Главная » Статьи » Казахский язык и литература

Диктанттар мен мазмұндамалар
5-сынып.


Диктант.
Қыз бен дария.
Жел әлі арғы беттен өтеді.Толқындар жағаға бұрынғыша шылп-шылп соғып жатты.Қыз бұрқырап аққан дарияның желді күнгі күйін тыңдады.Ол дария жағасында талай рет болған.Бірақ,дәл қазіргідей зер салып тыңдамапты.
Дария бұған белгісіз үнмен тіл қатып жатқандай.Оның,не деп жатқанын да түсінді.Көңіліне жақын беймаза үннен дарияның өзін сағынғанын,өзінің дарияны сағынғанын сезді.
Арғы беттен соққан жиде гүлінің иісі келді.Өзін рахат сезімге бөлеген жұпар ауаны Сарықыз құмарта жұтып,мейірі қанғанша иіскеді.«Ендігі бір келгенде Балабекті ерте келермін»,-деп ойлады ішінен.
Қыз тәтті қиял құшағында жатып,кенет әкесін ойлады.Әкесі есіне түскен сәтте қолындағы жыртылған суретке қарады.

6-сынып.
Диктант.
Біздің ауыл.
Біздің ауылды Қызыл-кесік деп атайды.Ауылды қақ жарып Боғас өзені өтеді.Арөар,елік лақтарын шұбыртып,өзеннен су ішуге келетін.Оны көріп,біз де мәз-мейрам болушы едік.Ал тау етегінде неше түрлі гүлдер өсетін. Әсіресе,
сасыр айрықша еді.Кәдімгі Африкада өсетін пальмага ұқсас.Қолшатыр сияқты басымызды,күн сәулесінен,жаңбырдан қорғайтын.Бірде жалаңаяқ жүріп,аяғыма тікен кіріп кетті.Түйетабанның тамырының ұзындығы 18метрге жетеді.Мөлшермен айтқанда,есік алдындағы құдықтың тереңдігінен 3 есе артық.Ал,мұндай тереңдікте тіпті шөлді алқапта да жер асты сулары бар.Сондықтан болар,түйетабан Түркімениядағы Қарақұмда да өседі.Кіп-кішкентай ауылдың осындай табиғат байлығы жыл өскен сайын жұтаңдап барады.Сол өкінішті.

7-сынып.
Диктант.
Балмұздақтың өмірбаяны.
Балмұздақты үлкеніміз де,кішіміз де жақсы көреміз.Біраө оның шығу тарихын біле бермейміз.
Жалпы,Еуропада балмұздақтың пайда болуын тарихшылар Марко Полоның есімімен байланыстырады.Белгілі жиһанкез Италияға алыстағы елдерден тағам жасау өнерінің көптеген құпияларын алып келген.Олардың ішінде қытайлықтардың тоқ басар тағамы-балмұздақтың жасалу әдісі де бар еді.Бірақ бұл тағамның жасалу жолы бірнеше жыл бойына құпия сақталып келген. Италия бекзадаларының,кейінірек Франция королінің сарайларында болатын сән-салтанатта ғана жұрт балмұздақтың дәмін тататын.Бірте-бірте оның жасалу құпиясы ашылып,бұл тәтті тағам Ресейге XVIII ғасырда келіп жетті. Содан бері,ол барша жұрттың сүйікті тағамына айналды.Қазір Қазақстанда балмұздақтың көптеген түрлері шығарылады.

8-сынып.
Мазмұндама.
Байлық пен ақыл.
Бір шалдың төрт ұлы болыпты.Бір күні шал ұлдарын жинап алып:
-Мен қартайдым.Біреуінің үй иесі болатын уақыттарың жетті.Кімнің ақылы мен байлығы сай болса,сол мұрагерім болады.Әрқайсың маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер,-депті.
Сонда үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп:
-Міне,менің байлығым.Ал кім бай болса,сол ақылды,-депті.
Екінші ұлы асыл киімдерін киіп,әдеміленіп келеді де:
-Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,-дейді.
Үшінші ұлы күміспен және тастармен әшекейленген белдігін буынады да:
-Мұндай белдікті ешкім ешқашан буынып көрген жоқ,-дейді.
Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да,кіші ұлына:
-Сен неге үндемейсің?Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?-дейді.Сонда кенжесі:
Менің асыл тасты жүзігім де,сәнді киімім де,қымбат тастармен әшекейленген белдігім де жоқ.Тек еңбек сүйгіш екі қолым,қайрат жігерге толы жүрегім ғана бар,-депті.
Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды.Ол өзінің мұрагері етіп кіші ұлын белгілепті.Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.

