Главная » Статьи » Казахский язык и литература |
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы. Салалас құрмалас сөйлем.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы. Салалас құрмалас сөйлем. Сабақтың мақсаты: Білімділік: өтілген материалдарын қайталау арқылы оқушылардың меңгерген білімдерін жүйелеу, бекіту, тақырыпқа байланысты өз ойларын айта білуге үйрету. Тапсырмалар орындау арқылы салалас құрмалас сөйлем туралы алған білімдерін еске түсіруге жағдай жасау; Дамытушылық: проблемалық жағдай туғыза келіп, оқушының ойлау, сөйлеу дағдыларын, танымдық қасиеттерін дамыту; Тәрбиелік: патриоттық сезімдерін оятып, тілге деген құрметке тәрбиелеу. Оқушылардың мақсаты: • Оқыған мәтіннің мазмұнын түсініп айту; • Сұраққа жауап бере білу; • Грамматикалық тапсырмаларды орындай білу; • Дәптерде сауатты жазу. Сабақтың түрі: білім тексеру сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: интерактивтік оқыту әдісі, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, сөйлемдер құрастыру, талдау жұмыстары, мәнерлеп оқу. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, түсіндірмелі сөздігі, электрондық оқулық. Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1) Оқушылармен сәлемдесу; 2) Кезекшімен сұхбат; 3) Психологиялық дайындық: осы сабақта өз сыныптасыма, мұғалімге, өзіме сәттілік тілеймін. 4) Мұғалім сөзі: - Балалар, қазір бізде қазақ тілі сабағы және бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. - Атамыз қазақ – ежелден өз қонақжайлығымен аңызға айналған халық. Сыйлы қонақ келсе, тіпті жалғыз атын да сойып береді екен. Бұдан біз халқымыздың жомарттығын байқаймыз. Халқымызда қонақ күту, қонақ шақыруға байланысты түрлі дәстүрлер, рәсімдер бар. Бұл халық мұрасы, сондықтан біз сендермен оны ұмытпай сақтап жүруге міндеттіміз. Ал қазір өз кезегімізде келген қонақтарға қонақжайлығымызды көрсетейік. Өз қонақжайлығымызды не арқылы көрсетуіміз керек? - Ұйымшылдық, тәртіп, ең бастысы – білім. ІІ. Үй жұмысын тексеру. 1) Отан туралы мақал-мәтелдерді дәптерлеріңе жазып, оларды жаттау. 2) Мақал-мәтелдерді жалғастыру, орыс тіліне аудару: а) Туға тағзым – (тарихқа тағзым). (Поклонение знамени – поклонение истории); ә) Туға құрмет – (елге құрмет). (Уважение к знамени – уважение к народу); б) Отансыз адам – (ормансыз бұлбұл). (Человек без Родины, что соловей без леса). ІІІ. Негізгі бөлім. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Эпиграф: Отан – жерім, Отан – суым, Отан – қуат, нәр береді. Отан – ұран, Отан – туым, Отан – мәңгі гүлденеді. (М.Хакімжанова) - Балалар, біз сендермен «Қазақстан Республикасы» модулін аяқтадық, сондықтан бүгін қайталау сабағы болады, Отан туралы талдаған материалымызды еске түсіріп, оң баға беру. Грамматикалық жағы: салаластан өткенді пысықтау. Зерттеушілік пен шығармашылықты ұштастыра отырып ойлау қабілетін, тіл байлығын молайту. Патриоттық сезімдерін оятып, тілге деген құрметке тәрбиелеу. - Сабағымыз мынадай кезеңдерден тұрады: 1. Кластер «Қазақстан»; 2. Ойшақыру; 3. Мәтінмен жұмыс; 4. «Жасырынды сан»; 5. Талдау жұмыстары; 6. Миға шабуыл; 7. Ізденушілік жұмыс. 8. 1. Алдымен «Қазақстан» сөзіне кластер толтырамыз, жазылған сөздерді байланыстырып әңгіме құрастыру. - Менің Отаным – Қазақстан. Туған жерім Қазақстан. Оның жері кең – байтақ. Қазақстанның табиғаты тамаша. 1991 жылы тәуелсіздік туын көтерді. Астанасы – Астана. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті. Қазақстанда 130-дай ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады. Мен Отанымен мақтан етемін. 