Главная » Статьи » Казахский язык и литература

ҚМЖ Қабысу
Қысқа мерзімді жоспар
Тақырыбы Қабысу
Мақсаты Қабысудың орын тәртібі жағынан іргелес тұру арқылы байланысатын сөз тіркесі болатынын меңгереді.
Қабыса байланысқан сөздердің арасына сөз енбейтіндігін және олардың орын тәртібін бұзуға да, өзгертіп алмастыруға болмайтынын ұғынады.
Күтілетін нәтиже Қабыса байланысқан сөз тіркесін сөйлем ішінен таба біледі. Басыңқы, бағыныңқы сыңарын талдай алады.Басыңқы сыңарының қандай сөз табынан болатынына қарай есімді, етістікті қабысу болатынын салыстыра түсінеді. Балалар бір-бірімен топтасып жұмыс істей отырып өздерін реттей алады.Топта қажетті іс-қимылға шешім қабылдап, өз пікірлерін білдіре алады.
Сабақтың барысы
Кезең/уақыты Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Кіріспе бөлім
8 минут

Тұсаукесер
5 мин

Негізгі бөлім
25мин

Қорытынды бөлім
7 минут
1.Психологиялық «Әткеншек» жаттығуы.М/ты: Қарым-қатынасты дамытуға арналады.
Рефлексия: Бұл жаттығу әрбір адамның өзінің мінезін, көңіл күйін, қабілетін, өзгерте білу арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.

2.Топқа бөліну: 4 жыл мезгіліне қарай. Ынтымақтастық атмосферасын құру

3.Жеке жұмыс: Үй жұмысын тест арқылы тексеру.
Бағалау. 9-10-«5»; 7-8-«4»; 5-6-«3»

4.Таныстырылым.Жаңа сабақ.Топпен жұмыс
Бағалау. Жұлдызша арқылы.



5. Дарынды және талантты балалармен жұмыс (бір оқушыға кеңейтілген тапсырма берілді);

6. Lesson Study-ді жоспарлау. Кейс-стади жүргізу үшін оқу үлгірім деңгейі әр түрлі анықталған 3 оқушыға арнайы тапсырма беру.

7.«Көктем» тобына:242-ж/ғу. Мәтіннен етістіктерді тауып, олардан қабыса байланысқан сөз тіркесін жасау.
«Жаз» тобына: 242-ж/ғу. Фоторобот. Мәтінде кімнің достығы туралы баяндалғанын суретпен көрсетіп айту.
«Қыс» тобына:243-ж/ғу. Әңгімеге ат қою.Есімді қабысуды бір бөлек, етістікті қабысуды бір бөлек көшіру.
«Күз» тобына:243-ж/ғу. Мәтінде айтылған ойды постерда баядап, суреттеу.

8. Миға шабуыл: Қабысу деген .....
Білемін Білгім келеді Білдім


9. «Ыстық орындық» Сыни сұрақтар қою
10.Кері байланыс
Топ мүшелері 1,2-ге бөлінеді. 1-ші топ ішкі, 2-ші топ сыртқы топ болып бөлініп, екі шеңбер
жасайды. Белгі бойынша ішкі топ сағат тілімен қозғалады, жетекшінің сигналы бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі топ пен сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе-кезек жетекші белгілі бір роль беру керек, олар тез арада сол рольді 1-2 минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы- сатып алушы; мұғалім – оқушы, дәрігер – қаралушы; полиция –шофер; әке – бала; анасы –қызы.
Көктем, жаз,күз, қыс тобына бөлінеді.

Тест жұмысы орындалған соң, жұмыстарын көршілері тексереді.
Қол шапалағы.

Слайдта, кітапта берілген жаңа сабақты өздері оқып, бір-біріне түсіндіреді.Жұмыстарын постерда көрсетіп, қорғайды. (тест, көрініс, мәтін, әңгіме түрінде көрсетеді.)

Жаңа сабаққа байланысты мұғалімнің түйінді сөзі.

Гүлбарамға:241-ж/ғу бойынша «Мәлік Ғабдуллинге хат»

(А-үлгірімі жақсы-Назеркеге Түскі астан кейін Кенжеғара Қарағанды-Айбұрат жолымен балаларды серуенге алып шықты. (синтаксистік талдау), В-үлгірімі орташа-Рахманға:Шаяхметтің өре қамшысы аттарға тимейді,анда-санда жоғарыда ысқырынып, сарт етіп қалады. (қабысуды табу) (,С-үлгірімі нашар- Биболатқа: әдемі..., кірпіш..., жазылған...(бас. сыңарын тауып, талдау)
Дұрыс жауап қол шапалағы арқылы бағаланады.

Бір-бірінің орындаған жұмыстарын қорғайды, тыңдайды. Әр топ басқа топтың жұмысын бағалау критерийі бойынша бағалайды. Бағалау көрсеткіші түсіндіріліп, бағаланады

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Бағалау.

Мұғалімнің жалпы қорытынды бағалауы.

Жуан, жіңішке сұрақтар беріледі.


Үй тапсырмасы: Барлық ережелерді қайталау. 244-ж/ғу.
Жиынтық бағалау Критериалды бағалау көрсеткішіне сай кестені тексеріп, кері байланыста берілген жауаптарды ескеріп, жиынтық баға қойылады.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: shattik70 (10.03.2018) | Автор: Даулетбекова Шаттық Мырзабековна E
Просмотров: 851 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]