытудың әдіс-тәсілдері алдымен оқушы үшін тиімді болуы керек, яғни осыдан жақсы нәтижеге қол жеткізіп жатса, неге сол тәсілдерді қолданбасқа? Сабақ өткізу нәтижесінде. 1)7-сынып оқушылары алдағы өтілетін тақырыптан хабардар болып қана қоймай, оны жедел түрде іске асыруда қосымша мағлұмат түрінде пайдалануды үйренеді; 2)6-сынып оқушылары өткенді пысықтайды 3)Бір сөзбен, сабақтастық мәселесі жүзеге асады. Кіріктірілген сабақтардың әр кезеңінің мәні бар, мәселен, 1)үй тапсырмасын тексерубір мезгілде екі сыныпта жүргізу тиімді; 2)өткен сабақты бір сынып бекіту кезінде екінші сыныпқа жаңа тақырып бойынша өз бетінше жұмыс жүргізу тапсырылады. Мұнда мұғалім оқушыға оқу материалын баяндаумен шектелмейді, педагогикалық басшылық жасай отырып, білімнің түрлі арналарына жетелейді және ақпараттармен жұмыс жасау, компьютермен, интерактивті тақтамен жұмыс істеуге мүмкіндігі болады.3) Бекіту кезеңінде түрлі тесттермен жұмыс жасау дағдысы дамытылады. Сонымен қатар мұндай біріккен сабақтарда 7-8 сынып оқушылары арасында өзара көмек, өзара тексеру жұмыстарын ұйымдастыруға болады. Дегенмен, сабақтардың ең тиімдісі оқушылар саны аз болсын, көп болсын әр сыныптағы сабақты жеке өткізгеннен тиімдісі жоқ дер едім. Шын мәніндегі оқу сапасына қол жеткізу үшін алдымен ұстаз уақытын, үкімет қаржыны, ал оқушы күш-жігерін, ынта-ықыласын аямауы керек деп ойлаймын. Директор жанындағы отырыста есеп беру үшін материалды дайындаған: Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Магизамов Т.С. | |
Просмотров: 1218 | |
Всего комментариев: 0 | |