2. «Ойшақыру». Электрондық оқулық арқылы жаңа сөздермен жұмыс жүргізу. Айту, жазу, аудару. Сөздік дәптерге түсіру. кең – обширный табиғат – природа дала – степь ерік – воля мөлдір – прозрачный көгілдір – голубой көл – озеро Қазақстан жері – казахская земля өте – очень сұлулық – красота өзен - река 3. Мәтінмен жұмыс. а) Іштей, шулатып, мәнерлеп мәтінді оқытқызу. ә) Мәтінен жай сөйлемді таңдап, сөйлем мүшесіне қарай талдау. Біз Қазақстанда тұратынымызды мақтан етеміз. (Жай сөйлем, хабарлы, жақты, толымды, жайылма). 4. «Жасырынды сан» тарихи сандар. 1989 1991 1992 1993 1995 1997 1998 2006 2011 2011 1989 – қазақ тілі мемлекеттік дәреже алған жылы. 1991 – Қазақстан өз тәуелсіздігін алды, бірінші президент сайланды. 1992 – ҚР-ның рәміздері қабылданды. 1993 – Ұлттық валюта – теңге айналымға түсті. 1995 – жаңа Конституция қабылданды. 1997 – Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы болып жарияланды. 1998 – Ақмолаға Астана ат берілді. 2006 – жаңа әнұран енгізілді. 2011 – «Азияда» ойындары өтті. 2011 – ҚР-сы тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлап өтті. 5. Талдау жұмыстары. Сызбаға қарап салалас құрмалас сөйлем құрастыру. 1. [ _ ‗ ], [ _ ‗ ]. Қазақстан Республикасы ұлан-байтақ жерді алып жатыр, ол ұлан-ғайыр кең өлке. (жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем). 2. [ _ ‗ ], себебі [ _ ‗ ]. «Отан» деген сөзді күнде естиміз, себебі Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері. ( себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем. 3. Перфокартамен жұмыс. Берілген сөздерді септеу. 4. Сөздерді сөз құрамына талдау. 6. Миға шабуыл. Оқушылардың өткен тақырыптары бойынша білімдерін тексеру мақсатында сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрақтар қойылады. 1. Отан дегеніміз не? - Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері. (Айгерім) 2. Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Құрамына қарай нешеге бөлінеді? - Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып күрделі ойды білдіретін сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады. Құрамына қарай үш түрлі болады: салалас, сабақтас, аралас. (Юля) 17-бет. 3. Қазақстан Республикасы кімдердің Отаны? - Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы. (Аяулым). 4. Адамның жақсы өмір сүруі неге байланысты? - Адамның жақсы, бақытты өмір сүруі көп жағдайда Отанға деген сүйіспеншілігіне байланысты. 5. Салалас құрмалас сөйлем деген не? Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар? Олар қандай? - Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқа түсіп құрмалас сөйлемнің түрі салалас құрмалас сөйлем. 5 түрі бар: ыңғайлас, қарсылықты, себеп-салдар, талғаулы, кезектес. 7. Ізденушілік жұмыс. Мақсаты: өткен тақырып бойынша білімдерін кеңейту, іздену жұмысын ұйымдастыру. Түсіндірме сөздігімен жұмыс. Астана, Егемен, Қазақстан - берілген сөздердің мағынасын анықтау. 8. Менерлеп оқу. Хутиева Милана Мұзафар Әлімбаевтың «Біздің Қазақстан» өлеңін жатқа мәнерлеп оқиды. Біздің Қазақстан Анамыздай тілеуі ақ Отан бізде біреу-ақ! Ол – біздің Қазақстан! Кенге толы қойнауы, Төлге толы жайлауы, Ол – біздің Қазақстан! Алтай – Жайық арасы – Жарты әлемдей даласы. Ол біздің Қазақстан! Жастан сүйіп аңсаған Тәтті күй мен кәусар ән. Ол - біздің Қазақстан! Анамыздай тілеуі ақ, Отан бізде біреу-ақ! Ол – біздің Қазақстан! ІҮ. Тест. Ү. Үйге тапсырма: «Мен үшін Отан - ...» тақырыбына шағын әңгіме жазып келу. | |
Просмотров: 2434 | Комментарии: 3 | |
Всего комментариев: 3 | |||
| |||