Главная » Статьи » Математика

Математикалық сайыс
Тақырыбы: Математикалық сайыс

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К.Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М.В.Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)
4. «Адамның ұлылығы – оның ойлай білу қабілетінде»
Блез Паскаль

Мақсаты: Білімдерін жүйлеу және жалпылау қабілетерін дамыту арқылы, өтілген материалдың өмірмен байланысын ашу. Оқушылардың интеллекттерін, эмоцияларын, еріктерін қолдана білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Тапқыр болсаң, озып көр» сайысына қош келдіңіздер.
Бүгінгі ойын жұптық сайыс түрінде өтеді. Ортаға ойынға қатысушы жұптарды шақырамыз шақырамыз.

Жүргізуші: Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы,
Математика ғылымы жайында
«Жер мен Көк» сайысын
Бастаймыз!
Әділдікті орнатар - әділ қазы. Ендеше, бүгінгі кештегі сайыстардың әділ шешімін айтатын әділ қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер
1.
2.
3.
4.
Жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз
Арасында ойын ойнап жарысамыз
Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар
Шешімін табатұғын дарындылар.

1 кезең. Таныстыру:
“Болашақ” дарындылар тобы:
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
“Асыл тас” білгірлер тобы
Ұраны:
Асыл тастан шығады ұранымыз
Мектептің көкке шырқар қыранымыз.
«Парасат» ақылдылар тобы
Ұраны:
Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
«Ақ сұңқар» озық ойлылар тобы
Ұраны:
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
«Жігер» мықтылар тобы
Ұраны:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

І. Интерактивті сайыс
Көңілді сұрақтар 10 20 30 40 50
Мыңнан тұлпар 10 20 30 40 50
Ойлан тап 10 20 30 40
Құпиялар 10 20 30

Көңілді сұрақтар
10. Бір жанұяда екі әкесі, екі баласы бар. Барлығы нешеу? (үшеу: атасы, әкесі, баласы)
20. Бір жанұяда 5 ұл бар, олардың әрқайсысының қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? (алты)
30. Үстел мен креслоның арақашықтығы – 3 метр. Егер үстелді де, креслоны да 2м оңға жылжытса, олардың арақашықтығы неше метр болады? (3 метр)
40. Тәулік қай кезде қысқарақ, қыста ма әлде жазда ма? (бірдей)
50. Егер 6 тонна алманы 3 кг-дық пакеттерге орау керек болса, қанша пакет қажет? (2000)
Мыңнан тұлпар
10. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
20. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
30. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
40. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
50. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

Құпиялы Икс
Математикалық амалдарды орындап, сөздерді оқы:
10. БОС+ТӨЛ-ОС+ШИ-ТИ+ЕК=БӨЛШЕК
20. ПАР+ИФС-ПС+МЕТЛО-ЛО+ИКРА-Р=АРИФМЕТИКА
30. САҚ-АҚ+ЫНТА-ТА+ЫРЫМ-РЫМ+П=СЫНЫП
40. ИКС-И+ІСТЕ-СС+АР-ЕР+П=КІТАП

Ойлан тап
10. Соңғы рамкада қандай құпия сан жасырынған?

20. Сиқырлы квадрат - горизонтал, вертикал және диагонал қатарлардың қосындысы тең. Бірде-бір сан қайталанбауы керек. Бос торкөздерді толтыр:

30. Фигураның ауданын тап (88 см.кв)

ІІ. Дарындылар мен білімділер арасы...
1. Тізбектес үш санның қосындысы 10-ға тең болатындай неше топ құруға болады?
5 3 2 4 2 6 7 2 1 3 5 4 8 1 1 7 2
2. 3 және 5-ке қатарынан неше сан бөлінеді?
33 35 60 40 15 50 20 25 90
ІІІ. Математикалық терминдер сайысы.
Жүргізуші: Ал халайық, мұнда біраз қараңдар,
Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар
Алфавиттен беріледі бір әріп,
Математикалық терминдерді құраңдар.
«А» әрпінен келетін математикалық терминдерді командалар жазу керек.
Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары дұрыс шықты
Математиканың бүгінгі сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
ІV. «Көрермендермен ойын».
• Елеуішпен су әкелуге бола ма? /қар мен мұз күйінде/
• Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? /уақыт/
• Қандай ыдысқа су құйылмайды? /су толы ыдысқа/
• Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ, ішінде не қалады? /ауа/
• Екі ондықты үш ондыққа көбейтсек ... ондық шығады. (алпыс ондық)
• Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар ?
• Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
Жүргізуші: Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып, әділ сына
Еңбегін жас математиктердің әділ сына, - демекші, ендігі сөз әділ-қазы алқасына беріледі.
Қорытындылау, әділқазылар алқасына сөз беріп, жеңімпаздарды анықтау.
Жүргізуші: Бүгінгі сайыс талай шабыт шыңдады,
Бұның қызығын талай адам тыңдады.
Тәрбиелі тәлімі мол, әсерлі
Болса егер көңіл жақын таңдады.
Көңіл бөліп бұл сайысқа,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрермен баршаңызға
Мың алғыс, мың рахмет!

“Болашақ” дарындылар тобы:
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді.

“Эврика” тапқырлар тобы:
Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.

“Асыл тас” білгірлер тобы
Ұраны:
Асыл тастан шығады ұранымыз
Мектептің көкке шырқар қыранымыз.

«Жігер» мықтылар тобы
Ұраны:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

«Парасат» ақылдылар тобы
Ұраны:
Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

«Ақ сұңқар» озық ойлылар тобы
Ұраны:
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
Категория: Математика | Добавил: gulsum121279 (26.02.2015) | Автор: Бакирова Гульсум Газизовна E
Просмотров: 3351 | Комментарии: 1 | Теги: Комплекс детский сад-школа №9, п.Южный, Абайский район | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Galiyazhanibekova  
Сайыс сабағыңыз өте жақсы екен. Рахмет.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]