9-сынып.
Мазмұндама.
Ата.
Станция сайын пойыздың тоқтай беруі Бекенді әбден зеріктіріп жіберді. Сондықтан ол ұзақ жолдыңбүгінгі,соңғы күнін терезе алдында ұзақ отырумен өткізіп келеді.Ертеден бері сыртқа шыққан да жоқ.Күн қаққан көк барқыт тысты бөркін баса киіп,үнсіз отырды да қойды.Терезе алдынан экрандағыдай сырғып аққан жол бойының алуан қызық көріністері де қарт көңілін алғашқы күнгідей аулай алмады.Бекең ештеңеге де қызықпады.Өз ойымен өзі болды. Егер пойыз станцияда ұзағырақ кідірсе,қарт тынышсыздана бастайды.
-Бұл біздің жүруімізден тұруымыз көбейіп бара жатыр-ау,-дейді жанындағы жолаушы әйелге.Әйел езу тартады.
-Асықпаңыз, ата,балаларыңызды әлі-ақ көресіз,-деп бірауық қарт көңілін ауламақ болады.-Баламды төрт жылдан бері көрмедім дейсіз,ә?Әрине, сағынатын уақыт.
-Үшке толған немерем бар көрінеді,-деді Бекең бөгде әйелді одан әрі таңырқатқысы келгендей.
-Солай деңіз!-Таңдаған әйел таңдайын қағып,басын шайқай берді.Қартқа тесіле қарады да:-Түу,атай,ренжісеңіз айтайын,өзіңіз тас жүрек екенсіз ғой,-деп Бекеңді сөге бастады.-Төрт жыл бойы жалғыз баланы көрмей жүру деген..
Оның үстіне немереңіз бар.
Бекең бөгде әйелдің кінәлауына қарсы ештеңе деген жоқ,үнсіз мойындады. Өзін ақтап,әлдеқайдағы жолаушы әйелге сыр ашуды мақұл көрмеді.Оның үстіне баласын пәлендей,-деп дәл қазір айыптауы орынсыз сияқты еді.Жоғары оқуын орнын бітіргеннен кейінгі жерде баласының қарт үшін түсініксіз бір сыры болғанын бөгде әйел,сірә де түсінер ме?
Пойыз үлкен станцияға келіп тоқтады.Пойыз тоқтар-тоқтамастан есікке кептелген жолаушылардың Бекең ең соңын ала шыққан.Қалың шудан басы айналып,қайда барарын білмей,аңырап біраз тұрды.
Бөгде әйелдің көмегімен Бекең темір қоршаулы қақпадан өтіп,вокзалдың алдына шықты.Бекеңдердің машина тобына жақындағаны сол еді,дәл бүйірден бұрылып кеп саңқ ете қалған сұр машинаның ащы үні құлақты жарып жібере жаздады.Машина қатарласа келіп тоқтады.Ішінен әдемі киінген сымбатты жігіт шықты.Шляпасын көтере киген,кең иықты пальтосының астынан салған ақ жібек мойын орағышы бар екен.Бекеңдер жігіттің аққұба жүзін анық көрді.
-Баған,Баған!-деді Бекең дегбірсізденіп.Шытынған жігіт дауыс шыққан жаққа бұрылды.
-Баған!-деді тағы да бөгде әйелдің қолын босатқан Бекең.Қалтырай басып жігітке таяды.
-Ә,әке,келіп қалдыңыз ба?
Жігіт алдымен төңірегіне қаранып алда да,Бекеңе екі қолын ұсынды.Бірақ қол алысқанға көңілі көншімеген қарт күштеп иілтіп,маңдайынан сүйді.Онан соң әлдекімнен көрген зәбірін шағым еткендей,шалдарға тән жыласпен орамалын көзіне апарып кеңкілдеп алды.Бар айтқаны:
-Мен жалғыз қалдым ғой,-деді сыбырлап.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Granat (14.11.2014) | Автор: Рахимжанова Анар Ермековна E
Просмотров: 23557 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.1/60
Всего комментариев: 1
1 Мейрамбек  
Жаксы диктанттар, осындай материалдар көп болса екен

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]