Главная » Статьи » Математика

Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Тақырыбы: Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың жай бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу жөнінде алған білімдерін тереңдету.
\Дамытушылық: ой-өрісін, логикалық білімдерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: нақтылыққа,тиянақтылыққа, іздемпездыққа, сенімділікке, бірсөзділікке, яғни тұрақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, плакаттар, түрлі-түсті, фишкалар,симантикалық карта.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Топен жұмыс.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру
3.«Қайталау білім анасы»
/ереже айту/
4.«Кім жылдам?»
5. Сергіту сәті/логикалық сұрақтар/
6.Топтастыру
7.Үйге тапсырма
8.Бағалау
9.Қортынды

1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, үш топқа бөліп отырғызу, назарын сабаққа аудару, сабақтың мақсат, міндеттерін түсіндіру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
№819
3.«Қайталау білім анасы». Ереже айту.
1)Жай бөлшектерді қалай көбейтеміз?
2)Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз?
3)Бөлімдері әр түрлі бөлшекті қалай азайтамыз?
4)Жай бөлшектерді қалай бөлеміз?
5)Аликвоттық бөлшек дегенміз не?

6)Аралас сандарды қалай азайтамыз?
7)Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай азайтамыз?
8)Өзара кері сан дегеніміз не?
9)Аралас сандарды қалай көбейтеміз?
10)Натурал санды бөлшекке қалай көбейтеміз?
4.“Кім жылдам?”
«Бәйтерек» тобы
1. 5/12+1/12=1/2 4. 17/25-12/25=1/5

2. 3/10+1/8=17/40 5. 9/10-4/15=19/30

3. 4 5/6+23/8=75/24 6. 8-3/7=74/7
«Жұлдыздар» тобы
1. 5/11+6/11=1 4. 9/14-5/14=2/7

2. 7/12+4/15=51/60 5. 5/9-13/27=2/27

3. 5 1/3+11/3=62/3 6. 6-7/15=58/15
«Күншуақ» тобы
1. 1/12+7/12=2/3 4.17/32-15/32=2/16

2. 2/3+2/15=4/5 5. 3/8-5/24=1/6

3. 3 1/3+15/6=51/3 6. 9-4/7=83/7
5. Логикалық есептер
Бөлмеде 2 ит, 3 қүс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады.
Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірден алды.Сонда бір асық дорбада қалады,бұл қалай болғаны.
6.Топтастыру.
Бұл тапсырмада оқушыларға тақырыптар беріледі сол бойынша тақырыптарын қорғау керек.
1-топқа.Жай бөлшектер
2-топқа.Жай бөлшектерді көбейту және бөлу
3-топқа. Жай бөлшектерді қосу және азайту
7.Үйге тапсырма №828,№829
8.Бағалау
9.Қортынды
Категория: Математика | Добавил: KARLYGASH (31.01.2015) | Автор: ДЖуманазарова Қарылғаш Бекмурзаевна E
Просмотров: 1826 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]