Главная » Статьи » Математика |
Шеңбер және дөңгелек
Нурмаганбетова Салиха Дуйсеновна математика пәнінің мұғалімі Сабақтың тақырыбы Шеңбер және дөңгелек. Жалпы мақсаты Шеңбер және дөңгелекке түсінік беру,шеңберді дөңгелектен ажыратуға үйрету Күнделікті өмірмен байланыстыру.Диаматр мен радиустың қатынасын есептер шығаруда ұтымды қолдануға үйрету Күтілетін нәтижелер Өз бетінше жұмыс істеуге бейімделеді,шеңбер мен дөңгелекті ажырата біледі,есептер шығаруда циркульді қолдана біледі,радиус пен диаматрін таба біледі Сабақ түрі Аралас Тапсырмалар *Бірлескен топтық жұмыс рефлексия *БББ *СТО *Венн диаграммасы Керекті жабдықтар Интерактивті тақта,оқулық, картон қағаз, циркуль,сызғыш.,постер Сабақ барысы: Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Кіріспе Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу, түгендеу, 4 топқа бөлу. Үй тапсырмасы: Тірек білімді еске түсіру: 1. Қандай фигура шеңбер деп аталады? 2. Қандай кесінді шеңбердің радиусы деп аталады? 3. Дөңгелек деген не? 4. Шеңбердің доғасы деп нені атайды? Оқушылар жоқ оқушыларды атайды,санамақ бойынша топқа бөлінеді. Оқушылар өткен тақырыпты естеріне түсіреді. Оқушылар тапсырмаларға жауап беруге дайындалады Оқушылар тыңдайды, жаңа сабақты дәптерлеріне жазады. Тұсаукесер Миға шабуыл: Өткен сабақпен байланыстыра отырып шолу жасап өтемін. Қызығушылықты ояту: 1. Ой шақыру Аталған сөздерді пішініне қарай топтастырып жазыңдар:алма, сақина, үй, кітап, доп, дәптер, шар, тақта, апельсин, тиын. Балаларға оқыту,неге олай топтастырдыңдар? Сақина мен монетаның ұқсастығы неде?Аиырмашылығы неде? Оқушылар тыңдайды. Оқушылар еске түсіреді, талдайды. Негізгі бөлім Сергіту сәті Ой толғаныс Бекіту Мағынаны ажырату: Оқулықпен жұмыс:№374,378,390 Тез есепте: Радиусы бойынша диаметрді тап: R=15 см R=42см D=17 см D=102 см D=? D=? R=? R=? Әр бала әр түрлі радиуспен шеңбер сызып,оның радиусын және диаметрін есептейді Рефлексия . Не үйрендім? Мен үшін не қиын болды? Мен үшін қызықты Бағалау: Топ басшысы бағалау өлшемдері бойынша бір-бірін бағалайды: 1.Қайталау сұрақтарына жауап беру 2.Шеңбер ман дөңгелекті бір-бірінен ажырата алады 3.Шеңбер мен дөңгелекті сала алады 4.Шеңбер мекн дөңгелектің анықтамасын біледі ВЕНН диаграммасы арқылы шеңбер, дөңгелекті сипаттаймыз Әр топ берілген тапсырмасы бойынша жұмыстанады. Сұрақтар бойынша ойланады, жауап береді, бірінің ойын екіншісі толықтырады. | |
Просмотров: 1723 | | |
Всего комментариев: 0 | |