Главная » Статьи » Математика

«Берілген санның процентін табу»
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі
Нурмаганбетова Орынгул Дуйсеновна
математика пәнінің мұғалімі
Апта Күні Сабақ
Сабақтың тақырыбы «Берілген санның процентін табу» 5 сынып
Жалпы мақсаты Берілген санның процентін табуға дағдыландыру. Процентті пайдаланып шама өнімінің мәнінің өсімін анықтауға ,күнделікті өмірде сандардың процентін таба білуге қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер Бірлескен топтық жұмыс,СТО,АКТ, диалогтық оқыту, ойлан, жұптас, талқыла, рефлексия
7 модульдің ықпалдастырылуы 1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер 2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету 3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау 4.Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану 5.Талантты және дарынды балаларды оқыту 6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу 7.Оқытуды басқару және көшбасшылық
Күтілетін нәтиже Оқушылар берілген сандардың процентін таба біледі, процентті бөлшекпен, бөлшекті процентпен жаза біледі, есептердің шешілу барысын талдап, қорытынды жасайды.
Керекті жабдықтар Интерактивті тақта,оқулық, картон қағаз, ,сызғыш.,стикер, маркер
Сабақ барысы:
Кіріспе
Тұсаукесер Мұғалім әрекеті
Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу, түгендеу, 4 топқа бөлу.
Үй тапсырмасы: Тірек білімді еске түсіру:
1. Бір процент деп нені атайды?
2. Берілген санның 1%-і қалай табылады?
3. Процент бөлшекпен қалай жазылады?
4. Бөлшек процентпен қалай жазылады? Мысал келтіріңдер.
Өткен сабақпен байланыстыра отырып шолу жасап өтемін.
Жаңа сабақтың мақсатын түсіндіремін. Мақсаттан критерий шығады.
Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу, түгендеу, 4 топқа бөлу.
Үй тапсырмасы: Тірек білімді еске түсіру:
1. Бір процент деп нені атайды?
2. Берілген санның 1%-і қалай табылады?
3. Процент бөлшекпен қалай жазылады?
4. Бөлшек процентпен қалай жазылады? Мысал келтіріңдер.
Өткен сабақпен байланыстыра отырып шолу жасап өтемін.
Жаңа сабақтың мақсатын түсіндіремін. Мақсаттан критерий шығады.
Оқушы әрекеті
Оқушылар жоқ оқушыларды атайды,санамақ бойынша топқа бөлінеді.
Оқушылар өткен тақырыпты естеріне түсіреді.
Сабақтың мақсатын түсінеді.
Сабақ критерилері:
1.Өз бетімен сабақты түсінеді
2. Сұрақтарға математикалық тілмен жауап беруі
3.Математикалық сауаттылығы
4.Берілген сандардың процентін таба білуі
Ой шақыру
Мағынаны ажырату
Қолдану
Қорытынды
Бағалау
Рефлексия
Ойлан, жұптас, талқыла әдісі бойынша мәтін топқа беріледі. Оқушы өзінің алғашқы білетіндеріне оралып,осы түсінік пен сөзге қатысты білетіндерін таңдап алуға мүмкіндік береді.Өзінің тізімін жұбымен бөліскенде, көбірек сөздер мен идеялар алуға көмектеседі, сонан соң топта талқылап,тізімді нақтылап, мәнсіз дегені алып тасталады, кейбіреуі қосылады.
Бірін-бірі оқыту әдісі арқылы мәтінді «үйрете отырып,үйренемін» қағидасын жүзеге асырады.№1286, 1287,1296
Жеке оқушылармен жұмыс:
Карточкамен жұмыс:№1265 есеп сияқты аласың
Логикалық тапсырма:
1.Дүкендегі көкөністің 70%-і 560 кг болса,оның 1%-і неше килограмм?
2.Дүкендегі көкөністің 100% екені белгілі ,онда дүкендегі барлық көкөніс неше килограмм?
Жаңа сабаққа байланысты бекіту сұрақтарын қойып бекітемін.
Критерилер бойынша бағалау
«Баспалдақ» толтырады. Оқушылар өзін-өзі бағалайды. 1.Берілген санның процентін таба аламын «3»-баға
2.Есептер шығаруда қолдана аламын. «4»-баға
3. Күнделікті өмірмен байланыстыра аламын . «5»-баға
Плакатта бағалар жасырулы тұрады. Оқушылар осы критериийлердің қайсысын білемін десе соған стикерлерін жапсырады,сонда олар өзін-өзі формативті бағалайды.
Әр оқушы 3мин. ойланады. Бір-бірімен жазғандарымен бөліседі,топ ортақ тізім жасайды,әр топ ортақ тізімге бір-бір сөзден қосып оқиды.
Оқушылар тапсырмаларға жауап беруге дайындалады.
Оқушылар тыңдайды, жаңа сабақты дәптерлеріне жазады
Әр топ тапсырма бойынша жұмыстанады
Балалар сұраққа жауап береді
Балалар стикер жапсырады
Категория: Математика | Добавил: nurmaganbetovaoryngul (21.02.2015) | Автор: Нурмаганбетова Орынгул Дуйсеновна E
Просмотров: 2203 | Теги: Орынгул | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]