Главная » Статьи » Математика |
«Бұрыштардың түрлері.Үшбұрышты сызғыш»
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі Конарбаева Дамира Керимкулова математика пәнінің мұғалімі Апта Күні Сабақ Сабақтың тақырыбы «Бұрыштардың түрлері.Үшбұрышты сызғыш» Жалпы мақсаты Бұрыштардың түрлерін анықтауға, бір-бірінен ажыратуға дағдыландыру. Үшбұрышты сызғышты пайдаланып, тікбұрышты салуға дағдыландыру Әдіс-тәсілдер Бірлескен топтық жұмыс,СТО,АКТ,,диалогтық оқыту,ойлан, жұптас, талқыла, рефлексия 7 модульдің ықпалдастырылуы 1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер 2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету 3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау 4.Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану 5.Талантты және дарынды балаларды оқыту 6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу 7.Оқытуды басқару және көшбасшылық Күтілетін нәтиже Бұрыштың түрлерін біледі, бір-бірінен ажырата біледі,есептердің шешілу барысын талдап, қорытынды жасайды. Керекті жабдықтар Интерактивті тақта,оқулық, картон қағаз, транспортир,сызғыш.,стикер, маркер Сабақ барысы: Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Кіріспе Тұсаукесер Ой шақыру Мағынаны ажырату Қолдану Қорытынды Бағалау Рефлексия Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу, түгендеу, 4 топқа бөлу. Үй тапсырмасы: Тірек білімді еске түсіру: 1. Бұрыш.Әдісі :Ассоциация 2. Бұрыштың өлшем бірлігі ретінде қандай шама алынады? 3. Бұрышты қандай құралмен өлшейді? 4. Тең бұрыштар дегеніміз не? Өткен сабақпен байланыстыра отырып шолу жасап өтемін. Жаңа сабақтың мақсатын түсіндіремін. Мақсаттан критерий шығады. Ойлан, жұптас, талқыла әдісі бойынша мәтін топқа беріледі. Оқушы өзінің алғашқы білетіндеріне оралып,осы түсінік пен сөзге қатысты білетіндерін таңдап алуға мүмкіндік береді.Өзінің тізімін жұбымен бөліскенде, көбірек сөздер мен идеялар алуға көмектеседі, сонан соң топта талқылап,тізімді нақтылап, мәнсіз дегені алып тасталады, кейбіреуі қосылады. Бірін-бірі оқыту әдісі арқылы мәтінді «үйрете отырып,үйренемін» қағидасын жүзеге асырады. №371,378 Жеке оқушылармен жұмыс: Түрлерін ажырату:62,113,120,55,80,152,71,13,180,69,91,160,90. Логикалық тапсырма: 1.Тік бұрыштың жартысы неге тең? 2.Жазыңқы бұрыштың ширегі неге тең? 3.Жазыңқы бұрыштың жартысы неге тең? Жаңа сабаққа байланысты бекіту сұрақтарын қойып бекітемін. Критерилер бойынша бағалау БББ кестесін таратып беремін. Бүгін сабақта білдім (нені ) Бүгін мен сабақта үйрендім ( неге) Бүгін мен үшін күтпеген нәрсе болды (не ) Оқушылар жоқ оқушыларды атайды,санамақ бойынша топқа бөлінеді. Оқушылар өткен тақырыпты естеріне түсіреді. Сабақтың мақсатын түсінеді. Сабақ критерилері: 1.Өз бетімен сабақты түсінеді 2. Сұрақтарға математикалық тілмен жауап беруі 3.Математикалық сауаттылығы 4.Бұрыштың түрлерін білуі, бір-бірінен ажырата білуі. Әр оқушы3мин. ойланады. Бір-бірімен жазғандарымен бөліседі,топ ортақ тізім жасайды,әр топ ортақ тізімге бір-бір сөзден қосып,оқиды. Оқушылар тапсырмаларға жауап беруге дайындалады Оқушылар тыңдайды, жаңа сабақты дәптерлеріне жазады Әр топ тапсырма бойынша жұмыстанады Балалар сұраққа жауап береді Балалар кестені толтырады | |
Просмотров: 1734 | | |
Всего комментариев: 0 | |