Главная » Статьи » Математика |
Ақпараттық технологияны математика сабағында қолдану тиімділігі.
Жанибекова Ғ.С. №62 ЖБОМ КММ Математика пән мұғалімі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Біз тәрбиелеп отырған ұрпақ дүниенің кез келген жерінде білім алуға, қызмет атқаруға қабілетті, ғылым мен техниканың кез келген саласын меңгере отырып, тіл меңгеру қабілеті жоғары, бәсекелестікке қабілетті болуға тиіс. Осы мақсаттағы білім жүйесінің соңғы жетістіктерінің бірі кез келген сабақты ақпараттық технологияны пайдаланып оқу болса, интерактивті құралды емін еркін пайдалануды тек мұғалім емес оқушыныңда білгені абзал. Қазіргі таңда мектептегі өтіліп жатқан сабақтар соның айғағы. Ұстаздың сабақ оқыту процесіндегі басты мақсаты - оқушыларға терең де тиянақты білім беру, оқушы жадында ұзақ сақталатындай өтуі тиіс. Ол үшін сабақта жаңа технология элементтерін қолданумен қатар 45 минут уақытты тиімді пайдалана білу қажет. Мұғалім – қазіргі мектепте шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан болуы керек. Жаңа технологиялар – ұстаздың мүмкіндігін күшейтетін құрал. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолдануы керек. Осы айтқандарымды қорытындылай отырып, өзімнің сабағымнан үзінді ұсынып отырмын. Сабақтың тақырыбы. Рациональ сандарды азайту және қосу. Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша оқушылар білімін қорытындылау және жүйелеу. Көрнекілігі: • Әр топқа әзірленген каточкалар; • Бағалау парағы; Техникалық құралдар: интерактивті тақта, презентация, флипчарт. Сабақ жүрісі: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Интерактивті тақтада оқушылар көңілін сабаққа аулау үшін 1 минуттық тақпақ не ұлағатты сөзді аудиожазу арқылы өткізуге болады. 2. Үй тапсырмасын тексеру. Презентацияда үй тапсырмасының шешуін көрсетіп, оқушылар дәптерлерін сағат тілінің бағытымен ауыстырып, бір – бірін тексереді. 3. Ары қарай сабақ 6 этаптан тұрады. 1- этап. «Тауып көр». Оқушылар тапсырмадағы сұрақ орнына тиісті санды табулары керек. Мысал1 -слайд 2-этап. «Ұстаз және оқушы» ойыны. Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Бір оқушы ұстаз болса, екінші оқушы оқушының ролінде ойын түрінде сұрақ жауап алып жұмыс жасайды. Осы этапта флипчарт пайдаланылады. Флипчартта сұрақ және тығылып тұрған жауап алынады. Сабақта пайдалану өте тиімді. 3-этап. Топпен жұмыс. Сөз есемтер шығару. Оқушыларға интерактивті тақта көмегімен презентацияда сөз есептер түрі беріледі. Оқушылар топта талдап, бір оқушы интерактивті тақтаға есепті құралдарды пайдалану арқылы шешімін жазса, қалған оқушылар тақтада есепті талдайды. Осы этаптан кейін видиороликтін көмегімен сергіту сәті өткізіледі. 4-этап. Тапқыштыққа есеп. Оқушылар тапқыштығын тексеру мақсатында слайдта сөз есеп беріледі. Ол есеп слайдта анимация түрінде жыпылықтау нүктелері арқылы болады. Оқушылар жауапты тапқанда жыпылықтау шамы сөнеді. 5-этап. «Сөзді тап» ойын түрінде белгісіз сөзді табуы керек. Топпен жұмыс біткенде спикер сөз туралы алдын ала әзірленген презентацияда таныстырады. Мысал2-слайд 6-этап. Тест. Қорытындылау. Интерактивті тест немесе «Школьный помощник» сайтында өткізіледі, әрі қорытынды бірден көрініп тұрады. Бағаланып, үй тапсырмасы беріледі және рефлексия. Мысал3-слайд Қорытындылай келе, ақпараттық техниканы қолдану мұғалімге не береді?- деген сұрақ туындайды. Мұғалім: • Оқушының білімін қысқа уақытта бағалай алады; • Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады; • Жоғары сынып оқушыларының танымдық-белсенділігін қалыптастыру көрсеткіштерімен өлшемдерін , деңгейлерін жалпы білім беретін орта мектептерде оқу үрдісін жетілдіруді ұйымдастыруда қолдану тиімді болады; • Оқу үрдісінде оқушылардың танымдық-белсенділігін қалыптастыру жеке тұлғаның өзіндік ақыл-ой дербестігін, шығармашылық әлеуетін көтереді. • Оқушылардың танымдық-белсенділігін қалыптастыратын педагогикалық шарттар жиынтығы мен тиімді әдіс-тәсілдерді, оқытудың түрлі формаларын қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеріп, танымдық ой- өрісін арттыруға болатынын жұмыстарының қорытындыларынан көруге болады. Әдебиеттер: 1. Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. Педагогика – Алматы, 2004. 2. Қойшыбаева А. Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастыру. /Қазақ тілі мен әдебиеті, №7. Б. 59-61. 3. Рамазанқызы Ә. Оқушылардың белсенділін арттырудың тиімді жолдары/ Қазақ тілі мен әдебиеті, № 3, 49-52 б. 4. Талызина Н.Ф. Формирование познавательной деятельности учащихся. - М.: Знание, 1983 | |
Просмотров: 1572 | |
Всего комментариев: 0 | |