Главная » Статьи » Казахский язык и литература

Біздің мектеп.
Орал қаласы № 9 ЖОББМ коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Рысқалиева Нұрсұлу


Сабақтың тақырыбы: Біздің мектеп.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырып бойынша өз ойын жеткіще білуге жаттықтыру және сұрақты дұрыс түсініп, жауап беруге баулу.

Дамытушылық: Көмекші есімдерді орынды қолдана білуге жаттықтыру, а және ә дыбыстарының айтылуы, жазылуы нормаларын пысықтау.

Тәрбиелік: Мектептің, білімнің өмірдегі, қоршаған ортадағы басты рөлін оқушының санасына берік орнату мақсатында тәрбиелік жұмсытар жүргізу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсатын барысын түсіндіру.
ІІІ. Сабақты бекіту.
ІV. Үйге тапсырма.
1. Аталған тақырып бойынша 1-тапсырмадағы сұрақтар арқылы өз сыныбы, мектебі туралы әңгіме.
2. Өткен жылығы Ж.Қалжанованың өлеңін қосымша берілген тапсырма бойынша оқушының қисынды ойлау қабілетін жетілдіру мақсатында 2-тапсырманы орындау.
3. Күн атауларын, уақыт өлшемдерін еске түсіруарқылы 3-тапсырманы айтылым әрекетінде орындату.
4. Көмекші етістіктерді еске түсіріп, 4-тапсырманы жазбаша орындау.
5. Дауысты а-ә дыбыстарын айтылуда және жазылуда айырту мақсатында екі дыбысқа берілген сөздермен өз бетінше 5-тапсырма бойынша жұмыс жасату, үлгі эталонын ұсыну.
Ү л г і э т а л о н ы
дәптер, әдемі, сәлем, кітап, әже, иәэ

6. «Иә, жоқ» сөздерін меңгерту мақсатында сұрақ-жауап жасау арқылы 6-тапсырманы орындату.
V. Сабақты бекіту.
VІ. Үйге тапсырма беру.
2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өзі, өз отасы туралы айта білуге машықтандыру. 2-сыныпта алған білімдерін жаңғыртып, сөйлесу әрекетіне жетелейтін тіл бірліктерін қолдану арқылы тілдесім әрекетіне баулу.

Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдысын және қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Білімге деген оқушының ынтасын ояту.

Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, дұрыс қарым-қатынас жасай білуге баулу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсатын барысын түсіндіру.
ІІІ. Сабақты бекіту.
ІV. Үйге тапсырма.
1. Сөздік жұмысын қайталап алып, 1-тапсырмадағы диалог арқылы айтылым әрекетін жандандыру. Тапсырманы жазбаша да жалғастыруға болады.
2. Оқушылардың тілдесім әрекетін жандандыру мақсатында 2-тапсырмадағы көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою арқылы жұмыс жасату.
3. Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін жандандыру үшін І және ІІ жақтарда аудармалық жұмыс жасату арқылы айтылым әрекетін шыңдау.
4. 4-тапсырмадағы сұрақ-жауап арқылы оқушыларды сұрақ қоя білу әрекетіне баулу. Әр оқушының өз атасы туралы айтып беруін талап ету.
5. Әдептілік сауаттылығын бекіту мақсатында 5-тапсырманы ауызша орындату. Тапсырманы жеке-жеке әр оқушыға қайталату.
6. Грамматикалық тапсырманы қайталау үшін 6-тапсырманы ауызша және жазбаша орындату. Ережені оқушылардың есіне салып, өздеріне айтқызу.

3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Менің киімдерім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 2-сыныпта оқушылардың алған білімдерін бекіту. Ойын арқылы оқушылардың дене мүшелерінің атауларын қайталатып, меңгерту. Ұ және ү әріптерін орынды қолдануды үйрету.

Тәрбиелік: Дене мүшелерін әрқашан таза ұстауларына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу. Тазалық тақырыбына тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізу.

Дамытушылық: Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту. Не істеді? деген сұраққа дұрыс жауап беруге баулу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың мақсатын барысын түсіндіру.
ІІІ. Сабақты бекіту.
ІV. Үйге тапсырма.
1. 1-тапсырмадағы мәтін бойынша айтылым әрекетіне жұмыс жасату. Тапсырманы барлық оқушыларға орындату.
2. ІІ жақта сөйлеп үйрету үшін өзінің досы туралы айтқызу. 2-тапсырманы жұптық түрде орындату.
3. 3-тапсырмадағы аударма мақсатында берілген сөйлемдер арқылы сұраққа жауап бере білу әрекетін жетілдіру үшін жұмыс жасату.
4. Оқушылардың оқылым әрекетін және қисынды ойлау қабілеттерін жандандыру үшін 4-тапсырманы орындату.
5. Жазылым әрекетін 5-тапсырма арқылы жалғастыру. Оқушылардың сөз тіркестерін дұрыс құрау қабілетін ұштау.
6. Оқушылардың тілдесім әрекетін жетілдіру мақсатында 6-тапсырмада берілген сөйлемдерді толықтыру. Үндестік заңын пысықтау.
7. 7-тапсырмадағы сөздерді ұ және ү әріптерін орынды қолдану арқылы сауаттылықты бекіту мақсатында орындату. Тапсырманы бірінші ауызша орындату, кейін жазбаша жұмыс арқылы бекіту.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ryskalieva43 (15.11.2018) | Автор: Рысқалиева Нұрсұлу Абуовна E
Просмотров: 715 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 ledy_grey  
wacko

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]